Xx ғ. б. қазақ әдебиетіндегі әдеби бағыттардың ерекшелігін саралаңыз


ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ поэзиясының тақырыптық ерекшелігі дамуы туралы баяндаңыз



бет34/96
Дата25.12.2023
өлшемі400,45 Kb.
#199233
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   96
Байланысты:
соңғысы ХХ ғасыр нақты номерленген.

28. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ поэзиясының тақырыптық ерекшелігі дамуы туралы баяндаңыз
Қазақ әдебиетінің, оның поэзиясының шарықтау кезеңі XХ ғ. 60-90 жылдар еншісін иеленгені белгілі. Ренессанс дәуіріне баланған жылдардын белгілі көрнекті өкілдері М. Мақатаев, Қ. Мырза Әлі, Т.Молдагалиев, Т.Айбергенов, Ж.Нәжімеденов, М.Шаханов, М.Айтхожина, Ф.Оңгарсынова К. Ахметова, С. Жиенбаев, I. Мәмбетов, Б. Ысқақов, Т.Медетбеков, Ж. Жақыпбаев, Ж. Әбдірашев, К. Мырзабеков жәнебасқалардың поэзиясын тексеру және олардың ақындық болмысын анықтау мәселелері әдебиеттанудың соңгы он-жиырма жылдың еншісіне тиеселі рухани-ғылыми ізденістер болып табылады.
Поэзияда бұрын саясатты үгіттейтін өлеңдер бағаланса, енді жалпы жекеадамның куанышы мен қайғысы, сүйіспеншілік сезімдері мен табиғатпенсырластыгы молырақ жырланады.F. Қайырбеков көктем жайындағы бір өлеңінде былай дейді:
Жүреді кіріп
түсіме ылғи ақ боз ат,
Өңімде жылдакербез
бір көктем келгенде.
Сол ма еді бөлкім,
… жастық шақ
Тулаған асау кеудемде.
Ризамын көктем,
Қан болып қайнап,
Тамырда шапшып тулайсың!
Жылда бір маған
Ақ боз ат сыйлап тұрғайсың.
Өзіне шабыт берген көктемді ақын ақ боз ат бейнесінде әдемі суреттейді.Мұндағы ақынның "мені" әрбір оқырманға оның өзінің "мені" сияқтыетеді.Қ. Мырзалиев "Ой орманы", "Дала дидары" кітаптарында туған жертуралы ойларын оның тарихы, табиғаты, салт-дәстүрі, мінезімен үштастыражырлайды
Табиғаттан бабамыз ала берген секілді,
Дарқандықты қазаққа дала берген секілді,
деп, дала табиғаты дала адамының мінезін, яғни ұлттық мінезді сипаттайды.


29.XX ғасыр қазақ әдебиетіндегі Абай дәстүрі және жаңашылдықты айқындаңыз.
Қазақ әдебиеті тарихында дәстүр және жаңашылдық - өте егіз ұғымдар,олардың ара-жігін дәл басып ажырата білу қиын, өзара шектес құбылыстар. Бірінен-біріне өтетін күй ретінде ғана танимыз. Дәстүр жаңара келіп жаңашылдыққа айналады, жаңашылдық ол өзіне дейінгі түр арқылы түрлене түседі.
«Дәстүр дегеніміз бір ұрпақтан келесі ұрпаққа ұдайы ауысып отыратынтарихи тұрғыдан қалыптасқан әлеуметтік нормалар мен принциптер. Дәстүр - халықтың мінез-құлқы мен іс-әрекеттерінің рухани негізі болып табылады. Мұның өзі көркемдік дәстүржалғастығына тікелей қатысты болып келеді. Өйткені әрбір ұрпақ өзінен бұрын ғұмыр кешкен барлық ұрпақтар жасаған рухани мұраны игеріп,оны жаңа қоғамдық-тарихи жағдайға сәйкес жетілдіріп отыруында ғана қоғам дамуының рухани мүмкіндіктері объективті түрде жүзеге сады»,-деп Немат Келімбетов өз теориясын жасаса, Мұқаметжан Қаратаев былай дейді: «Дәстүр мен жаңашылдық дейтін проблема кең мағынасында философиялық проблема. Бұл дүние жүзіндегі барлық даму атаулының тетігі.
Мұнсыз өсу, өрбу, өзгеру жоқ. Онсыз өмір жоқ. Неге десеңіз ештеңеден
ештеңе шықпайтыны, яғни «нөлден» ештеңе өнбейтіні, екінші сөзбен
айтқанда, жоқтан бар болмайтыны белгілі. Оның үстіне дүниеде не бар, соның бәрі дамып, өзгеріп отырады, жаңғырып, жаңарып тұрады. Ол бұрынғы мен бүгінгінің, көне мен жаңаның арасындағы табиғи жалғастық құбылысының заңдылығы, философия тілімен айтқанда, дәстүр мен жаңашылдық дейтін проблеманын қарастыратын заңдылығы. Халықтың ежелден өмір жолында, тырбанған тіршілігінде, шытырман тағдыр талқысында тірнектеп жиған рухани арман-мұраты, салт-саласы, сенім-сезігі, түсінік-түйсігі қазақтың бай фольклоры мен поэзиясының терең мазмұнын қалады»Әр халықтың тарихи қалыптасқан тұрмыс-салт, әдет-ғұрып бар, мінез-құлқы бар, тілі бар, толып жатқан өнер түрлері бар. Бұлар да белгілі заңдылықпен дамып, өзгеріп жаңғырып отырады. Ол жаңалықтың көктен түспейтіндігін, оның жоқтан емес, бардан пайда болатындығын танытатын диалектикалық даму процесінің зандылығы. Дәстүр - өте бай ұғым. Ол адамзат өміріне, өнеріне, біліміне қатыстысалалардың көбіне-ақ тән құбылыс. Қай салада болмасын, жалпы дәстүратаулыға тән қасиет- ол дайын күйінде тумайды, не өзге біреуден оңай алына салмай заманалар жемісі, тәжірибелер нәтижесі, уақыт сынынанұрпақтардың ақыл-ой елегінен мүдірмей өткен, халықтың тіршілік тұрмысына жауап беру арқылы өміршең сипат алып, әрдайым өсіп, өніп, жалғасып отырған әрі тұрақты, әрі жанды, белсенді құбылыс.
Дәстүр дегеніміз - әрбір халықтың арғы-бергі тарихындағы көркемсөз
өнерінің ең таңдаулы үлгілерінде жинақталған, халықтың көркемдік талғам- түйсігінде баянды етілген, эстетикалық ой-пікір жүзінде, әдебиеттану ғылымында кеңінен мойындалып жинақталған, сөйтіп, заманнан заманға, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын идеялық-көркемдік тәжірибе. Халықтың тұрақты рухани қазынасының, сарқылмайтын мол мұрасының кепілі – осы дәстүр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет