Xx ғ. б. қазақ әдебиетіндегі әдеби бағыттардың ерекшелігін саралаңыз



бет1/96
Дата25.12.2023
өлшемі400,45 Kb.
#199233
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   96
Байланысты:
соңғысы ХХ ғасыр нақты номерленген.


  1. XX ғ.б. қазақ әдебиетіндегі әдеби бағыттардың ерекшелігін саралаңыз.

Əдебиеттегі ағым-бағыттың айырмашылығын анықтау белгілі бір кезең əдебиетінің мəнін ашуда аса маңызды. Көркем шығармаларда қолданылатын шығармашылық əдіс-тəсілдермен тығыз байланысып жатқан осы бір мəселеге қатысты ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиетінде қандай ағымдар мен бағыттар болғанына, оны сол тұстағы жəне кейінгі əдеби ой-пікір қалай танып білгеніне назар аудармасқа болмайды. Себебі ол белгілі дəуірдегі ақын жазушылардың ізденістерін, көркемдік биіктерге жетуге деген ұмтылысын айқындайтын нақты құбылыс.
Академик З. Қабдолов “Сөз өнері” монографиясында əдеби ағымды əдеби стильмен салыстырып, түсінік береді: «Байқап қарасақ, стиль – бір жазушыға тəн творчестволық ерекшелік болса, ағым – бірнеше жазушыға тəн творчестволық бірлік; стиль – əр жазушының дара қасиеті болса, ағым – əр алуан жазушының ортақ сипаты; стиль жалқыға тəн ұғым болса, ағым жалпыға тəн таным; стиль əр жазушының əдеби беті болса, ағым əр жазушының əдеби бағыты».
“Ағым”, “Бағыт” əдебиет теориясына қатысты еңбектерде түрліше құбылып, əрқилы ұғындырылып келеді. Ағымды бірде əдеби əдіске апарып телісе, бірде бағыттың бір бөлшегі іспетті қарастырады. Енді бірде екеуі – “бағыт” пен “ағым” тектес ұғымдар ретінде танылады.
ХХ ғасыр басындағы қазақ ақын-жазушыларын идеялық əдеби ағым-бағыттарына қарай мынадай топтарға бөлді:
1) ағартушы ақын-жазушылар,
2) ағартушы демократ ақын-жазушылар,
3) буржуазияшыл-ұлтшыл ақын-жазушылар.
Жалпы ХХ ғасыр бас кезіндегі əдебиеткетəн басты ерекшелік – ұлт қамы қай бағыт ақын-жазушысының шығармашылығы болмасын ортақ тақырып ретінде көрініс табуы.
ХХ ғасырбасындағы əдебиеткетəн тағы бір ерекшелік – əлеуметтік-саясимəселелерді көп көтергендігі. Отаршылдық талқысы езіп-жаншып,жері талан-таражға түскен, халқының тоз-тозы шыққан, бірліктенкетіп, берекесінен айрылған елінің қара түнектегі жағдайы қайбағыт ақын-жазушыларының шығармашылығында болмасын ортақтақырып ретінде көрініс тапты. Мəселен, діни-ағартушы МəшһүрЖүсіп Көпеев:
Байланып қорыққандықтан жүрді тілім,
Қазағым, қайран жұртым, халқым елім.
Мұжық кеп, қара шекпен крестьян,
Жеріңді қылмады ма тілім-тілім, –деп, қазақ жағдайына жүрегі қарс айрылса, ағартушы-демократ Сұлтанмахмұт Торайғыров:
Сұмдар салған жүректе
Аз ба біздің жарамыз?
Тепкісінде басқаның,
Қор боп жүдеп барамыз, –деп, ұлтының қасіретті жағдайының ең негізгісін нақты атай отыра, елін серпілтер ой-идеяны өзіндік өршіл үнмен көтереді. Бұлқұбылысты Абайша терең сезіне жырлаған ұлт-азатшыл бағыттағы Ахмет Байтұрсынов:
Қазағым, елім,
Қайқайып белің,
Сынуға тұр таянып,
Талауда малың,
Қамауда жаның,
Аш көзіңді, оянып, –деп, халықтың мүшкіл халіне себеп болған басты жағдайлардыңтүп-тамырын даналықпен көре біліп, ұлт санасын “ояту” идеясыналға тартады.
Бұл бағыттардың нақты айырмашылықтарымен қатар, ортақ ізденістері де болған. Бұл ағымдардан тыс сөз өнерінің саз өнерімен тығыз байланыстыболғандығының тамаша көрінісін танытатын ақындар болғаны. Бұлардыңішінде Ә.Найманбаев, Мұса Байжанов, Балуан-Шолақ, Ақансері т.б.шығармашылығына ерекше назар аудару. Олардың шығармашылығындаәдеби-көркемдік реңктер мол.
Діни-ағартушы бағытындағы ақындар. Бұл бағытта әрқилы ақындареңбекеткендігі. Творчествосының мазмұны, түрі әрқилы, идеялықкөзқарастары саналуан болғанымен, бұл ақындарға ортақ бірнеше басты белгілердіңбарлығы.
Ағартушы-демократтық бағыттың құрамында қаралатынақынжазушылардың XX ғ.б. қазақ әдебиетіне ұланғайыр үлес қосуы. Шынмәніндегі кәсіби (профессионалдық) жазба әдебиет деңгейіне көтеріліп, өмір,қоғам, дәуір сырын кең көлемде сипаттап, терең ашуға ұмтылуы. Ұлт-азатшыл бағыттағы ақын-жазушылардың шығармашылығының бастытірегі ұлттық мүлде болуы. Негізінде отаршылдыққа қарсы күрес идеясыневропалық саяси күрес тәсілімен ұштастырған бұлардың өзшығармашылығында осы ой-идеяның уағыздауы. Ағартушылық, өнер-білімбарлығы ең алдымен ұлт азаттығы үшін қызмет етуі керек деген байламдынегізге алуы.
Ағым-бағыттардың қазақ әдебиетінің өркендеуіне қосқан үлесі және олардың кейбір кемшін тұстары. Діни-ағартушылар, ағартушы-демократтық ұлтазатшыл бағыт өкілдерінің ұстанмдар олардың шығармашылығынан қайжанрда болмасын айқын көрініс табатындығы. Бұл бағыттардың көш басшылары М.-Ж. Көпеев, Ш. Құдайбердиев, М. Сералин, С. Торайғыров,А. Байтұрсынов, М. Дулатовтар болғаны. Олардың кейінгі жас толқынға үлгіболар өзіндік мектеп қалыптастырғаны.Жаңа дәуірдегі әдебиеттің көрнекті өкілдері С. Сейфуллин, Б. Майлин, І.Жансүгіровтердің қазақ әдебиетіне жаңа ізденістер, жаңа ілеп әкелгендігі.
Үш бағыттың алғашқысын “діни-ағартушы ағым” депатаған еңбек те жарық көрді (У.Қалижанұлы “Қазақ əдебиетіндегідіни-ағартушылық ағым”).





  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет