Xx ғ. б. қазақ әдебиетіндегі әдеби бағыттардың ерекшелігін саралаңыз


XX ғ.б. оқу-ағарту ісінің дамуын түсіндіріңіз



бет2/96
Дата25.12.2023
өлшемі400,45 Kb.
#199233
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   96
Байланысты:
соңғысы ХХ ғасыр нақты номерленген.

XX ғ.б. оқу-ағарту ісінің дамуын түсіндіріңіз.

XXғ. 20–30 жылдарында шаруашылықты дамытып, жақсы өмір сүру үшін ең алдымен халықтар арасында сауатсыздықты жою және ағарту ісін дамыту міндеті тұрды.
1924 жылы Қазақстанда «Сауатсыздық жойылсын» қоғамы ұйымдастырылды. 1928 жылы Қазақстанда барлық халықтың 28%-ы сауатты болды. Ал қазақтар арасындағы бұл көрсеткіш 10% болды. Сауатсыздықты жою мақсатында республикада ағарту ісіне жұмсалатын қаржының мөлшері көбейді.Республикада ересектер арасында сауатсыздықты жою ісіне сол кездегі «Ауыл мұғалімі» журналы мен «Төте жол» газеті әдістемелік құрал ретіндегі көмегін тигізді.
1926 жылы Қазақ АКСР Халық Комиссарлар Кеңесі «Қазақ АКСР біртұтас еңбек мектептерінің жарғысын» қабылдады. Көптеген қалаларда арнаулы білім беретін және соның ішінде қазақ қыздарын оқытатын мектептер ашылды.
Қазан төңкерісінен кейін Қазақстанда мектептер ашылып, оқушылар оқуға тартыла бастаған кезден-ақ, қазақ балаларының орыс тілімен қатар өз ана тілінде де оқу керектігін, ол үшін оқулықтар жасау қажеттігі көкейкесті мəселе деп саналған болатын. Ғылымның əр түрлі саласына жататын терминдерді ұлт тілінде жасаудың, ұлт тілінің ғылым тіліне айналуының маңызын А.Байтұрсынов бастаған қазақ зиялылары дұрыс түсінді. Мəселен, Х.Досмұхамедов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Е.Омаров, С.Қожанұлы, Ж.Күдерин сияқты зиялыларымыздың оқулықтары мен оқу құралдары соған дəлел ретінде келтіре аламыз. Олар ғылымның əр саласында заман талабына сай өз мамандары жоқ кезде əрі аудармашы, əрі ақын, əрі жазушы, əрі сыншы, əрі драматург болып еңбектер жазды. Кейіннен, яғни 20–30-жылдары, олардың еңбектері көп таралыммен қазақ тілінде басылып шықты. Бұған А.Байтұрсыновтың 1912–1928 жылдардағы жарық көрген əліппелері, оқулықтары, жазу, емле, терминология мəселелері туралы жазылған сыни мақалалары, М.Дулатовтың «Есеп құралы» (1918– 1925), М.Жұмабаевтың «Педагогикасы» «Баланы тəрбия қылу жолдары» (1922, 1923), Ж.Аймауытовтың «Тəрбие жетекшісі» (1924), «Психологиясы» (1926), «Жан жүйесі жəне өнер таңдауы» (1926), Е.Омаровтың «Пішіндемесі» (1924, 1928), «Физикасы» (1930), Х.Досмұхамедовтың «Жануарлары» (1922), «Табиғаттануы» (1922), «Адамның тəн тірлігі» (1927), Қ.Кеменгеровтің «Оқу құралы» (1928), «Қазақша-орысша тілмашы» (1927), С.Қожановтың «Есеп тану құралы» (1924), Е.Ермековтің «Ұлы математика курсы» (1935), Б.Майлиннің «Ересектерге арналған əліппесі» т.б. көптеген еңбектер жатады.
1930–1931 жылдары Қазақстан халықтарының арасында жалпыға бірдей оқу міндеті енгізілді. Білім беру ісін дамыту бағытында ана тіліндегі оқулықтарды жасаған қазақтың ұлттық зиялылары үлкен үлес қосты. Мысалы, А. Байтұрсынов суретті әліппе, Ж. Аймауытов ана тілі оқулықтарын жазды.
1928 жылы Қазақстанда тұңғыш жоғары оқу орны Алматы педагогика институты ашылды. Бұл институт Абайдың есімімен аталды.
1929 жылы Алматы зоотехникалық мал дәрігерлік институты ашылды.
1930 жылы Алматыда Қазақ ауыл шаруашылық институты ашылды.
1931 жылы Ленинград әскери медицина академиясының қамқорлығымен Алматы медицина институты ашылды.
1934 жылы Алматыда Қазақ кен металлургия институты ашылды. Кейін политехникалық институт аталған бұл оқу орны инженер-технолог кадрларын даярлайтын іргелі оқу орны болды.
1931–1932 жылдары Қызылорда, Орал қалаларында педагогика институты ашылды. Семей, Петропавл, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Шымкент қалаларында мұғалімдер институттары ашылды. Соғыстың алдындағы жылдарда Қазақ КСР-де жоғары оқу орындарының саны 20-ға, арнаулы оқу орындарының саны 118-ге жетті. Кәсіптік білім беретін бұл оқу орындарында 40000-ға жуық жастар білім алды.
XX ғасырдың 20–30 жылдарында қазақ әдебиетінде Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов, С. Сейфуллин, Б. Майлин, І. Жансүгіров, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, М. Дулатов, М. Жұмабаев бастаған ақындар мен жазушылардың орны ерекше болды.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет