Xx ғ. б. қазақ әдебиетіндегі әдеби бағыттардың ерекшелігін саралаңыз


Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Жамбыл ақындығын зерделеңіз



бет59/96
Дата25.12.2023
өлшемі400,45 Kb.
#199233
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   96
Байланысты:
соңғысы ХХ ғасыр нақты номерленген.

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Жамбыл ақындығын зерделеңіз.

Ұлы Отан соғысы басталғанда Жамбыл 95 жаста еді. Қартайған, қажыған, оның үстіне сырқат еді. Соған қарамай ол Отан соғысының алғашқы күндері-ақ «Ата жаумен алыстық», «Өлім мен өмір белдесті», «Аттан, батыр ұрпағым!», «Кеңес жауынгерлеріне» деген сияқты бірсыпыра өлең, жыр шығарды. Қарт ақынның бұл өлең, жырлары мейлінше жалынды, жауға деген ыза-кек, өшпенділік, қаһар, Отанға, халыққа деген зор сүйіспеншілік, кеңес халқының жеңуіне шексіз сенім, нағыз патриотизм жыры болды.
1941 жылы 22 маусым күні неміс-фашист басқыншылары елге басып кіріп, Отан соғысы басталған кезде, бұл басқыншылыққа ызаланған Жамбыл «Ата жаумен айқастық» деген ұзақ жыр айтты.
Ол Отанды қорғаған, ерекше ерлік көрсеткен жеке қалаларға, жеке жауынгерлерге, әскер бөлімшелеріне, бүкіл Кеңес Армиясына арнап өлең жыр шығарған болатын. Мысалы, ол «Москваға», «Ленинградтық өрендерім», «Кеңес гвардеецтеріне», «Майданға хат», «Темір тұлпар мінген қыз», «Аттандыру», «Отан әмірі», «Алынбас қамал», «Воронеж батырларына», «Қамал бұзған қаһарман», «Жау ажалы жақын» т.б. өлең, жыр, дастан шығарды.
Мысалы, Жамбылдың «Ленинградтық өрендерім!» деген өлең-жыры қоршауда қалып, жаумен қиян-кескі ұрысып жатқан ленинградтықтарға үлкен әсер етіп, олардың күшіне күш қосқан. «... Біз Жамбылдың өлеңін көзімізге жас іркіп, көкірегімізге кек толып оқыдық. Қазақстан халқы бізге туысқандық сәлем, достық пен махаббат жолдаған деп ұқтық. Бұл бізге зор жігер берді. Бейне бір запаста тұрған тұтас әскери күш келіп қосылғандай сездік. Еселенген күш, қуатпен, жігермен ұрыстық», - деп жазды Ленинградты қорғауда болған жазушы Всеволод Вишневский.
Бұл жырды Жамбыл Ленинградтың халі аса бір ауыр шақта, қала жаудың қоршауында қалған кезде шығарды. Осы кезде Жамбыл жырының күші мен әсері қандай болғаны туралы орыстың белгілі ақыны, Ленинград Жазушылар одағының төрағасы болған, қаланы қорғауда ерекше көзге түскен адамның бірі Александр Прокофьев былай дейді: «Жамбылдың «Ленинградтық өрендерім» деген жыры жарияланған кез Ленинградтың халінің аса бір ауыр шағы еді. Бұл шақта, немістің қоршауында қалған Ленинградта азық өте аз болды, күніне жұмыс істеітін адам 250 грамм нан алды, ет, май дегенді халық өте аз және өте сирек көрді, басқа азықты білген жоқ. Үйлерге жіберілетін су тоқтатылды, канализация істемеді, отын атымен болмады. Жау атқан снаряд пен бомбалардың салдарынан шынысы қирап, терезе біткен аңырайып ашық тұрды, электр жарығы да нашар жанды, тіпті қаладағы үйлердің көбінде болған жоқ. Қалаға жаудың оғы үздіксіз жауып тұрды.
Осындай кезде Жамбылдың «Ленинградтық өрендерім» деген жыры газеттерде жарияланды. Халықтың рухын көтеруде ерекше күші көрінген бұл жырды Ленинградтың радиосы күніне әлденеше рет оқып тұрды. Жыр үлкен әріппен басылып, көшелерде плакат боп ілінді. Сол плакатты үймелесіп оқысып, көздерінен жастары сорғалаған талай адамдарды көрдім. Немістердің самолеттері төбеде ұшып бомба тастап жүргенде, бомбапанаға тығылудың орнына, Жамбылдың жыры басылған газетті алуға көшеде кезекте тұрған адамдарды талай көрдім». Прокофьев сөзін аяқтай келіп, Жамбылдың бұл өлеңінің Ленинград халқын және оның жауынгерлерін жігерлендіруде өте зор қызмет атқарғанын айтады.
Ленинградтық өренім!
Мақтанышым сен едің!

Нева өзенін сүйкімді!

Бұлағымдай көремін

Соғыс жылдары Жамбылдың ұлдары Алғадай мен Ізтілеу армия қатарына алынды. Ізтілеу осы қиян-кескі соғыста хабарсыз кетті. Ал, майданда Алғадайдың көрсеткен ерліктерін айтып бөлім бастығы хат жазғанда, Жәкең аса қатты қуанды. 1942 жылдың күзінде Алғадайдың өзі әкесіне хат жазып, ерлік қимылдарымен таныстырады. Соған қайтарған жауабында Жамбыл:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет