І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасының көркемдік жетістіктерін саралаңыз.
«Құлагер» поэмасы - ақын шығармашылығының биік шыңы, өлең-өнердің үздік үлгісі. Поэманың ерекшелігі құрылымы мен көркемдігінен өзге ел суреттері, өткен өмір оқиғалары мен жеке адамның тағдырын кең де тартымды көрсетуінен байқалады.
Поэмада шығармаға тартымдылық дарытып, барлық тараулардың басынбіріктіріп, тұтастырып тұрған Ақан бейнесі. Поэманың бас тұсында I.Жансүгіров Ақанды «қара шал қайынды отыр көлеңкелеп, бір қу бас шал үстінде ілулі тұр» деп жұмбақтау күйінде таныстырады да, осы сырдың шешуіне бірте-бірте барады.
Ақан - асқан әншілігінің үстіне ерегіссе қырғи тілмен қиып түсетін өткір шешен. Бұл оның асқақ өктемдеп келген Батырашпен арасындағы ерегіс сөздерінен көрінеді. Көкшетау жерінде әннің туын тіккен, тамылжыған сұлу саздардың небір асылын шығарған Ақанның күштілермен айқасатын үлкен қаруы алмастай қиғыр ақындық айтқыштығы еді. Сағынайдың асына жиналғанжұртты әсем әнімен риза еткен, көптің алғысын алған Ақан жан серігіндей жүйрік аты Құлагер қас дұшпанның қолынан мерт болғанда түпсіз қайғыға түседі, тіршіліктегі ең соңғы қызығынан айрылғандай болады. Оның өлген Құлагердің басында жылап отырып шығарған әні талайлардың сай сүйегін сырқыратты, тыюсыз кеткен мейірімсіз Батыраш секілді дала бұзықтарының зорлығын мәңгілікке әшкерелеп кетті.
Поэмада ән мен әншілікке орын берілген . Ақанды алдын-ала сипаттағанда да, Көкшетау көріністерін мадақ еткенде де, ас кезіндегі думанды отырыстарды суреттегенде де, шығарманың аяқталар тұсында да бұл тақырып аса әсерлі ашылып, үзілмей жалғасып отырады. Ақан мен ән бірін-бірі толықтыратын бейнелер болып тұтасып кетеді.
«Толғану»атты алғашқы тарауда, ақынның әлеуметтік-қоғамдық көзқарасы, елі-жері жөніндегі ой-иірімдері, неше алуан сөз асылы - халық қазыналары жүрек төрінен тебіреніспен баяндалады.
«Толғануда» әлеңнің өзені, шат елдің шешені болған ақын «Туған жер» атты тарауда елін сүйіп, ертеңіне елеңдеген көңіл-күйін көркем оймен кестелейді.
Поэмада шығармаға тартымдылық дарытып, барлық тараулардың басын біріктіріп, тұтастырып тұрған Ақан бейнесі. Поэманың бас тұсында I. Жансүгіров Ақанды «қара шал қайынды отыр көлеңкелеп, бір қу бас шал үстінде ілулі тұр» деп жұмбақтау күйінде таныстырады да, осы сырдың шешуіне бірте-бірте барады.
«Ас» бөлімінде халқымыздың ескі дәстүрі бойынша дүниеден өткен аруақты еске алу жәйі баяндалады. Сайын даланы, Ереймендіні мекен еткен Керей Сағынайдың асы беріледі. Ақын 94 жас жасаған Сағынайдың арғы-бергі жәйің білмесе де, «малы мол, малайы көп» байлардың бірі болғанын кемел ой, көркем сөз жүйелерімен келісті жырлайды. Қазақ даласы, дәстүрі мен тұрмысына қанық ақын бұл бөлімде әлеуметтік-қоғамдық жәйлармен бірге елсуреттерін, этнографиялық көріністерді реалистік үлгіде береді.
Ақан сері мен Батыраш бұрыннан бірін-бірі білетін адамдар ретінде суреттеледі. Өр көңіл, жуан кеуде, аусар Батыраш сұлу әйел, жүйрік ат, бақ-дәулет өзімде ғана болсын деп үйренген ішмерез. Арқаға даңқы шыққан Құлагерге қызығып, Ақанға кісі арқылы сөз салып, құда, тамыр, көңілдес болам деп, алтын жамбы, жесір әйел, үйірлі жылқыға жүйрігін берсін деп сәлем жолдайды. Бұл сұрауға илікпеген Ақанға кек сақтап, ішіне қаны қатқан Батыраш ерегіспен баптаған, сұлы жегізіп, сүт беріп, мәпелеп, белдеуге байлаған жүйрік – Көктұйғын.
Асқа келген соң ерегіс тіпті күшейеді. Атты жақсы танитын Батырашқа Көктұйғынның ажалы Құлагер болып көрінеді, жүйрігінің алдына басқа жылқы түсіп кететінін сезгенде, оның ішінде қызғаныш оты лаулап, өкпе-бауыры өртеніп, шегі үзілгендей болып, ұйқы көрмей алас ұрады. Атанамысы қысып, бойын арам ой билеп, кек қайнап, ыза кернеп, жауығып, іштей түйіліп, қастандық қадама бекінеді.
Ақан мен Батыраштың бетпе-бет кездесу сәті екеуінің от шарпыған, қылыштай өткір диалогтары арқылы беріледі. Бұларды ерегістіріп, бір-біріне айдап салған, біресе Құлагерді, біресе Көктұйғынды мақтап,жамандап, қилы сөз айтқан әлдекімдер тобыр мінезін танытады.
Қаншама аттың ішінде қазақ қиялындағы ең жақсы ат боп суреттелетін Құлагер белгілі ат сыншысы Күреңбайдың көзімен беріледі. Екінің бірі, көлденең көк аттытұлпар сырын қайдан білсін, Құлагердің салпы ерін, сала сүйек, салбыр тірсек,қату бас, қаншыр мойын, ит өндіршек, бөлшек-бөлшек кедір-бұдыр көк еті, олақөлшеп алғандай ойқы-шойқы бітімі әлдекімдерге өрескел көрінеді, мақтағанжануарларын осы ма деп Ақанды күлкі қылады. Құлагердің алдынан аң құтылмас, артынан жылқы жетпес өрен жүйріктігін бірден танып, оның себебін соқырға таяқ ұстатқандай айтып беретін - Күреңбай сыншы.
Ақын Сағынайдың асындағы әртүрлі әлеуметтік топты (құлқынның құлы - бай-мансаптар, адал еңбектің «көк өгіздері» - кедей-кепшіктер т.б.), қазақ халқына тән әдет-ғұрып, дәстүр-өнегелер мен көп мөлшерлі ет-қымыздан өзге Ақан сері өнерін («Үш тоты», «Ақмарқа», «Ахау арман»,«Кер Қашаған», «Ой ерке» т.б.) орындайды, Батырашпен арадағы көзқарас сырын, жетім бала тағдыры мен Құлагердің өлімін т.б. реалистікпен, өзіндік бояу, бедермен беріледі. Ақын поэманың «Жалғыз қазық»тарауында құстай ұшып, бұлдырықтай безіп, Көктұйғынмен құйрық тістесіп келе жатқан Құлагердің бала тізгінді жіберсе-ақ өзге аттарды артқа тастап оза жөнелейін деп келе жатқан сәтте, Көкөзектегі қылтада мерт болғанын қаны сорғалаған трагедиялық картина етіп көрсетеді. Құлагердің ажалына арнап аяқ астынан суырып салып трагедиялық ән шығарады.
Негізінен алғанда, әлеуметтік теңсіздік құрбаны - Ақан, Құлагердің өлімін жақындатқан - феодалдық көзқарас пен рулық кезеңніңсарқыншақтары, «жер мұңын, елдің шерін»шығарған - замана сырларыпоэманың негізгі ерекшелігін де, көркемдік түйінін де құрайды.
«Құлагер» - Ақан серінің сұлулық, әсемдік идеалы еді. Құлагерді өлтіру ақын, әншінің көркемдік мұратын өлтіру болатын. Дарынсыздың талантты жерге тығуын, қызғаныштыңдаңқты таптауын, жарықты қара түнектің жұтуын трагедиялық қуатпен бейнелеген І. Жансүгіровпоэмасының оптимистік рухы қайғыдан туғанмен өр, мәңгі жасайтын, халық жүрегіне ұялаған, қанды қол жендетке қарғыс таңба басқан, қазаққиялының ғажайып аты, өрен тұлпарға ескерткіш орнатқан «Құлагер» әнінің туып, таралуына сабақтас жатыр.
Ілияс Жансүгіровтың эпикалық поэзия жанрындағы ең биік жетістігі - «Құлагер »поэмасы. Мазмұны терең, көркемдігі кемел, құрылысы шымыр бұлшығарма ақын творчествасындағы зор белес қана емес, бүкіл қазақ әдебиетініңайтулы туындыларының бірі.
І. Жансүгіровтың «Құлагері» ақынның ақынның жолына жан жақын тақырып -халықтың ән-күйін, дарынды өнерпаз адамдарының тағдырын жырлаудағыүздіксіз ізденістерінің жаңа асуы өмір шындығын көркем жинақтап, өткенніңоқиғалары ішінен әлеуметтік қайшылықтармен теңсіздіктердің себебін ашып, кейіпкерлер мінезін шебер талдауы жағынан поэма әдебиетіміздің үздік табысы.
Достарыңызбен бөлісу: |