Xx ғ. б. қазақ әдебиетіндегі әдеби бағыттардың ерекшелігін саралаңыз


С. Торайғыровтың әдеби-сыни мақалалаларына талдау жасаңыз



бет49/96
Дата25.12.2023
өлшемі400,45 Kb.
#199233
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   96
Байланысты:
соңғысы ХХ ғасыр нақты номерленген.

С. Торайғыровтың әдеби-сыни мақалалаларына талдау жасаңыз

Қазақ әдебиеті сынының туу процесі баспасөз орындарының пайда болуымен және жазба әдебиетінің өркендеуімен тығыз байланысты. Жазба әдебиеттің идеялық-шығармашылық арнасынан бағыт-бағдар алып, ұлттық ой-сана мен эстетикалық талап-талғам деңгейінен көрінеді.


«Айқап» журналы оқырманның эстетикалық талап-талғамын қалыптастырудағы алғаш қадам жасаған басылымдардың бірі болды. Журнал бетінде әдеби-мәдени мәселелерге, аннотация, жарнама-сындарға кеңірек орын берілді. Журналдың оқу құралдары жөніндегі көзқарастары. С. Торайғыровтың «Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан», «өлең мен айтушылар» атты мақалалары «Айқапта» жарияланған ең құндысы және өнегелісі болды.
Қазақ топырағында ақынды танып білу әрекеті үстіміздегі ғасырдың 10-жылдарынан басталса, тілі жөніндегі ой пікірлер де осы тұста айтыла бастады. Рас, олар тым келте, дәлелі мен дерегі әлсіз болды. Бұл кезеңдегі назар аударатын пікір- Сұлтанмахмұт Торайғыровтікі. Ол «Айқап» журналының 1913 жылғы төртінші нөмерінде «Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан» деген мақала жариялап, онда сол тұстағы қазақ поэзиясының мазмұн- мәнімен қатар, тілін де азын-аулақ сөз етеді: «Нағыз шын айтқан уақытта, қазақ тілінде деп бастырып жүрген кітаптардың көбінде қазақтың иісі де жоқ. Неге десеңіз, тілдері бытпырақ. Бытпырақ болмағандарының ағыны теріс.», дейді. Мұнда «бытпырақ», «шата тіл» деп отырғаны – сол кездегі қазақ поэзиясының, жалпы қазақ жазба дүниелерінің тіліне шағатайша, татарша элементтердің араласып бара жатқанын айтып, қаззақ әдебиетінің қазақтың халықтық өз тілі негізінде дамуына бүйрегі бұрғаны. Осыларды айта келе, қазақ өлеңдері турасынан «Жақсы өлеңдер басқаларға қарағанда пайғамбардың жүрегінен құйылған құрандай, соқыр кісі сыбдырынан танырлық аққұла ашық тұрады. Марқұм Абай өлеңдері секілді» - деп түйеді.
Мақаласын толық оқуға: https://bilim-all.kz/article/9122-Qazaq-tilindegi-olen-kitaptary-zhaiynan
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 1913 жылы жарық көрген тағы бір сыни мақаласы - «Өлең мен айтушылар». Мақаласын «Заманның айдауыменен күн асқан сайын қазақшылықтың шылығы жылжып кетіп барады», деп бастап, қазақтың дәстүрлі ән өнері мен домбырасы жайлы сөз қозғайды. «Кемпір-шалдарымыздың да: «Ай - хай, заман – айының» біреуін қосылып жүрген осы әндеріміздің жоғалып бара жатқандығын» айтады. Халықтың жиыла қалып, шырқайтын ән-жырын «көңіл машинасы» деп : «Байқаймысың, біздің қазақ ән құмар халық. Газет оқып, не шариғат, не насихат айта бастасаң, құлағын салар - салмас шеттеп кетеді. Біреу қолына домбыра ұстап ән сала бастаса, ойдағы - қырдағысы жиылып, сегіздегі бала, сексендегі шалына дейін қалмай қамалап, айтшы - айтшылап жанын жағасына келтіреді. Мағынаны керек қылмаса да, әнге бола жиылады.»- дейді.
Қорытындылап, түсіну үшін толық мақала: https://bilim-all.kz/article/9113-Olen-ham-aitushylar
Айта кетерлік, тағы бір өзекті мақаласы- «Қазақ ішінде оқу, оқыту жолы қалай?». Бұл мақала халықты сауаттандыруға арналған. Молдардың балаларды оқытуы, ата-аналардың жіберетін қателігін ескере келіп, «балаларды қалай дұрыс оқытудың» жауабын іздейді.
Толық мақала: https://bilim-all.kz/article/9112-Qazaq-ishinde-oqu-oqytu-zholy-qalai





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет