Xx ғ. б. қазақ әдебиетіндегі әдеби бағыттардың ерекшелігін саралаңыз


«Жаңа алаңда жарам бар жазылмаған



бет29/96
Дата25.12.2023
өлшемі400,45 Kb.
#199233
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   96
Байланысты:
соңғысы ХХ ғасыр нақты номерленген.

«Жаңа алаңда жарам бар жазылмаған», - деп жырлады. Жыр сарыны 1987 жылдан бүгінге дейін жалғасуда.
Кешір, қарғам, тұра алмадық араша,
Шаққан сәтте бәрі сені араша.
Ай астында жалғыз қалып өксідім,
Жұртым үшін намыстанып балаша.
«Теріс» деуге жарай алмай терісті,
Күдік, үрей көкіректе керісті.
Ел екенбіз ертегіге алданған,
Бір-ақ күнде қан жалады жер үсті, - деген жолдарды оқыған оқырман ақынның сезім күйін сезінбей қалмайды, өзі де қиналады.
(Толығырақ ақындармен толықтырам десеңдер: https://abai.kaznu.kz/wp-content/uploads/%D0%A2%D3%99%D1%83%D0%B5%D0%BB%D1%81%D1%96%D0%B7%D0%B4%D1%96%D0%BA-%D0%BF%D0%BE%D1%8D%D0%B7%D0%B8%D1%8F%D1%81%D1%8B.pdf )
Міне тәуелсіздік тұсындағы шоқтығы биік, жанрлық-тақырыптық ерекшелігімен көзге түскен туындыларды осылайша үлкен арналарға топтастыра алады екенбіз.



  1. «Айқап» журналының XX ғ.б. ағартушылық-демократтық идеяларды көтерудегі қызметін бағамдаңыз.

1911 жылы жарық көрген басылым 4 жыл ғана шыққан. Журналға ақын, жазушы Мұхаметжан Сералин редакторлық еткен. Бүгінгі қазақ қаламгерлері «Айқап» қазақтың мүддесін көздеген басылым болғанын айтады.
ХХ ғасырдың көрнекті ақын жазушылары, қоғам қайраткерлері Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Сәбит Дөнентаев, Спандияр Көбеев және Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулатов сынды тұлғалар «Айқаптың» тұрақты авторлары атанған. Бас аяғы 500 таралыммен шыққан «Айқап» қаржының жоқтығынан 4 жылдан кейін, яғни 1915 жылы жабылды.
«Айқап» журналының алғашқы саны Троицк қаласында 1911 жылдың қаңтар айынан бастап шыға бастаған. Оның шығарушысы, редакторы – демократ ақын, жазушы Мұхаметжан Сералин еді. Ол журналды алғаш жұрттан қарызға ақша алып, пай жинап жүріп шығарады.
«Айқаптың» алғашқы санында Ахмет Байтұрсынұлының қазақтың ғылым мен білімді игермегенін мәселе етіп көтерген мақаласы жарияланғаны белгілі. Қаржының тапшылығынан журнал алғашқы жылы айына бір рет, шағын көлеммен жарық көрді.
Жәрдем берушілер көбейіп және өзі де қор жинаған соң, яғни 1912 жылдан бастап журнал айына екі реттен 12-24 бет көлемінде жарияланды. Баспасөз тарихын зерттеуші Зарқым Тайшыбай журналдың шығуына 1905 Жазушы Дулат Исабеков мемлекеттік тілді қолдау жиынында. Алматы, 19 қыркүйек, 2010 жылы патша үкіметінің баспасөз еркіндігі жайлы шыққан манифесті арқау болды дейді. Оның айтуынша, сол жылдан бастап қазақтың мерзімді баспасөздері шыға бастаған.
Зерттеуші «Айқап» журналы патша үкіметінің саясатын насихаттайтын журнал емес, қазақтың мүддесін көздейтін, оның жоғын жоқтайтын журнал болды дейді.
Жазушы Дулат Исабеков «Айқап» журналы қазақтың алғашқы баспа көрген, ресми әрі кәсіби журналы болды деп біледі. Оның айтуынша, Айқап журналы арқылы қазақ алғаш рет баспа бетінде өз ойын айта білді.
Ал ақын Мырзан Кенжебай «Айқап» журналының қазақтың есінде қалуына оның алғашқы болып шығуы емес, қазақтың жоғын жоқтаған журнал болуы және қазаққа рухани азық бола білуі себеп болғанын айтады. «Қазіргі кезде ондай басылымдар жоқтың қасы» дейді ақын.
Журналдың саяси платформасы екі бағытта болды. Бірінші бағытта қазақ халқына Мемлекеттік Думадағы өкілдікті, ішкі өзін-өзі басқаруды, жалпыұлттық ауқымдағы қауымды, съездерді шақыру бостандығын және діни сенім бостандығын беру талаптары қойылды. Журнал қазақ халқының ішкі өмірі: теңқұқылық, жергілікті әкімшілік, сот қызметі және қазақ халқының жалпылама демократиялық қозғалысқа қатынасы мәселелерін қамтыды. «Айқап» журналының басты жеңісі – буржуазиялық бағытқа қарсы тұра отырып, өз талап-тілектерін ашық әрі еркін жеткізуге тырысты.
Бес жыл бойы «Айқап» қазақ даласындағы прогрессивті ойдың трибунасы болды, әлеуметтік болмыстың теріс құбылыстарын сынға алды, оны қоғамдық даму жолына бағыттауға ұмтылды. Журналдың таралымы аз болса да, жаңалықтар халық арасында тез тарап отырды. Алайда, журнал агенттерінің хабарламалары көрсеткендей, «Айқап» қазақ жерінің барлық аймақтарына жетіп отырған. Тіпті, журналдың кейбір сандары өңірлердің кітапхана қорына еніп, сақталып қалған екен. Журналда беттеріне шыққан түрлі материалдар оқырмандардың шынайы пікірлерін тудырып, оларды терең ойлауға әрі болашаққа оң қадамдар жасауға септігін тигізді. Оқырмандар әрдайым журнал редакциясына өздерінің шағымдары, өтініштері мен тілектерін жазып, хат түрінде жіберіп отырған.
Әрине, «Айқап» журналының мақсат-мүддесі қиын күрес, күрделі қақтығыстар мен ізденістердің жиынтығынан өтті. Алаш қайраткерлері қалыптастырған бұл жолда жетістіктермен қатар, қателіктер мен жаңылыстар да болды. Алайда, олар қолдан қасірет жасауды емес, өз халықының жағдайын жақсартып, өмірін жеңілдетуді көздеген еді.
Қорыта айтқанда, ХІХ ғасырдың ІІ жартысы мен ХХ ғасырдың І жартысындағы қазақ баспасөзі – қазақ халқының қоғамдық-әлеуметтік ой-пікірін оятып, мәдени-әдеби дүниетанымын қалыптастыруға, кеңейтуге едәуір әсер еткен рухани құрал қызметін атқарды.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет