(Тағы да мысалдар қараймын десеңдер еңбектің ссылкасы: https://dergipark.org.tr/tr/download/article-file/1643723)
2. Тәуелсіз, жаңа мемлекет құру оңай болмағаны түсінікті. Социалистік мемлекеттің шаруашылық жүйесін жойып, жаңа, тәуелсіз мемлекеттің құқықтық, басқару, атқару, саяси, шаруашылық, экономикалық, әлеуметтік жүйелерін жасау кезеңі түрлі қиындықтармен қатар жүргені белгілі. Тәуелсіздік дәуірінің поэзиясында мұндай қиындықтар да, тәуелсіз мемлекеттің жетістіктері де лайықты көрініс тапты.Поэзияның ерекшеліктері, баянды байлығы мен қымбат қазынасы автор тұлғасының шығармашылық даралығымен тығыз байланыста қалыптасады. Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ поэзиясының дамуына мол үлес қосқан ақындардың шығармашылық даралығы олардың өмірбаян ерекшеліктерімен өзектес өрілген. Оларды азаматтық, шығармашылық өмірбаянының ерекшеліктеріне қарай басты екі топқа бөлуге болады:
а) ақындық, азаматтық болмысы Тәуелсіздікке дейін қалыптасқан шығармашылық тұлғалар;
ә) ақындық, азаматтық болмысы Тәуелсіздік кезеңінде қалыптасқан шығармашылық тұлғалар.Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі қазақ әдебиетінің барлық жанрында басты тақырыпқа айналды, әсіресе поэзия мен публицистикада терең тебіреніспен пайымдалды. Қазақстан Тәуелсіз мемлекет, тәуелсіз ел болып жарияланған жылды, Тәуелсіздіктің алғашқы кезеңін ақындар мен көсем сөз шеберлері қатарында гүлдей жайнап, күндей балқып толғағандары да, ой бағып, ойланғандары да болды.1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы - тәуелсіздік рухы күрескерлік рухымен ұштасқан қазақ жастарының намысы ойнап, қаны қайнап, бостандыққа ұмтылған сұрапыл бұлқынысынан туған көтеріліс. Желтоқсан көтерілісі, оның құрбандары, ерлері – қазақ поэзиясының өзекті тақырыптық желісіне айналды. Желтоқсан көтерілісі өткен Жаңа алаң, онда Тәуелсіздік үшін төгілген қан, содан бері өткен әр желтоқсан айы қазақ поэзиясында ерлік рухтың ғана емес, қайғылы хәлдің де қозғаушы күшіне, тарихи есті жаңғыртушы қуат көзіне айналды.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ақын-драматург, жалынды публицист, көрнекті қоғам қайраткері Нұрлан Оразалин:
Достарыңызбен бөлісу: |