Xx ғ. б. қазақ әдебиетіндегі әдеби бағыттардың ерекшелігін саралаңыз


Ғ.Мүсіреповтің символдың әңгімелері турасында баяндаңыз



бет58/96
Дата25.12.2023
өлшемі400,45 Kb.
#199233
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   96
Байланысты:
соңғысы ХХ ғасыр нақты номерленген.

Ғ.Мүсіреповтің символдың әңгімелері турасында баяндаңыз

Ғабит Мүсірепов бүгінгі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жаңажол ауылында дүниеге келген. Орта жүздің керей тайпасының Сибан руынан шыққан.
Алғашқыда ауыл молдасынан арабша хат танып, жастайынан әуелі екі жылдық ауылдық орыс мектебін, кейін төрт жылдық жоғары орыс мектебін бітіреді.
Орыс мектебінде жүргенде орыстың атақты ақын жазушыларының шығармаларын оқып білуі, ауыл мектебінде өзін оқытқан әдебиетші мұғалім Бекет Өтетілеуовтың әсер-ықпалы болашақ жазушының әдебиетке ерекше ықылас аударуына септігін тигізеді.
Орынбордағы рабфакта оқып жүргенде ол әдеби білімін, эстетикалық сезімін одан сайын жетілдіре түседі. Осында өткізген 1923 – 1926 жылдары Орынбордағы жұмысшы факультетінде Сәбит Мұқановпен бірге оқыды және Сәкен Сейфуллинмен танысты.
Алғаш 1925 жылы «Едіге» әңгімесі «Еңбекші қазақ» газетінде жарияланды. Мүсіреповтің тұңғыш повестерінің қатарына 1928 жылы Қызылорда қаласында жарық көрген “Тулаған толқында” мен “Американ бидайығы” атты шығармалары жатады.
Ғабит Мүсірепов алғашқы шығармаларынан-ақ жазушылық шеберлігімен танылды. “Қос шалқар” (1928), “Көк үйдегі көршілер” (1929), “Өмір ертегісі” (1930), “Алғашқы адымдар” (1932), “Шұғыла” (1934), “Үздіксіз өсу” (1934), “Жайлау жолында” (1936), “Тұтқын қыз” (1938), “Жеңілген Есрафил” (1939), тағы басқа әңгіме, повестерінде еңбек адамдарының қиындыққа толы қажырлы өмірі мен азамат соғысы, ұжымдастыру кезіндегі дүрбелең оқиғалар легі суреттеледі.
Мүсірепов әр кезеңде жазылған ана тақырыбындағы туындыларында қазақ әйелінің жиынтық бейнесін жасады. Көптеген әңгіме, новеллаларында Әйел — Ананың бейнесін асқақтатып, әлем әдебиетіндегі Әйел — Ана тұлғаларының галереясын байыта түсті. Ол “Ананың анасы” (1933), “Өлімді жеңген ана” (1933), “Ашынған ана”, “Ананың арашасы” (1934), “Ер ана” (1942), “Ақлима” (1944), “Әмина”, “Ана жыры”, “Ана” шығармалары арқылы сөз өнеріне жаңа көркемдік өрнек әкелді.
Мүсіреповтің алғашқы романы — “Қазақ солдаты”. 1945 жылы “Қазақ батыры” деген атпен жарық көрген повесін жазушы өңдеп, толықтырып, 1950 жылы қайта жариялады. Бұл шығарма бүкіл қазақ әдебиетінің проза саласында II дүниежүзілік соғыс тақырыбына арналған тұңғыш туынды.
“Оянған өлке” (1953) тарихи романында қазақ халқының 19 ғасырдағы өмірі үлкен суреткерлікпен өрнектелген, қазақ жеріне өндіріс орындарының орнай бастауы шынайы сипатталған. Шығармада жазушы ескілікті әдет-ғұрыптарды сынап, кейбір кертартпа дәстүрлердің қазақ даласында азая бастағандығын көрсетті. Қазақ топырағындағы Қарағанды шахтасы мен Ақбұйрат мыс қорыту зауытының құрылуы мен жаңа өмірге ұмтылған адамдар тағдыры, характер шиеленістері, түрлі қақтығыстар – барлығы романда көрініс тапты.
“Оянған өлкенің” заңды жалғасы болып табылатын “Жат қолында” (1984) романы 30 жылдан соң жарық көрді.
Роман өндіріс ошақтарын ағылшындар мен француздардың билеп-төстеуі мен сол тұстағы (19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басы) халық тұрмысын тарихи тұрғыдан терең бейнелеуімен, Орталық Қазақстан өңіріндегі әлеум. өмірдің шындығын кең ауқымда байыпты түрде суреттеуімен құнды.
Қаламгердің көп ізденіс, үлкен дайындықпен келген образы — Ұлпан бейнесі (“Ұлпан” романы, 1974), ол — қазақ әдебиетіндегі қайталанбас, оқшау тұрған әдеби образ. Өзінің бар ерекшелігімен, көркемдік бітімімен, эстетикалық әсер-күшінің молдығымен көрінетін Ұлпан бейнесін жасауға жазушы өмір бойы іштей дайындалып, көп ізденіп, толғанғаны байқалады. Ол күнделігінде: “Менің ойымда Ұлпан 40 жыл бірге жасасып жүрді. Мен ол бейнені әр қырынан көрсетуге тырыстым – ойы, сезімі, сырт суреті, жас кезі, есейген кезі, мінезі, мейірімі, тағысын тағы.” деп жазды. Шығармадағы Ұлпан мен Есеней ойдан шығарылған образдар емес, тарихта болған адамдар. Сонымен қатар туынды арқауына алынған 19 ғасырдың 2-жартысындағы қазақ халқының әлеуметтік-тарихи өмірі тарихи жан-жақты зерделеніп, іріктелген оқиға, мәліметтер.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет