Xx ғ. б. қазақ әдебиетіндегі әдеби бағыттардың ерекшелігін саралаңыз


Б.Нұржекеев прозасындағы замандас бейнесін сипаттаңыз



бет56/96
Дата25.12.2023
өлшемі400,45 Kb.
#199233
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   96
Байланысты:
соңғысы ХХ ғасыр нақты номерленген.

Б.Нұржекеев прозасындағы замандас бейнесін сипаттаңыз.

Алғашқы романы «Күтумен кешкен ғұмырда» қазақ елінің дүрбелең дәуір – 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі тұ­сында әнші Әтікенің тағдыр тәлкегіне түсіп, қилы ғұмыр кешкен кезеңінің оқи­ға­лары көркем суреттелген. Арада қырық жыл өтсе де, өлі-тірісін біле алмай арманда ғұмыр кешкен әншінің әке-шешесінің, әсіресе ғашықжары Қайныкештің сағы­нып, сарғая күткен, өкініште өткен өмірі­нің естен кетпес ғажайып хикаясы оқыр­мандар жүрегін баурап алған айрықша, тамаша шығарма. Бұл роман таза, мөлдір махаббат жыры.
Ал «Бір өкініш, бір үміт» романы тұтас бір дәуір келбеті мен сол кездегі ұр­пақ­тың өмір жолы, тағдыры, қуаныш-реніштері, мөлдір сезімдері көркем суреттелген, өмір шындығынан алынған шығарма. Роман замандастарымыздың өмірден өз жолын тауып, өнерге ұмтылыс-талпынысын, сол мақсатқа жетуге талаптанған ізденістерін, сондай-ақ, адамдар бойында адалдық, кісілік, адамгершілік қасиеттерінің қалыптасу мәселелерін қозғаған таңдаулы туынды. Бір қарағанда, шығармадағы оқиғалар, әсіресе, алғашқы махаббат, адамдық пен аярлық хақындағы тақырыптың әде­биетте аз жазылмағаны аян. Алайда, Бек­сұлтан өз қолтаңбасын тауып, жаныңды толқытып, сезіміңді оятып, біржолата сөзінің сиқырымен баурап, алабөтен айшықты шығарма жазудың құпия кілтін тапқан-ақ. Қысқасы, бұл да заман, уақыт шындығы, замандастар бейнесі кемел кес­теленген шоқтықты шығарма.
Бексұлтанның жазушылық абыройын асырған жұлдызды шығармасының бас­тысы «Күнәлі махаббат» екендігі дау­сыз. Бұл тұңғыш жазушылық тұсауын кесіп, «Жұлдызда» жарияланған әрі бірден көзге түсіп, жолын ашқан ұлпа сезімді ұлықтаған, оқырманын салған жерден жетелей жөнелетін тартымды шығармасы. Отанды да, отбасын да ойрандап, жанға жазылмас жара салған сұм соғыс туралы талай-талай өлең, поэма, повесть, романдар барын білеміз. Олардың көпшілігі сол қанқұйлы соғысқа қатысқан ақын-жазушылардың шығармалары. Ал соғысқа қатыспаса да, жетімдік пен жесірліктің зардабын шеккен орта буын қаламгерлер де қарап қалған жоқ. Соның бірі – Бексұлтан. Сол соғыста сүйіп қосылған күйеуінен – жігіттің төресі Нұржаннан айрылған Зерен сынды зипа мінез, сұлу да жас келіншектің тәлейі жоқ тағдырын жазушы өз жүрегінен өткізіп, өз көзқарасымен саралап, тереңнен сыр толғап, ойын келістіре кестелеп жазған-ақ қой. Повестің қарасөзбен жазылған жырдай оқылып, ойлантып, көңіліңді мұң-шерге бөлеуінің сыры – жазушының өмір шындығының шырайын шығарып жазғандығында. Жазушы жастығы, көріктілігі адас­тырып, екі бірдей еркектің етегінен ұстауға мәжбүр болған, олардан да бала туып, ақыр соңында Нұржанның әке-шешесiнiң отбасына оралуы әңгiмеленген. Жазушы да, ойлы оқырман да бейкүнә Зерендi жазғырмайды, қайта жандары ашып, кейіпкермен бірге қамығып, бірге жабығып күй кешеді. Қалам құдіреті мен шындықтың әсері деген осы болар. Осынау әйелдің жан сырын өзіне айтқызу әдісімен жазылған баянды жаның тебіренбей оқуың мүмкін емес. Романның аяғы: «Мен көп қателескен әйелмін. Кінәм да, күнәм да көп. Үлгі алатындай ештеңем жоқ. Бақыттымын деп те, бақытсызбен деп те кесіп айта алмаймын» деген Зереннің сөзін зерделей келіп, жаны таза, сезімі мөлдір, жастықпен жаза басса да адамгершілік қасие­тінен айрылмаған кейіпкер жөніндегі пікіріміздің түйіні: Зерен өзін қан­ша кінәлі де, күнәлі санаса да оқыр­ман оған теріс қарап кетпейді. Ол бар бол­ғаны ақ, адал сезімнің, соғыстың құр­баны, бақытты ғұмыр кешуге талпынған уыз­дай жас, ажарлы, көрікті келіншек бәрі­бір сенің де қимас адамыңа айналып кететіні ақиқат. Келесі бір келісті роман «Жау жағадан алғанда». Бұл оқиғалары да, кейіпкерлері де нақты өмірден алынған, дәйек-де­рек­ті, өмір шындығымен шыңдалған көр­кем шығарма. Күні кешегі ел басынан кешірген қилы кезең, қым-қуыт тағдыр­лы адамдардың төңкерістен кейінгі ұжым­дастыру, сол саяси науқанның қазақ елінің басына қасірет бұлтын үйірген тұс­тары, зорлық пен қорлыққа шыдамай ел ауған дүрбелең дүниенің суретін бар со­рақы шындығымен мейлінше мөлдіре­тіп, жүрегіңді елжіретіп, көп жағдай­да қайғыртып, қапаландырып, жаның­ды жаралайтын осынау роман сол бір жаралы жылдарға, сол заманның басынан бағы тайған қарапайым адамдарына сөзбен сомдалған ескерткіш десек, еш қате­лес­пейміз.
Тағы бір тоқтала кетпеске болмайтын роман «Ерлі-зайыптылар». Осынау от­басылық өмірдің бүгі-шігін тереңнен қоз­ғап, сүйіспеншілік, сыйластық, адалдық, аярлық, ғашықтық, зұлымдық сынды адам баласына тән қасиеттердің сипаты, адамтанудың сәтті амалы көркем шы­ғар­мада әдемі әдіптелген. Жазушының жан байлығына, ақыл-парасатына дән риза боласың. Жалпы, осы тақырыптас шығар­малар Еуропа елдерінің атақты жазушы­ларының шығармашылығында ерекше орын алғаны белгілі. Ал мына роман таза қазақ отбасының өмір-тіршілігін ұлттық салт-дәстүр үлгісінде өрбіткен, жазылу мәнері жаңаша шығарма. Романда небір шиеленісті оқиғалар, қыз-келіншектердің бастарына түскен ауыртпалықтар – сыни сәттер әңгіме желісін жүйелей, қызықтыра баяндаумен ұштасып, қиюласа кетуі де жазушылық шеберлік пен тапқырлықтың нақты көрінісі. Қазақы түсініктегі тәлім-тәрбиенің жөн-жосығы, отбасы бірлігі мен бақытының баяндылығы турасындағы жазушының кең толғанысты, кемел ойлары оқырман жүрегіне жата қалады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет