Xx ғ. б. қазақ әдебиетіндегі әдеби бағыттардың ерекшелігін саралаңыз


М.Сералинніңшығармашылығына тоқталыңыз



бет46/96
Дата25.12.2023
өлшемі400,45 Kb.
#199233
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   96
Байланысты:
соңғысы ХХ ғасыр нақты номерленген.

М.Сералинніңшығармашылығына тоқталыңыз..

Сералин Мұхамеджан (1872-1929) жазушы, ақын, публицист, журналист.Қостанай облысы Қарабалық ауданының Өрнек ауылында дүниеге келген. Троицкідегі медреседе оқып, Қостанайдағы 2 кластық орыс-татар мектебін бітірген. 1911-1915 жылдары Троицкіде «Айқап» журналын шығарды. Қазақша-орысша білімді болған. Оның «Топ жарған»(1900), Гүлкәшима»(1903), поэмалары қазақ жазба әдебиетіне елеулі үлес болып қосылды. М.Сералин олеңдері қазақ өмірінің, әлеуметтік тұрмыстың шындығын танытады («Бай,патша һәм кедей», «Бай, қасқыр, аңшы»т.б.).
«Топ жарған» поэмасында Кенесары бастаған ұлт-азаттық котерілістің нақты шыңдығы көрініс табады. Поэманың басты кейіпкері Адай жігіттің бостандығы көксеген ой-арманы Кенесары көтерілісімен желілес беріледі. Поэмада Кенесары-Наурызбай көтерілісін қалың бұкараның жақтауы жеке кейіпкерлер сөздері аркылы беріліп, шындықты ашудың жақсы тәсілі қолданыс тапқан. «Топ жарған» поэмасында Кенесары көтерілісінің қазақ бұқарасын қорғаған көтеріліс екендігі қилы тағдырлар тоғысы арқылы көрініс табады. Адай жігіт бейнесі - көтерілісті жүрек қалауымен жақтаған ерлер бейнесінің жинақтық образы. Поэманың композициялық құрылымының ерекшелігі - ақынның орыс классикасынан үйренуінің дәлелі. «Топ жарған» поэмасында тіл сонылығы бар. Тарихи шындықты, нақты өмірді тың теңеу, көркем суреттермен бере білген ақын поэмасының тарихи мәні өте зор.
М.Сералиннің «Гүлкәшима» атты шығармасы (1903) - қазақ өмірінен алынып жазылған лирикалық поэма. Поэманың негізгі идесы бас бостандығын аңсаған жастар мен эйел теңсіздігін жырлау болып табылады. «Гүлкәшима» поэмасы - махаббатты жырлауда жазба кәсіптік әдебист деңгейінде өмір шындығын нақты көрсететін шынайы көркем туынды.Жекелеген бөлімдердің жүйелілігі мен тұтастық желісі бар. Ақын ескі, әдет-ғұрыптарға және қазақ қоғамының кертартпа күйіне бас кейіпкердің (Баймағамбет) өлімі арқылы наразылық білдіреді. Поэмада еркінен айырылған адал жардың сезім тазалығы жырланады. Шығарма сюжеті авторлық шешім арқылы жаңа жүйеде құрылған. Оқиғаның әрбуі көбіне хат арқылы беріліп, авторлық козқарас арқылы түйінделіп отырады. Поэманың публицистикалық сипаты басым. Онда ауыз әдебиеті дәстүрінің белгілері де кездеседі. Поэмада қазақ тұрмыс-салты кең көрініс тапқан.
М.Сералиннің «Гүлпахим» поэмасы XX ғасыр бас кезіндегі қазақ поэзиясының ірі табысы саналады. М.Сералин «Рустам-Сухраб» дастанын орыс тілінен аударған (Жуковскийден). Шығыстың классикалық шығармасы «Шаһнаманың» тұнғыш рет қазақ тілінде аударылуының тарихи маңызы өте зор. М,Сералин журналистік қызметі «Айқап» журналын шығарумен тығыз байланысты, Журналдың бас редакторы ретіндегі идеялық көзқарастарының қазақ ұлтының санасын оятуда мәдени-эстетикалық маңызы бар. М.Сералин көсемсөзші ретінде өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан қаламгер. Журналдың қазақ мәдениеті мен әдебиетін дамытудағы іс-әрекеттерінде М.Сералинның басшылық қызметінің әсері мол болды. Өзінің жеке мақаларалында («Аштық хаһында», «Келешек заманымыздың қамы», «Қазақ халқының мұң-мұқтаждыты» ақ жастары»және т.б.) қазақ қауымының жоғын жоқтап, оларды ағарту секілді басты мәселелерді нақты көтерді. Мақалалары тілдік тұрғыдағы жетістіктер де кездеседі. М.Сералин жалпы ұлттық сананы ояту тұрғысында еңбек етіп, ХХ ғасыр басындагы қазақ қоғамының көрнекті саясаткерлерінің қатарына көтерілді. 1919-1920 жылдары - «Ұшқын» газетінің қызметкері, 1921-1922 жылдары - Қостанайдагы Шүбар болыстық атқару комитетінің төрагасы 1922-1923 жылдары - Қостапай губерпиялық атқару комитеті төрағасының орыпбасары. 1923-1926 жылдары - «Ауыл» газетінің редакторы қызметтерін атқарған.
М.Сералитнің журналистік қызметі екі кезеңге бөлінеді. 1- кезеңіне «Айқап» журналында төңкеріске дейін басылған 40-қа жуық мақалалары жатады. 2 кезең 1918-1928 жылдар аралығын қамтиды, бұл кезеңде «Үшқын», «Еңбекші қазақ», «Ауыл» газеттерінде саясат, шаруашылық, мәдениет мәселелері жайында мақалалары жарияланды. М.Сералин Ы.Алтынсариннің ағартушылық-демократиялық идеяларын қолдады. Фердоуси «Шаһнамасының» «Рүстем - Зораб» бөлімін В.Жуковский нұсқасынан, сондай- ақ А.Сорокиннің «Жусан» повесін қазақ тіліне аударған.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет