Xx ғ. б. қазақ әдебиетіндегі әдеби бағыттардың ерекшелігін саралаңыз


-90 жылдардағы қазақ романы: дәстүр мен жаңашылдықты саралаңыз



бет25/96
Дата25.12.2023
өлшемі400,45 Kb.
#199233
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   96
Байланысты:
соңғысы ХХ ғасыр нақты номерленген.

1960-90 жылдардағы қазақ романы: дәстүр мен жаңашылдықты саралаңыз




  1. 1960-90 жылдардағы қазақ поэмасы туралы баяндаңыз.

Поэма барлық халықтың әдебиетінде кездесетін көне жанр. Мысалы, ежелгі грек әдебиетінде “Илиада”, “Одиссея” эпикалық поэмалары, ертедегі орыс әдебиетінде халықтық дастандар мен “Игорь жасағы туралы жыр” т.б. поэмалар кеңінен мәлім. Абайдың “Ескендір”, “Масғұт”, Ш.Құдайбердіұлының “Қалқаман-Мамыр”, М.Абайұлының “Медғат-Қасым”, М.Сералиннің “Гүлқашима”, С.Торайғыровтың “Кедей”, “Адасқан өмір” т.б. шығармалар қазақ әдебиеті поэмаларының үздік туындылары. Бұл мәселені неліктен қозғап отырмын? Себебі осындай үлгідегі туындылардың жалғасы әрине көркем әрі кесек болары сөзсіз. Поэма жанрының өзіндік дәуірлеу кезеңі барын да ұмытпауымыз қажет. Мәселен, поэма жанры кеңестік дәуірдегі қазақ әдебиетінде кемел жанрға айналды. Бұл қатарға “Батыр Баян”, “Көкшетау”, “Құлагер”, “Сұлушаш”, “Тасқын”, “Абыл”, “Ақын өліму туралы аңыз”, ”Батыр Науан” т.б. туындылар поэманың таңдаулы нұсқаларына жатады.
20 ғ екінші жартысында қазақ әдебиетінде поэма жанры айрықша дамыды. Х.Ерғалиевтің “Құрманғазы”, Ж.Молдағалиевтің “Мен қазақпын” І. Мырзалиевтің “Қызыл кітап”, М.Шахановтың “Өркениеттің адасуы”, “Жазагер жады космоформуласы” сияқты идеялыш мазмұны терең, көркемдік қуаты жоғары, поэмалар қазақ әдебиетінің арнасын кеңейтті.
Бұл кезеңдегі поэмалар несімен ерекшеленді?
•Соғыстан кейінгі кезең болғандықтан бұл дәуірде тың тақырыптап көтерілді.
•Ғылыми-техникалық прогресс кезеңі болғандықтан, ғарышқа ұшу тақырыбы поэма жанрында көрініс тапты.
•Өнеркәсіптің дамуына байланысты жаңа күнкөріс мәселелері шыеармада сөз болмай қоймады.
Жалпы осындай негізгі ірі өзгешеліктерді қозғасақ болады. Сөзімді дәлелдеу мақсатында мына екінші ерекшелікке айрықша тоқталғым келіп отыр.
Бұл негізде Қазыбек т. “олжас сүлейменовтің адамға табын жер енді поэмасының қазаш тіліне аударылуы” мақаласын негізге алсақ. Олжас орыс тілді ақын. Ақын шығармалары көптеген тілдерге аударылғаны белгілі. Ол шығармаларын орыс тілінде жазады. Соған қарамастан ақынның поэзиясынан дала елінің рухы,мәдениеті мен тарихы, дәстүрі мен салты анық көрініп тұрады. Ақын шығармаларының көбі белгілі бір тарихи оқиғаға арналады. Мысалы, «Адамға табын, Жер, енді» поэмасын ғарышты тұңғыш рет бағындырған космонавт Юрий Гагариннің ерлігіне арнады. Поэма өзіңің көркемдігімен, сыршылдығымен дараланады. Өткен ғасырдың айтулы оқиғасын мақтанышпен жырлайды. Бұл поэма дүние жүзі халықтарының тілдеріне аударылды. Өзінің көркемдік бағасын да алған шығарма. Ақынның осы поэмасының арқасында қазақ елі көптеген мемлекеттерге танылды. Поэма эмоциялық тебіреніске толы, сыршылдығы зор, ой қазынасы мол болуымен ерекшеленеді.
Олжас Сүлейменовтің осы поэмасын қазақ тіліне Қадыр Мырза Әли тәржімалаған. Қадыр Ғинаятұлы Мырзалиев, Қадыр Мырза - ақын, қазақ елінің халық жазушысы. Аударма ісінде М. Овидий, Руми, В. Гюгю, Г. Гейне, М. Лермонтов, С. Есенин, Я. Райнис, Л. Родари, Р. Ғамзатов, Э. Межелайтис, К. Кулиев өлеңдерін, Ш. Петефинің жыр жинақтарын қазақ тіліне аударған. Қадыр Мырза Әлі ағамыздың жары Салтанат Мырзалиева берген бір сұхбатында ақын аудармаларының өзі он бір томдай болып қалады деген. Яғни, Қадыр аға аудармада өзіндің қолтаңбасын қалыптастырған көркем аудармашы екендігі анық.
Гиви Гачечиладзенің толғамы бойынша, “аударма – түпнұсқаның бейнесі, осыған орай, түпнұсқадағы болмыстың бейнеленуі. Әдебиет – ақиқат өмірдің сырлы суреті, халықтың көркем тарихы; шығарма арқауы – шындық”. Осындай шындықтар жазылған поэманы қазақ тіліне аударуда Қадыр Мырза аудармашылық шеберліктің үлгісін көрсете білген. Ақын Қадыр Мырза Әлидің: "Ақын атаулының бір жанды жері – тіл болса, Екінші жанды жері- тарих" деген қанатты сөзі бар. Яғни, аудармашы осы поэманы кездейсок ала салып, аудармағаны белгілі. Олжастың бұл поэмасының маңыздылығын, ерекшелігін түсіне отырып тәржімалағандығын байқаймыз. Аударманың тілі жатық, ойы оралымды, түпнұсқаның идеясын толық бере білген. Аудармашының дарындылығы оның бейнелеп отырған өмір көріністері мен құбылыстарына авторша қарап, авторша толғанып, қаламды авторша сілтеумен өлшенетіндігі белгілі жайт. Бұл жайтты аудармашы түсініп, көркем аударма жасаған.
Белгілі аудармашы, ақын В. Жуковскийдің: «Переводчик прозы – его раб, переводчик поэзии – его соперник» деген әдемі пікірі бар. Осы пікірді біз Қадыр ағамыздың аудармаларынан анық көре аламыз.
Ойымызды нақтылау мақсатында түпнұсқамен аударма нұсқаны салыстырып көрейік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет