Xx ғ. б. қазақ әдебиетіндегі әдеби бағыттардың ерекшелігін саралаңыз


І.Жансүгіров лирикасындағы суреткерлікті айқындаңыз



бет51/96
Дата25.12.2023
өлшемі400,45 Kb.
#199233
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   96
Байланысты:
соңғысы ХХ ғасыр нақты номерленген.

І.Жансүгіров лирикасындағы суреткерлікті айқындаңыз.

Ілияс Жансүгіров 1894 жылы 14 мамырда Алматы облысы Ақсу ауданында дүниеге келген. Анасынан ерте айырылған ол әке тәрбиесін көріп өсті. Әкесі Жансүгір аз ғана дәулеті бар, ескіше хат танитын, батырлық дастандар, тарихи оқиғалар мен аңыз-ертегілерді жақсы білетін, он саусағынан өнер тамған адам болған.Ақынның лирикалық өлеңдерімен қоса, "Жетісу суреттері" "Күй", "Күйші" сынды классикалық шығармалары – ешқашан ескірмейтін, қайталанбас туындылар. Ал "Құлагер" поэмасын оқымаған қазақ баласы кемде-кем шығар.Ақын «Құлагер» поэмасын 1936 жылы жазған. І.Жансүгіров бұл поэмасында қазақ халқының өмірін, өткен оқиғалар тоғысын, даму, өзгеріс тұрғысынан қарап, əлеуметтік-қоғамдық проблемаларды жеке адамдардың тағдырын, нақты, реалистік көркем тұлғалар арқылы бейнелеген. Шығармаға ХІХ ғасырдың екінші жартысында дүниеге келіп, ХХ ғасырдың басында опат болған, əрі ақын, əрі сазгер, күрескер азамат Ақан сері Қорамсаұлының өміріндегі драмаға толы, трагедияға ұласқан оқиға негізге алынған.
Ақан серінің тағдыры – ешкімге ұқсамайтын қызғылықты, азабы мен күресі көп күрделі тағдыр Поэмада Ақан сері мен Батыраш бұрыннан бірін-бірі білетін адамдар ретінде суреттеледі. Өр көңіл, жуан кеуде Батыраш сұлу əйел, жүйрік ат, бақ-дəулет тек өзінде болуын қалайды. Арқаға даңқы шыққан Құлагерге қызығып, Ақанға кісі салып, алтын жамбы, жесір əйел, үйірлі жылқыға атын берсін деп сəлем жолдайды. Бұл сұрауға илікпеген Ақанға кек сақтап, ерегісіп, жүйрік Көктұйғынды сұлы жегізіп, сүт беріп мəпелейді. Ат шабысқа жиналғандардың ойы, түйсігі өздерінің ортасының өмір салтынан қашық емес екенін, жүйрік атты өзге байдың алдында салтанатын асыру үшін, атақ-абырой үшін ұстай-тынын көрсетеді. Ақын Батырашты қазақ билеушілерінің бүкіл сипаттарын бойына жинаған образ ретінде берген. Аты бəйгеден келмеу деген ол үшін өліммен тең қорлық болып саналады. Ал Ақанның жүйрік тануы, бағалауы мүлде басқаша. Ол Құлагердің бойынан өзінің жан рақатының сарқылмас азығын, сұлулық пен əсемдіктің көзін табады. Сондықтан да оны адамдай құрметтейді.
Ақын поэмада жүйрік аттың да теңсіздік үстем қоғамда бір-біріне қайшы екі түрлі мақсатқа қызмет еткенін асқан шеберлікпен суреттеген.. Ақанның ақындығы да, əншілігі де, серілігі де Құлагермен тікелей сабақтас. Құлагер – оның өмірінің жартысы, жарқын жағы. Сондықтан шығармадағы Құлагер трагедиясы – Ақан трагедиясы. Поэманың реалистік күші де, əлеуметтік өткірлігі де осы өзекті тақырыпты шебер де əсерлі жеткізумен көрінеді. І
лияс Жансүгіровтің тілі – көркем тіл. «Жетісу суреттерінен» оның шеберлігін көруге болады. Сөз саптау, образды бейнелеу, заттардың түсі мен құбылыстардың сынын дәл суреттей алған. Соның бір дәлелі ретінде мына бір-екі өлеңіне талдау жасап көрейік.
Бұлт
Түнгі жаймен жуынып, (7 буын)
Көгілдір көк күлімдер, (7 буын)
Шөгіп шоқ-шоқ тұман, бұлт, (7 буын)
Шоқы сүйіп, дірілдер. (7 буын)
Көк мұнарлы белбеуін (7 буын)
Ақын бұл өлеңінде табиғатқа жан бітіргендей жырлайды. Көк аспанның түнгі найзағайлы жауынға жуынып, күлімдеп тұрғанын әсерлі жеткізеді. Тұман, бұлттар бара-бара сейілгенін, тыныш жатқан табиғатты қорқытпау үшін шөге бастағандай. Алып тауды да көк мұнарын белбеу етіп буынып жатқандай бейнеледі. Ақын бұлтты керуенге балап, сәлем беріп, таудан асқанын да, шыңын мұз басқан тауды ақсақалға балап сәлем берген бұлттың қолын алғанын да шебер суреттейді. Ештеңеде шаруасы жоқ тастың өзін ерекше суреттейді. Соңғы шумағында бұлтты бөбекке, ал тауды анаға балайды. Оның да сыры бар. Ана баласын тербетіп ұйықтатқандай, бұлтты да «ұйықтатады». Жел тұрғанда бұлтты қуып, жауын жауғызуы мүмкін ғой. Ал ақын осы тұсты бөбек жыламасын деген идеямен «Ұйықтай тұрсын ол бала» деп бе…Ақын бұл өлеңінде тастың өзге заттардан ерекшелігін сынайды. Жауын жауған даланың суретін дәл береді. Көк аспанның тұнықтығы, жел тұрып, бұлттың аспанды торлауы, жаңбырдың жаууы, найзағайдың ойнауы реттілікпен суреттеледі. Ең қызығы, ен дала жауын суына балбырап жатыр, бірақ, тас қана қалпын сақтап қалғаны. Бір оқығаннан ақынның сезімталдылығын көруге болады. өзгелер байқай бермейтін құбылысты ақын ғана сезінгендей.
Автор «көгілдір, мөлдір көк аспан», «жылпың жел», «көк күмбез», «асқақ жел» секілді эпитеттерді қолдана отырып, табиғаттың сұлулығын жеткізеді. «Бұлт бұрқырап, аспанды астарлады» деп кейіптеумен беруі де өлеңге өң бере түседі.Жалпы, Ілиястың өлеңдеріндегі сурет қанық түспен боялған. Табиғаттың жансыз құбылысын адамның қимыл-қозғалысына теліп беру асқан шеберлікті талап етеді. Демек, Ілиястың тілі – шебер тіл.Жер таппан жерге жетер Жетісуым: Күркілдек, Көксу, Лепсі, Іле, Шуым, – деп Ілияс ә дегеннен топонимдік атау­ларды бауырына басып, меншіктеп жырға қосты. Жаратылыстың тіл жетпес сұлулығына жаны елжірей елтіген ақын со қалпынан, бауырына­ басып менікі деуден танбайды.­ «Ағынды менің Ақсуым». Расында, Жетісуды жырлаған ақындар қазақта аз емес, бірақ Ілияс Жансүгіровтың буырқанған жырлары көне Гомерден басталған ағыл-тегіл эпикалық сарынға бірден ұйытып әкетеді.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет