Xx ғ. б. қазақ әдебиетіндегі әдеби бағыттардың ерекшелігін саралаңыз


С. Сейфуллин өлеңдеріндегі күрескерлер бейнесінің сомдалуы туралы баяндаңыз



бет91/96
Дата25.12.2023
өлшемі400,45 Kb.
#199233
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   96
Байланысты:
соңғысы ХХ ғасыр нақты номерленген.

С. Сейфуллин өлеңдеріндегі күрескерлер бейнесінің сомдалуы туралы баяндаңыз

Сейфуллин Сәкен қазақтың атақты ақыны, жалынды жазушысы, дарынды драматург, білікті ұстаз, мемлекеттік қайраткері, Қазақстанның қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі.
Жаңа өмір жолында күреске шақырған «Асау тұлпар» өлеңдер жинағы, «Бақыт жолына», «Қызыл сұңқарлар» атты пьесалары, «Домбыра», «Экспресс», «Тұрмыс толқынында» атты поэтикалық жинақтары жарық көрген. Жаңашыл ақын поэзия мен драматургияға көп жаңалықтар енгізді. Өлеңнің түрі мен мазмұнында түбегейлі өзгеріс жасап, қазақ халқының поэтикалық дәстүрін дамытты. С.Сейфуллин өмірде де, әдебиетте де белсенді күрескер болды. «Көкшетау», «Қызыл ат» дастандарында заманалық мәселелер көрсетілген. «Қызыл атта» 30-жылдардың бас кезінде Қазақстанның ауыл шаруашылығында орын алған асыра сілтеу оқиғалары сыналады. «Ақсақ киік», «Аққудың айрылуы» шығармаларында туған даланың табиғатын, адамның ішкі сезім күйлерін суреттейді. С.Сейфуллин проза, драматургия, әдеби сын, әдебиеттану салаларында көрнекті еңбек етті. «Жұбату» әңгімесі - Сәкеннің қазақ әйеліне арналған алғашқы прозалық, шығармасы. «Жемістер, «Біздің тұрмыс», «Сол жылдарда» туындыларында заман- дастар өмірі бейнеленген. С.Сейфуллин қазақ халқының патшалық езгіге қарсы күресін «Тар жол, тайғак, кешу» атгы тарихи-мемуарлық романында көрсетеді. Публицистика саласының дамуына қосқан еңбегі баға жетпес. Қазақтың ескі әдебиет нұсқауларын жинау, зерт-теу, бастыру ісімен де шұғылданды. Оның қатысуымен «Қазақтың ескі әдебиет нұсқаулары», «Батырлар», «Ақан сері - Ақтоқты», «Ләйлі - Мәжнүннің» қазақша аудармасы жарық көрді.
«Қазақ әдебиеті» кітабы - осы саладағы алғашқы зерттеу еңбектерінің бірі. Халық әдебиеті материалдарын мол жинап, пайдаланған бұл зерттеуінде қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін жанрлық жағынан жіктеп, идеялық-көркемдік талдаулар жасайды. Сәкен шығармашылығының сүйенген үш тағаны, байланған үш қазығы бар. Біріншісі- ақынның әрқашан да жанымен ақтарылып айтқан бүкпесіз де, қарапайым сыршылдығы. Екінші-асқақтық, яғни өмірді сындарлы санамен екшеп, елеп, парасатты пайым жасап, күрделі қорытындылар шығаратын сыншылдығы. Үшінші- азаматтығы, қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді өлеңіне арқау еткен кемелдігі.
Жаңа заманның негізгі идеялары жер-жерде ерікті-еріксіз өріс алып, идеологиялық қаруға айналғанда, төңкерісшілдік тенденция көпшіліктің өрекпіген көңілінен шығуға талпынды. Сәкен Сейфуллин оған серке болды. Оның қоғамдық ісі, әлеумет алдындағы абыройы 1922жылы үш кітабын: «Асау тұлпар» өлеңдер жинағы, «Қызыл сұңқарлар» төңкерісшіл пьесасы, «Бақыт жолында» драмасын шығаруға жағдай жасады. «Қызыл сұңқарлар» пьесасын еңбекшілер табының төңкерісі туғызған, оның геройлары-күллі еңбекшіл тап. Сәкен прозасының шоқтығы – оның «Тар жол, тайғақ кешу» атты мемуарлық романы. «Тар жол, тайғақ кешу» романында Сәкен Сейфуллин революция жылдары оқиғаларының қазақтың кең даласын бірте-бірте қамтып, күні өтіп тозған ескіліктің қирап, жаңаша дамуға жолдың еркін де кең ашыла бастағанын үлкен суреткерше қорытып айтып бере алды. Роман халықтың бақытты келешегі үшін күрескен ерлердің аққан тері мен төгілген қаны текке кетпейтініне, мұның өзі бүкіл адамзаттың жарқын болашағымен тығыз байланысты екенін көрсетеді.
Саяси-әлеуметтік тақырыптарды қозғау, ел басшыларының берекесіздігін сынау, жоқтықтың зардаптары, надандық шырмауындағы қазақты білімге үндеу халық мұраттары тұрғысынан оларға жауап іздеу ақынның азаматтық ой-өрісін танытады. Бұл идеялар «Мұра», «Түс», «Кім басшы аға халыққа», «Надан бай», «Жетімге», «Інішегіме» өлеңдерінің бәріне тән. Сәкен өлеңдері идеялық тұрғыдан алғанда ағартушылық, демократтық бағытта, сыншыл реализм әдісінің арнасында жазылғандығын көреміз. Сталиннің жеке басына табыну кесірінен жазықсыз жалаға ұшыраған заман жыршысы 1938 жылы 26 ақпанда мерт болды. Ақынның әр шығармасынан оның қаламгерлік мұраты азаматтық позициясымен терең ұштасып отырғанын байқаймыз.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет