Xx ғ. б. қазақ әдебиетіндегі әдеби бағыттардың ерекшелігін саралаңыз


М.Шаханов балладаларының жанрлық ерекшеліктерін зерделеңіз



бет54/96
Дата25.12.2023
өлшемі400,45 Kb.
#199233
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   96
Байланысты:
соңғысы ХХ ғасыр нақты номерленген.

М.Шаханов балладаларының жанрлық ерекшеліктерін зерделеңіз.

Бүгінгі ақындар арасынан тақырыбымызға арқау болып отырған Мұхтар Шаханов өлеңдері көпшілікке ойлылығымен, оқырман ойымен тоғысуының сәттілігімен көзге түсіп жүр. 
М.Шахановтың бір балладасы «Тоқшылық» деп аталады. Шығарманың көтеріп отырған негізгі мәселесі өмірмен мәңгі жалғас тақырып – адамгершілік. Қолда барды қадірлемеушілікті, қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған алтын заманда өз-өзінен тойынып асқынуды сынап, тиесілі үкімін бетке айтады. Бойына дархан даланың кеңдігін жинаған Бәкір баба қасиетті нанды сыйламаған келіні құрысын деп, өз саусағын өзі кеседі. Баласын жас жарынан еріксіз айырады. Әке шешімі қатал. Өйткені, кешегі аяусыз айқас жылдарында тіршіліктің нәрі нанды халық қалай бағалаған еді. Бәкір қарт «Кенет келінінің, жолдың жиегінде жатқан нанды теуіп өткенін көріп», үлкен ренішке соғуы кімді болсын ой соқпағына жетелейді. Бір тілім нан, бір тістем шақпақ қант өзегі талып, еңбектен, ауыр соғыстан қажыған адамға әл-қуат берген жоқ па еді. Тоқшылықтың керуенін тартқан тарлан дихан Бәкір баба нан дәмін, нан иісін жете сезінбей жүргендерге ой салу үшін де өзін-өзі аямаған. Мұндай асқанға, әдепсіздікке жаны төзбеген. Көпшіл қарттың бұл сияқты қатал мінезіне риза боламыз. Бейсен ата мен Бәкір бабаның бойындағы келер ұрпақ үлгі аларлық зиялы қасиеттер кімнің де болсын жүрегіне ыстық ұялайды.
«Түркістан аңызы» атты балладасының оқиғасы жұп-жұмыр, шағын дүние. Оқиға Түркістанда атақты Ақсақ Темірдің әмірімен салынған, бірақ оң қанатын сәулеттендіру жұмысы аяқталмай қалған ғимарат жөніндегі аңыз төңірегінде өрбиді. Баллададағы ұста жігіт қаншама әнші, шебер, көрікті болғанымен, оның бойында үлкен кемшілік жатыр. Ол-ерлігінің, табандылығының жоқтығы. Құрақсыз бұлақ өмір сүргенімен, ерлік мұратсыз өмір сүре алмақ емес. Балладаның өн бойынан есіп тұрған асқақ идея- жүрегінде байлауы жоқ адамның үлкен іске келгенде осалдық жасайтындығы, тайқып шыға беретіндігі, жүрегінде байлауы жоқ, ерлігі жоқ адамдардан қорқу керек деген лебі бар.
Мұхтар Шаханов поэзиясында белгілі тақырыптардың өзі қайталанғанымен ақынның ой айту дәстүрі бұрынғылардың ешқайсысына ұқсамайды. Ақын ой, толғаудың поэзиялық жаңа бейнелеу тәсілдерін әр кітабында-ақ көрсетіп келеді. Оның ескі аңыздық сарындарды арқау ете отырып, идеясын бүгінгі күннің мүддесіне иіп әкелгені оқушысын баурап алады. Мұндай көркемдік дәстүр поэзиямызда бұрын да бар болатын, ал Мұхтар өлеңдерінің ерекшелігі сол бар дәстүрді жаңа уақытқа лайықтап, жетілдіре, дамыта түскендігінде.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет