Xx ғ. б. қазақ әдебиетіндегі әдеби бағыттардың ерекшелігін саралаңыз



бет24/96
Дата25.12.2023
өлшемі400,45 Kb.
#199233
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   96
Байланысты:
соңғысы ХХ ғасыр нақты номерленген.

Б. Соқпақбаев та өзінің балалық, жастық шағынан мол қазына жинаған. Сол қазынаның калісті көрінісін «Балалық шаққа саяхат», «Өлгендер қайтып келмейді» туындыларынан көруге болады.
Б. Соқпақбаев - талантты драматургтардың бірі. Оның пьесалары бойынша қойылған «Бозтөбеде бір қыз бар», «Өлгендер қайтып келмейді», «Менің атым Қожа» тағы басқа спектакльдер кезінде республиканың бірқатар театрларының репертуарына енді. Тұтастай айтсақ, Б. Соқпақбаев қаламынан қазақ әдебиетіне аз мұра қалған жоқ. Әсіресе, қаламгердің суреткерлік қолтаңбасын айқындаған жазушылық талабы мен талғамын танытқан озық туындылары «Жекпе жек», «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «Қайдасың, Гаухар?»повестері мен «Өлгендер қайтып келмейді» романы.
XX ғасырдың жетпіс-сексенінші жылдары қазақ балалар әдебиеті қарыштап дамыды. Оған «Жалын» - жастар,«Балауса» - балалар баспаларының ашылуы, «Жалын» баспасының жанынан балалар мен жасөспірімдерге арналғанжылма жылдық жабық бәйгенің ықпалы зор болды. Ал «Балдырған», «Ұлан» -ежелден балалар әдебиетінің көрігі, күрілдеп тұрар ұстаханасы. А. Машановтың «Жер астына саяхат» әңгімелер жинағы, М. Сәрсекеевтің «Жетінші толқын» повесі мен «Ғажайып сәуле» әнгімелер жинақтары жарық көрді. Белгілі балалар жазушысы С. Сарғасқаевтың есімі жалпы оқырмандар ішінде танымал болды. C. Сарғасқаевтың «Достар» әңгімелер жинағы шыққан болатын. Сондай ақ, осы кезеңде балалар тақырыбында жазылан белгілі жазушылардың айтулы шығармалары туды, атап айтар болсақ, Ө. Қанахиннің «Ақ бидай», Қ. Қайсеновтің «Ержүрек Илько», А. Хангелдиннің «Қара Шолақ»,C. Шаймерденовтің «Көршінің кесірі», З. Шүкіровтің «Ғажайып құмыра» секілдітаңдамалы туындылары кейіннен «Алтын бесік» деп аталатын жинақта топтастырылып жарық көрді. Осы кезде қазақ әдебиетінде құбылыстай болған «Балдырған» журналының шығуы үлкен маңызға ие болды. Журнал бетінде балалар әдебиеті тақырыбына жазатын жас авторлар көріне бастады.
Марат Қабанбай шығармашылығы қазақ балалар әдебиетіндегі повесть жанрының қалыптасу, даму кезеңімен астасып жатыр. Жазушының алғашқы көркем шығармасы «Сөну» атты әңгімесі 1966 жылы «Жұлдыз» журналында жарияланған. Содан бастап тоқтаусыз шығармашылық ізденіс пен еңбектің арқасында жас қаламгерден өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан жазушыға айналды.
Жазушы өзінің шығармашылық тарихында «Арыстан, мен, виолончель және касапхана», «Бақбақ басы толған күн», «Туған жердің төрт мезгілі»,«Жиһанкез Тити», «Қала және қыз бала», «Еркін сабақ», «Сурет салғым келмейді», «Атлантиканың арғы жағы, бергі жағы» повесть, әңгімелерді дүниеге алып келген.
Марат Қабанбаевтың жазушылық тағы бір ерекше қыры - юморында. «Пысық болдым, мінеки» повесіндегі оқушы бала Досан Асылтаев «мазасыз, қырсық» жан болып көрінеді. Әйтсе де оның жұртқа тосын, оқыс көрінер қимыл-қарекеті, сөздерінің түп-төркіні намыскойлықта, адалдыққа, әділдікке деген құштарлықта жатыр.
Марат Қабанбайдың табиғатты суреттеудегі өзіндік ерекшелігі қалыптасқан жазушының «Туған жердің төрт мезгілі» повесін атауға болады. Мұнда да пейзаждың көркем көрінісі арқылы табиғаттың төл үнін, дыбысын, туған даланың сырлы әуенін естіртеді, тірі табиғатты көз алдына әкеледі. Жазушы бұл шығармада да жинақы, шымыр, суретті тілмен төгілтіп жазу тәсілін шыңдай түскен. Повесть «Астарлы көк сәтенмен тысталған аспан астында қалқыған шағын ауыл мойнын ішіне салып, бейжай бұйығы жатыр», - деп, ауылда өскен қазақ баласының барлығына етене таныс суретпен басталады.
«Сурет салғым келмейді» повесінің бас кейіпкері - Ержан атты оқушы бала. Оқу жылының соңғы сурет сабағында мұғалім Салауат ағай оқушыларға қазақтың біртуар ұлы сүретшісі Орал Таңсықбаевты таныстырып, «Алай жазығы», «Күзгі таң», «Аңсаулы әнім», «Таудағы жол» шығармаларын талдатады. Міне осы суреттер Ержанға ерекше әсер етіп, жан дүниесінде сурет салуға деген бір құмарлық, ұшқын оянады.
Қазақ балалар поэзиясының ішкі жанрлары байыды. Өтірік-өлең, жұмбақ-өлең, сюжетті өлең, тақпақ, санамақ, мазақтама, мадақтама, лирикалық поэма, сатиралық поэма, фантастикалық поэма, ертегі-поэма, мысал-поэма және т.б. пайда болды.
Қазақ балалар поэзиясы айтарын ашық айтатын дидактикалық өлеңдерден арылды. Балалар ақындары өз өлеңдеріне тәрбиелік сипат беріп, айтар ойын астарлап, ишаралап жеткізетін болды. Мысалы, А.Сопыбековтың(«Қораз», «Біздің семья» өлеңдерінің авторы) «Тілалғыш», Ә.Дүйсенбиевтің «Шірік алма» өлеңдері.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет