Xx ғ. б. қазақ әдебиетіндегі әдеби бағыттардың ерекшелігін саралаңыз


С.Сейфуллин поэзиясындағы жаңашылдықты көрсетіңіз



бет64/96
Дата25.12.2023
өлшемі400,45 Kb.
#199233
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   96
Байланысты:
соңғысы ХХ ғасыр нақты номерленген.

С.Сейфуллин поэзиясындағы жаңашылдықты көрсетіңіз.

Жиырмасыншы жылдары қоғамдық өмірде болған түбегейлі өзгерістер, жаңа заман дамуының қарқындылығы, тарихи оқиғалардың жедел ауысып отыруы Сәкен поэзиясында сол дәуір бейнесін берерлік екінші образ — жүйрік пойыз-экспресті тудырды. "Біздің тұрмыс — экспресс" деп жырлады ол.
Жаңа қоғамдық құрылыстың даму қарқыны мен өзіндік сипатын, қанша ұшқыр да арынды болғанмен, тұлпар бейнесі таныта алмайды деп түсінген жаңашыл ақын:
Бұрын атым тұлпар еді — бәйге көк,
Енді, міне, пойыз болды, тұлпар жоқ.Ұзақ жолға
Тұлпар қол ма?
Мейлі жорға,
Тұлпар міну — Сарыарқада жүрсең тек.
...Ісі ерен
Ұқсас көрем
Отарбаны біздің осы тұрмысқа! — деп жазды. Жаңа елдің даму жылдамдығын ұшқыр пойызға — экспреске теңеу Сәкеннің басқа да туындыларында кездеседі. Жаңа өмірдің болашағына, оны орнатушылардың жасампаздығына ақын кәміл сенеді. Жаңа замандағы еңбектің, техниканың рөлі Сәкеннің көптеген өлеңдерінің мазмұнын құрайды. "Қара айғыр", "Аэропланда", "Аспанда" деп аталатын өлеңдерінде жаңа тұрмыс көрсеткіші ретінде көрінетін экспресс, пойыз, ұшақ образ-символдары ақын поэтикасында жиі ұшырасады.
"Біздің Сәуле", "Маржан" өлеңдерінде Сәкен теңдік альш, жаңа өмірдің белсенді құрылысшысы болған қазақ әйелінің ұнамды бейнесін жасайды. "Бұлшық ет" атты лирикалық өлеңінде барлық әрекет, қозғалыстың, динамиканың, даму атаулының тұтқасы — тас қопарып, жер үңгіп, шыңырау қазып, байлық шығарған, темір жол салып, жер қыртысын сыдырған адам қолын ардақтай келіп, ақын бұлшық етті айғырдың тоқпақ жалына, бөкеннің серке санына, қайыңның қырған безіне, шортанның жұмыр беліне теңейді. Сәкен лирикасының өзіндік сыр-сипаты алуан түрлі. Туған жерге сүйіспеншілік, табиғат көріністері мен құбылыстары, махаббат сырлары, сағыныш сазы, мезгіл суреттері, аң-кұсты аялау, ана-бала сүйіспеншілігі — ақын лирикасының басты тақырыптары.
Ол, әсіресе, табиғатты жан-жүрегімен нәзік сезініп, сүйіне жырлады. Ақынның әйгілі "Көкшетау" поэмасы қазақ жерінің ең бір көркем, сәулетті өңірінің естен кетпес мынандай керемет сұлу суреттерінен басталады:
Арқаның кербез сұлу Көкшетауы,
Дамылсыз сұлу бетін жуған жауьн.
Жан-жақтан ертелі-кеш бұлттар келіп,
Жүреді біліп кетіп есен-сауын.
Ғашықтық, сүйіспеншілік сырлары көбінесе табиғаттың қошеметі мен қолдау-құттауы аясында ашылады. Ақын махаббаттың арман-аңсары мен құпия сырларына сұлу табиғатты куә етеді. "Тау ішінде", "Біздің жақта", "Жазғы түнде" өлеңдеріне осы сипаттар тән. Оларда туған өлкенің сырлы табиғаты жастардың жүрек құпиялары, ынтық сезімдерімен жарастық тауып, оқырманды ерекше әсерге бөлейді. Ал "Анаға хат", "Анаға жауап" өлеңдерінде аналық-балалық махаббаттың, сағыныш-мұңның, өкпе-наздың, жүрек қылын шертер, көзге жас үйірілтіп, ет жүректі елжіретер нәзік лирикалық сезім жеті-сегіз буынды, шалыс ұйқаспен келетін өлең өрнегімен аса сәтті бейнеленеді.
Сейфуллин шығармашылырына тән тұрақты сипаттардың бірі — аллегориялық тәсілді символ бейнеге жиі пайдалануы. Оның "Аққудың айырылуы" поэмасында да мәңгілік те асқақ махаббатты жырлауға қазақтың ежелден бергі түсінігінде (аңыздарындағы) тазалық пен сұлулықтың, махаббатқа шексіз адалдықтың символы саналатын аққу бейнесі алынған.Оқиға Арқадағы бір сұлу көлдің жағасында өтеді. Ақын маржан сөз, шымкесте өлең өрнегін төгілдіріп, алдымен әлгі көлдің кісіні тамсандырғандай көркем суретін салады.
Ақынның көңіл күй лирикасының ішінде шоқтығы биік шығармасы – «Сыр сандық» өлеңі. Өлең құрылысы жеті-сегіз буынды, шалыс ұйқас түріне жатады. 1926 жылы жазылған бұл өлеңді Сәкеннің өзі «Досқа жазылған хат» деп атағанымен, кейін келе халық арасында «Сыр сандық» деген атпен әйгілі болды. Өйткені осы өлеңдегі:
Сыр сандықты ашып қара,
Ашып қара, сырласым.
Сым пернені басып қара,
Басып қара, жырласын! –
деген өлең жолдары афоризмге айналып, халық арасына кең тарағандықтан,
өлең «Сыр сандық» деген атпен ақын жинақтарына енгізіле бастады.
«Сыр сандықтың» басты идеясы – дос қадірін білу, достыққа адалдық. Шынайы достық туралы терең толғанған ақынның жан дүниесі таза, ешкімге қиянаты жоқ. Адалдық пен арамдық, мансап пен ар-ұждан, достық пен қастықтың аражігін аша жазып, адам үшін құнды байлық – достықты жырлайды. Дос көңілін тау шыңындағы алтын сарайға, ондағы баға жетпес қоймаға балайды. Ал таудың құзар басына шығу оңай ма екен? Десе де, адам баласының қолынан келмейтіні жоқ, тау шыңына да шығуға болады. Бірақ тау шыңына шыққанмен, ол жерде кез келгеннің қолы жете бермес алтын қойма бар. Ал тілін, құпиясын таппаған адамға алтын қойма ашыла қоймайды.
Сонда қойманы қандай адам ашуға тиіс? Мәселе осында. Өйткені ақынның айтуынша: «Сол қоймада қымбат жасау, Қымбат жасау сақталған», –дейді. Ал енді өресі жеткен адам сол қойманы ашты делік. Міне, сол кезде адам қолына «беті өрнектелген бір сандық» ілінеді. Бірақ «ол сандықта бір сандық» тағы бар болғандықтан, оқиға түйіні «Сырдың кілті қолсандықта» екені және соны тапқан адамда болып отыр. Қолсандық ашылған кезде «Сандық іші қызыл-жасыл, Жасыл жібек перделі. Толған қымбат сақтаулы асыл» екенін көреміз.
Оның ішінде тағы
«Асыл сым бар пернелі» дейді ақын.
Сұлу жанды сұлу сүйген,
Сұлу сүйген, сыршылым.
Жібек талдап, түйін түйген,
Түйін түйген, түршілім, –
деп ақын сыр сандықты ашқан адамды ерекше бағалай келе, бар болмысымен,
таза көңілімен ақтарыла үн қатады. Қазақ поэзиясында достық туралы ерекше ой айтып, оны шың басына шығарған Сәкеннің бұл өлеңі тың жаңалық болуымен ерекшеленеді. Сонымен бірге мұнда еріксіз би билеткендей сазды әуен, сұлу пернеде полифониялық тербеліске құрылған көркем сөздің әсем ырғағы бар. Ал «Ырғақсыз айтылған сөздердің сәні болмайды» (Цицерон). Сондықтан да «Сыр сандық» өлеңі – тербелістерге, сан алуан қызық күйлерге толы адам жан дүниесінің сырлы әлемі.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет