Xx ғ. б. қазақ әдебиетіндегі әдеби бағыттардың ерекшелігін саралаңыз


«Қазақ» газетінің XX ғ.б. ұлттық-рухты оятудағы қызметін баяндаңыз



бет30/96
Дата25.12.2023
өлшемі400,45 Kb.
#199233
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   96
Байланысты:
соңғысы ХХ ғасыр нақты номерленген.

«Қазақ» газетінің XX ғ.б. ұлттық-рухты оятудағы қызметін баяндаңыз.

ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағыдай қолға қару алып көтеріліс жасаудың халық үшін тек зиян әкелетіні көзі қарақты әр азамат үшін анық еді. Ұлт тағдырына өздерін жауапты сезінген Алаш қайраткерлері қазақ халқының мүддесін қорғауда білектің күшімен емес, ақыл-ойдың қарымымен есе қайтарудың жолын таңдады. Бұл жол ұлттың мүддесін қорғауда ұлттық-саяси мінберге айналған «Қазақ» газетін өмірге әкелді.
1913 жылдың 2 ақпанынан бастап халыққа жол тартқан «Қазақ» газеті 1918 жылға дейін 266 саны шығып үлгеріпті. Халықтың көзі, құлағы һәм тіліне айналған «Қазақ» газетіне биыл 105 толды.
1913 жылы 2 ақпаннан бастап «Каримов, Хусаиновтар баспаханасынан» шығып тұрған басылымның неліктен «Қазақ» аталғанына тоқталайық. Бұл туралы алаштанушы-ғалым М. Қойгелдиев: «Қазақ» газеті, белгілі дәрежеде, сол кезеңдегі қазақ ұлт-азаттық қозғалысының ең белсенді қайраткерлері Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов және М. Дулатовтың үлкен еңбегінің ортақ жемісі еді» [1, 187-б.] деп объективті бағасын берді.
Басылымның «Қазақ» аталуында екі түрлі мағына барлығы аңғарылады. Біріншіден, газет жалпыұлттық газет болғандықтан, мақсаты жері бөлшектеніп, елі бытырап жүрген қазақ халқын топтастырып, бір ортаға біріктіру болғандықтан да ұлт атын иемденіп «Қазақ» аталды. Екіншіден, кітәби, әдеби, ғылыми айналымда қазақ атының өз аты аталмай, қырғыз аталып келгендігі белгілі, сондықтан, туған халқының төл атын қайта оралту мақсатында, қазақ зиялылары өз баспасөзін осылай атауды мақұл көрген [2, 32-б.]. Ахмет Байтұрсыновтың бұл жайында: «Аталы жұртымыздың, ауданды ұлтымыздың аруақты аты деп, газетамыздың есімін «Қазақ» қойдық» - дейді [3, 11-б.]. Осыдан аңғаратынымыздай, ұлт зиялалары газетті шығаруда ұлттың мүддесін басты орынға қойды. Бұл азаттық қозғалыстың ХХ ғасырдағы өркениетті түрі болатын.
Ал басылымның қара жүгін арқалау міндеті – Әлихан, Ахмет, Міржақыптардың мойнына түсті.
«Газетті жұрт керек қылмаса, миллиондап капитал ол үшін жұмсамас еді. Осылардың бәрі де газет керек нәрсе екендігін көрсетеді. 1907 жылғы санаққа қарасақ, Россияда сол жылы екі мың бір жүз жетпіс үш есімді газет һәм журнал шыққан екен. Оның бір мың үш жүз тоқсан алтысы орыс тілінде, сегіз жүз алпыс жетісі басқа тілде басылыпты. Сол сегіз жүз алпыс жетінің ішінде біздің татар қарындастарымыздың отыз шамалы газеті-журналдары болды. Бізде біреуі де болмады. Онан бері бес жыл өтті. Бұл бес жыл ішінде газет журналдардың саны бұрынғыдан да өсті. Біз де құр қалғанымыз жоқ. «Айқап» журналы шықты. Бұл бұрынғыдан гөрі, бір адым болса да ілгері басқанымыздың белгісі. Бірақ бір адым ілгері басып, сол күйімен тұрып қалсақ, онымен алысқа ұзай алмаймыз. Ілгері басқанның үстіне ілгері басуымыз керек. Озғандарға жету керек, жеткендерден озу керек. Дүниенің төріне қызыққандар төрден орын алып жатыр. Тырмыспағандар есікте қалып жатыр. Есікте қалмай, төрге тырмысалық, басқалар төрге қарай бара жатқанына қарап, біз де солардың істегенін істейік. Басқалардың заманға қарай өтіп жатқан амалын көруімізге газет-журнал керек» [3, 11 б.]. Бұл «Қазақ» газетінің №1 санында шыққан Ахмет Байтұрсыновтың «Құрметті оқушылар» атты кіріспе мақаласындағы қазақ үшін баспасөздің айрықша қажеттілігін баса айтқан өткір ойлары еді.
Басылымның таралымы қазақ мекендеген барлық аймаққа жетіп жатты. Тіпті Ресей, Қытай қазақтары да тапсырыс беріп, алдыртып оқыған. Бұған төмендегі мәлімет айқын дәлел болады.
«Қазақ» газетасын 10 облысқа қараған киіз туырлықты қазақ байдың баласынан 1913 жылдың ішінде алдырып тұрғандардың есебі мынау:
1) Торғай облысы – 694,
2) Семей – 612,
3) Ақмола – 584,
4) Сырдария – 327,
5) Орал – 301,
6) Жетісу – 157,
7) Ішкі оралдық – 136,
8) Ферғана – 30,
9) Самарқан – 8,
10) Закасапий – 5.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет