Бағыттың белгілі өкілдері: Мақыш Қалтаев (1869-1916). Ақмола маңында туып өскен. М. Қалтаев шығармаларында діншілдік сарын өте басым болып келеді. Жалпы адамзаттық имандылыққа көбірек үндейді. Дінді адам жанының рухани тазаруы ретінде ұсынады. 1907 жылдан бастап шығармашылықпен айналысып, 1907-1913 жылдар арасында сегіз кітап шығарған. М. Қалтаев - XX ғасырдың басында ең көп кітап жазған ақынның бірі. М. Қалтаевтың «Қалтайұлының қазақ ахуалынан бәхас еткен манзұмасы» (1907), «Қазақтың айнасы (1910), «Біраз ғибрат сөз» (1910), «Насихат қазахия» (1911), «Бар оқиға» (1912), «Тура жол» (1912) атты жинақтарының тақырыптары ортақ, бір сөзбен айтқанда, қазақ жайы. Татар ақындары 3. Кәрими мен Ғ. Рашидиден аударған «Айна», «Сақ-сұқ» өлеңдер жинағы бар. Бұл аудармаларда ақынның өзіндік қолтаңбасы айқын сезіліп тұрады. Діни көзқарас жетегінде бола тұра, Мақыш - өз кезінде замана шындығын дұрыс пайымдай білген ақын. Оның жинақтарына енген өлеңдерінен
Шығармаларында Алланы шын сүю, Мұхаммедтің үмбеті болу тәрізді рухани тазарудың ұлы мақсаттарына жетелеумен қатар, ой астарында өмірдің қиындығына төзу, Алланың бергеніне масаттанбау тәрізді адами асыл қасиеттерге тәрбиелеу мақсаты басымдау жатады. М. Қалтаев өлеңдерінде ұлттық мүдде жоғары қойылып, Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілік ерекше шабытпен жырланады.
1959 жылы Алматыда өткен қазақ әдебиеті тарихының мәселелеріне арналған ғылыми-теориялық конференция қаулысынан кейін М. Қалтаев шығармашылығы ХХ ғасыр басындағы әдебиет тарихын зерттеуші ғалым- дардың назарына іліге бастады. Жалпы, шығармашылығы туралы алғаш сөз қозғаған әдебиетші ғалым Бейсенбай Кенжебаев. Ол «Әдебиет және искусство» журналында жарияланған «Мақыш Қалтаев» атты мақаласында: «Мақыш - молда ақын. Оның дүние тануы, көзқарасы - діни. Мәселені талдау, түсіндіру әдісі шариатша, мысалдары, дәлелдері көбіне шариаттан, діни кітаптардан алынып отырады», - дейді. Мақыш Қалтаевтың шығармашылығының басым бөлігі - поэзия.
«Қазақтың айнасы», «Біраз ғибрат сөз» жинақтарының өлеңге қойылар талап тұрғысынан сапасы өте жоғары.
«Біраз ғибрат сөз» жинағындағы мысал өлеңдерінің («Есектің ойнауы», «Аз үмітпен көп зарар берер», «Бал құрты мен шыбын», «Жақсылыққа жамандық», «Пақырлық пен Байлық» және т.б.) тәрбиелік мәні зор. Мақыш - қазақ әдебиетіндегі мысал жанрын дамытушы, өркендетушілердің бірі.