Xx ғ. б. қазақ әдебиетіндегі әдеби бағыттардың ерекшелігін саралаңыз


ХХғасырдың алғашқы ширегіндегі қазақ баспасөзінің дамуын саралаңыз



бет3/96
Дата25.12.2023
өлшемі400,45 Kb.
#199233
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   96
Байланысты:
соңғысы ХХ ғасыр нақты номерленген.

ХХғасырдың алғашқы ширегіндегі қазақ баспасөзінің дамуын саралаңыз.

Қазақ халқы XIX ғ. соңы мен XX ғасырдың басында жаңа тарихи кезеңдерге қадам басты. Алғашқы қазақ кітаптары, ұлттық баспасөз құралдары, жаңаша мектептер пайда болып, ұлттық қозғалыс қалыптасты. Ресей түркілері арасында жалпыласқан қоғамдық-cаяси және ағартушылық қозғалыс «Жәдитизімнен» қазақ қоғамы да қағыс қалмады. Қазақтар арасында да жәдиттік бағыттағы ағартушылық қозғалыс барынша өркен жайып, алаш идеясы өрістеді. Ұлтты ең алдымен ағартушылық һәм іскерлік жолға салу басты бағыт болды. Халықтың сана сезімі мен ұлттық мәдениетті көтере отырып теңдік пен еркіндікке жетуге тырысты. Бұл жолда, бұл бағытта қазақтың тұңғыш баспасөздерінің атқарған міндеті өте пайдалы болды.
Қазақ баспасөз тарихының бастауы XIX ғасырдың екінші жартысында Ташкентте шыққан «Түркістан уалаяты» газеті (1870-1882) мен Омбыдан шығып тұрған «Дала уалаяты» газетінен (1888-1902) бастау алады. Бұл екі газет те патша үкіметінің жергілікті басқару органдары арқылы шығып тұрған басылым еді. Сондықтан да мұнда көбінесе үкімет қаулылары жергілікті ұлт тілдеріне аударылып жарияланып тұрды. Газеттің кей сандарында өлке тарихына қатысты құнды жазбалар да кездеседі. 1905 жылы бірінші орыс төңкерісінен соң, баспасөз еркіндігін пайдаланған қазақтар 1907 жылы Троицкі қаласында ХайымШомыловСасновский, Жетбісбай Андреев, ЕшмұхамедИмамбаев басшылығымен «Қазақ газеті» атты газет шығып, бірнеше саны басылған соң тоқтайды. 1907 жылы наурызда Петербург қаласында Ғабдрашид Ибраһимов пен Дума депутаты Шәймерден Қосшығұлов жетекшілігімен «Серке» атты 15 күнде бір шығатын газет басылады. Бірнеше саны шыққан соң «Серке» газеті һәм онымен қанаттас татардың «Улфат» газеті де цензурамен жабылып, таратылған сандары полиция тарапынан тәркіленеді. Тек, 1911 жылы шыққан қазақтың тұңғыш журналы «Айқап» және Ордада шыққан «Қазақстан» газетінің ғұмыры ұзақтау болды.
«Халықтың қай дәреже алға кеткендігі халық арасында таралған газет, журнал һәм кітаптарынан білінеді» – деп, «Айқап» журналының (1911-1915) тұңғыш санында журналды шығарушы Мұхаметжан Сералин айтқандай немесе, «Әуелі, газета – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газета сондай керек!» – деп, «Қазақ» газетінің (1913-1918) алғашқы санында Ахмет Байтұрсынұлының жазғандай, ұлтты ағарту, ұлтты ұйыстыру бағытындағы өздерінің тарихи міндеттерін адал атқарды.
«Айқап» журналы (1911-1915). 1911 жылы 10 қаңтар Троицк қаласында қазақтың тұңғыш журналы «Айқаптың» алғашқы саны шықты. Атауы туралы журналдың басқарушы һәм бастырушысы Мұхметжан Сералин бас мақаласында: «Журналымызға «Айқап» деп есім бердік. Бұл сөзге түсінгенде болар, түсінбегенде табылар. Біздің қазақтың «Айқап» демейтұғын қай ісі бар?! ...«Қап» дегізген қапияда өткен істеріміз көп болған соң жорналымыз да өкінішке лайық «Айқап» болды» деп, журналды шығару үшін қаламға жармасқанын, мақсаты атақ шығарып білім сату емес екенін, журналға басылуға жіберілген сөздер қазақша, ноғайша, орысша, түрікше болсада қабылданатын айтады. Журналдың соңғы бетінде қазақ жұртына журналға жазылу және қолдау туралы үндеуі басылды. «Жеті облысты мекен еткен қазақ халқы үшін тым болмаса бір журнал шығару тиіс екендігін әр кім білсе керек. Әлбетте журналы алушы көп болса шығарылар; алушы жоқ болса тоқталар. Мұның үшін әр бір көңілінде жұртына азырақ мұхабаты бар қазақ баласы жәрдем етер деп үміт етеміз. Әдрес: г. Троицкъ. Оренб. Губ. Реддактору-издателю журналы «Ай-капъ» Мухамеджану Сералину, въредакции газеты «Степь». («Айқап». №1.1911.) - деп көрсетеді.
Журнал қазақ кітаптары мен оқулықтары туралы жарнама һәм түсініктемелер беріп отырды. Олардың қатарында: «Қырық мысал», «Оян қазақ», «Әлфба төте оқу», «Көкселдір», «Әдебиет өрнегі», «Бақытсыз Жамал», «Көркінді бала һәм үлгілі ана», «Топ жарған», «Иман һәм намаз», «Пайғамбар заманы», «Қазақ шежіресі» т.б. кітаптар кездеседі.
«Айқаптың» жалпы 88 нөмері жарық көрді. 1911 жылы 12 саны, 1915 жылы 14 саны толық шықты. 1914 жылы басталған бірінші жаһан соғысы қазақ қоғамына да әсерін тигізбей қоймады. Баспахана бағасының көтерілуі һәм жазылушылар саны азайған себепті журнал 1915 жылдың 28 тамыз №14 санынын бастап тоқтатылды. Бұл туралы «Басқармадан» жазбасында: «Соның үшін біз «иесіз ауыруды, жынсыз бұрқан бағады» болмайық деп, осы номерімізден соң журналымызды уақытша тоқтатпақ болдық» - дейді. «Айқап» журналы өз кезегінде ұлтты ұйысуға бағатталған ең басты – жер, тіл, дін, әділ сайлау, әйел теңдігігі сияқты мәселелерге баса назар аударды. Оқу, жаңаша мектеп ашу мәселелерін барынша көтеруге тырысты. Аталған тақырыптарды 1913 жылы Орынбордан шыққан жалпыұлттық «Қазақ» газеті де күн тәртібінен түсірмей, жұртқа нәсихаттады.
«Қазақстан» газеті (1911-1913). Ордадан шығып тұрған басылым. Алғашқы екі саны Хан Ордасынан шығып, қалған сандары Орал қаласынан басылады. Газеттің алғашқы саны 1911 жылы 16 наурызда шықты. Газетте негізінен отырықшылық, оқу-ағарту, өнер білім, мәдениет, тұтынушылар корперациясын құру мәселелерін көтерген еді. Газет қаржылық қиындықтарға байланысты тоқтайды.
«Қазақ» газеті (1913-1915). 1913 жылы 2 ақпанда Орынбор қаласында қазақтың алғашқы жалпыұлыттық газеті «Қазақ» шықты. «Қазақ» газеті 1918 жылға дейін шығып тұрды. 1917 жылдан бастап «Қазақ» газетінің ізін басып әр өңірлерден басқа басқа газеттер шыға бастады.
«Қазақ» газетінің алғашқы 40 санын Мұстафа Оразаев бастырса, 41 санынан бастап «Азамат серіктігі» бастырды. Ахмет Байтұрсынұлы – 231; Міржақып Дулатұлы – 33; Жанұзақ Жәнібекұлы – 2 санын шығарды. «Қазақтың» жалпы 266 нөмері жарық көрді. 1913 жылы 44 саны, 1918 жылы 9 саны басылды. Соңғы №266 саны – 1918 жылы 26 қыркүйекте жарық көрді. Газеттің 1913, 1914, 1915 жылғы сандары жинақталып, жеке кітап болып басылып шықты.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет