Фарида Онгарсынова мен Күләш Ахметова - талантты ақын апаларымыз.Фариза ақынның ойшылдығы, көңіл-күйіне бөленген толғанысы әдемі, ондаөмірді жалған мадақтау жоқ, өмірдің азапты сырын түсінген адамның мұндыәсері бар. Оның жырларын оқи отырып, уақыт, заман жүгін арқалағанадамның ауыр сезімін, кеше Абайды күйзелткен ортаның түгелдей өзгеріпкетпегенін көресің.
Көп адамға көктем де, қыс та арайлы,
Ал мен үшін алтын да мыс талайғы.
Жай құбылыс секілді құшсам Айды
Бақытым да әйтеуір басқалардың
бағына ұқсамайды.
Бұдан біз ақындық тағдырдың ғажап қиындығын, оның қоғам алдындағы
ауыр жауапкершілігінкөреміз. «Тіл өнері дертпен тең» деген Абай сөзі -Фаризаныңақындық кредосы.Күләш Алметова жырларында лиризм, сезімталдық, нәзік мінезділікбайқалады. Исраил ақын жырларына да бұл қасиеттер тән.Ой-сананыңдүр сілкініп, оянған, жаңа серпін тапқантұсыеліміздіңтәуелсіздік алуымен байланысты.
31. А.Байтұрсыновтың аудармаларын саралаңыз
Тұтас буынның төл басы, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым-тілші, әдебиет зерттеуші, тюрколог, дарынды ақын аудармашы Ахмет Байтұрсынов қалдырған бай мұраның бір саласы – оның көркем аударма дамуына үлесі.
Қазақ әдебиетіндегі көркем аударма тарихы бай екендігі мәлім. ХХ ғ. бас кезінде аудармада, әсіресе орыстың классикалық әдебиеті үлгілерін қазақ тіліне аудару ісінде едәуір тәжірибе жинақталған еді. Сонау Абай мен Ыбырай тәжірибелерінен басталған бұл игі дәстүр Ақылбай мен Мағауия Құнанбаевтар, Шәкәрім Құдайбердиев, М.Сералин, Б.Өтетілеуов, Ғ.Қарашев аудармаларының, газет-журналдардағы тәржімалармен толыға түскен. Енді бір топ ақын-жазушылар – А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, М.Дулатов Шығыс пен Батыс елдерінің әдебиеттер үлгілерін, орыс классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударып, көркем қазынаның бұл саласын байытуға көп қызмет етті.
А.Байтұрсынов алғаш рет аударма жинақ бастыру ісін бастаушы болды. Ахметтің ақын ретінде ең әуелі аударма арқылы танылды. Ол орыстың классикалық жазушысы И.А.Крылов мысалдарының бір тобын қазақ тіліне аударып, «Қырық мысал» деген атпен Санк-Петербург 1909 жылы императорлық ғылыми академиясының баспаханасында жеке кітап етіп шығарды. Бұл И.А.Крылов шығармаларының қазақ тілінде, тіпті Орта Азияда десе де артық емес, тұңғыш жеке кітап болып бастырылуы еді.
А.Байтұрсынов «Қырық мысал» жинағына жазған «Замандастарыма» деген кіріспесінде аударманың мән-мақсаты, дәуір дүбіріне ілесу ниеті, қиындық жағдайларда орындағаны туралы айта кетеді. «Қырық мысалды» Мұхтар Әуезов «қалың қазақ жұртының алғашқы естіген төңкеріс рухындағы сөзі» деп бағалаған еді.
Крыловты кезінде Абай да аударған. Байтұрсыновтай көп емес, академиялық жинақта Абайға телініп жүргендері 12 мысал. Ахметтің де, Абайдың да аудару принциптері қазақтың тосаң құлағына етене еніп, жеткізу шеберліктері де айна-қатесіз бірдей десе де болады. Түпнұсқа мазмұнынан ауытқымай, соны өз сөздерімен жеткізуге емін-еркін тырысқан екі ақынның орысшасындағы көркемдік бөлшектерді түсіріп алмай, соншалықты ұқыпты беруге ұмтылған ұқсастығына қайран қаласың. Мысалы, Крыловтың атақты «Қарға мен түлкі» атты мысалын Ахмет Байтұрсынов он бір буын қара өлеңмен төрт жолдық шумақтар арқылы баяндайды. А.Байтұрсынов аудармасына үңілсек:
«Тамаша қарағанға түрің қандай,
Мынау көз, мынау мойын, мүрын қандай.
Гауһардай қанаттарың жарқырайды,
Келісті қалай біткен және маңдай»
Крыловтан тәржімә жасау Абай шығармашылығының соңғы кезеңдеріне жатады. Демек, Абай немен аяқтаған болса, Байтұрсынов дәл содан бастады деуге, яғни Абай эстафетасын Ахмет жалғастырады деуге толық негіз бар.
Сонымен қатар, бұл жинақта орыс әдебиетінде мысал жанрын қалыптастырушылардың бірі И.И.Химинцердің «Ат пен есек» шығармасы қазақшаға аударылған. Онда көтерілетін мәселелердің, айтылатын ойлдардың салмақтылығына, қазақ ақыны қатты көңіл бөлген.
Бір жағынан қызықты форма, екінші жағынан ұғымды идея, үшінші жағынан қазақ тұрмысына ет-жақын суреттерді ұластыра келіп, бұл өлеңдерді халықтың төл дүниесіндей етіп жіберген.
Достарыңызбен бөлісу: |