Сабақтың тақырыбы: Көптен безген көгермес Сабақтың мақсаты: 1



Дата27.12.2016
өлшемі32.09 Kb.
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Көптен безген көгермес

Сабақтың мақсаты:

1. Мысал ертегі мазмұнын түсініп, идеясын ашуға және әдеби теориялық білім арқылы шығарманың жанрын ажыратуға мүмкіндік беру.

2. Шығарма құрылысын өз бетімен талдауға, ізденуге, шығармашылық дағдысын дамытуға жағдай жасау.

3. Сыйластық, достық, бірлік қадірін түсінуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: тақта, плакат, мақал құрауға таяныш сөздер тізбегі.

Түрі: жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, әңгіме, сұрақ-жауап, көрнекілік.

Сабақ барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Үй тапсырмасын пысықтау.

Наурыз.Сәкен Сейфуллин (жатқа)

Кітапша жасау.

3.Қызығушылықты ояту.

Оқушылар текше қырларына жазылған:

1.Жанашыр

2.Бақыт

3.Қорқыныш

4.Өкініш

5.Ақыл

6.Бірлік

сөздерінің бірін мәтіннің әр бөлігінен кейін таңдап алуы керек.



4.Мағынаны тану.

1. - Балалар, бүгін сабақта біз өте қызықты мәтінмен танысамыз. Әңгіме кейіпкерлерінен осы қасиет табыла ма екен?

- «Көптен безген көгермес», балалар әңгіме не туралы болуы мүмкін? Неге олай ойлайсыңдар?

Мәтінді «Өзіңе ғана жинасаң, қиналмас та едің» деген сөйлеммен қоса оқып, тоқтау.

-Не түсіндіңдер?

-Қоңыздың сөзінен не байқадыңдар?

-Қоңызды шын жанашыр деп ойлайсыңдар ма? Дәлелдеу.

-Қоңыз ақылды ма?

-Қалай ойлайсыңдар, енді Құмырсқа өзінің өмірін өзгертуі мүмкін бе?

- Әңгіме ары қарай қалай дамиды деп ойлайсыңдар? Болжамдарыңызды алдарыңдағы кестенің бірінші бағанына жазыңдар.



Ескерту: Әр жолы болжау жасалғаннан кейін, келесі жолғы болжаудың нәтижесін сөз етіп кету керек.

Мәтіннің екінші бөлігін оқу. Шындығында не болғанын кестенің тиісті бағанына жазады.

Мәтінді ары қарай «Бірде Құмырсқа ...» деген сөйлемге дейін оқу.

Мазмұнын талдау.

-Бұл үзіндіде қандай сезімдер мен ұғымдар байқалады?

-Әрине, бақыт. Құмырсқа бақытты ма? Оның бақыты ұзаққа созылуы мүмкін бе?

-Неліктен олай ойлайсыңдар? (себебі – жалғыздық жаман).

-Ары қарай Құмырсқаның тағдыры не болғаны туралы естігілерің келе ме?

«Бірде Құмырсқа...» деген сөйлемнен бастап, «Өлдім-талдым дегенде Құртты үйінен әзер қуып шықты» дегенмен аяқтау.

-Бұл үзінді қанадай сезім, ұғымдарға сай?

-Әрине, үрей. Неліктен?

-Құмырсқаны осы тұста жазушы қалай бейнелеген? (Ол үрейленсе де, Құртқа қарсы тұра білді...)

-Енді байғұс Құмырсқаның жағдайы қалай болар екен? Кестеге болжау.

-Ал, балалар, бұл бөлім қандай сезімдер мен ұғымдарға сай екенін байқаған боларсыңдар?

-Тақтада жазылған тақырыпқа қайта оралып, мәтін идеясын соңғы үзінді мазмұнымен байланыстыру.



Әңгіменің үшінші бөлімімен жұмыс осылайша жүргізіледі. Соңында болжамдары мен оқиғада не болғанын салыстырылады.

  1. Топпен жұмыс.

1-топ. Әңгіме бойынша эссе немесе кейіпкерге хат жазу?

2-топ. Әңгіме бойынша сурет салу.

3–топ. Құмырсқа сөзіндегі әріптерден жаңа сөздер құрастыру.

4-топ. Мәтін тақырыбына байланысты мақал – мәтелдерді жинақтап теріп жазу.

Осы мақал-мәтелдер арқылы сабақ идеясын қорытындылау. Өзіңіз үлгідегіден басқа да мақал-мәтелдер дайындаңыз.

5. Ойтолғау.

6. Сабақты бекіту.

-Мәтін тақырыбын қалай түсіндің?

-Дос-жолдассыз өмір сүрудің қиындығын әңгімеле.



7. Үйге тапсырма.

Мазмұны. 134-135-беттер.



Бағалау.
Каталог: uploads -> doc -> 0cae
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0cae -> СабақТЫҢ тақырыбы е.Өтетілеуұлы «Тоқтар тұңғыш ғарышкер»
0cae -> Қазақ жерінде Алтын Орда мемлекеті қашан құрылды? Ол кезде түркі әдебиеті мен мәдениеті қалай дамыды?
0cae -> Сабақ жоспары Пән мұғалімі: Сыздықов М. Т


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет