Аққу, Шортан һәм Шаян
Жүк алды Шаян, шортан, аққу бір күні,
Жегіліп тартты үшеуі дүркін-дүркін.
Тартады аққу көкке, шаян кейін,
Жұлқиды суға қарай Шортан шіркін.
Бұлардың машақаты аз болмады,
Жұмысы орнына кеп мәз болмады.
Тартса да бар кұштерін аямай-ақ,
Асылы, жүк орнынан қозғалмады.
Оншама ол жүк артық ауыр емес,
Құр сырттан «пәлен» деу де тәуір емес.
Жүк бірақ әлі күнге орнында тұр,
Бірыңғай тарпаған соң бәрі тегіс.
Жігіттер, мұнан ғибрат алмай болмас,
Әуелі бірлік керек, болсаң жолдас.
Біріңнің айтқаныңа бірің көнбей,
Істеген ынтымақсыз ісің оңбас.
Аудармада мін, жоқ, мүдірмей, тұтықпай, есіліп төгіліп тұр. Орысшасында үш шумақ – он екі жол. Тәржімасында бір шумақ артқан. Одан мағынасына өзгеріс кірген жоқ. Ой қазығы болатын бөлшектері түгел жалғыз-ақ айырмасы – Крыловтың көп мысалдардағыдай, түпнұсқаның бас жағында жүретін кіріспе шумақты А.Байтұрсынов соңына шығарып қорытынды етеді.«Маймыл», «Өгіз бен бақа», «Емен мен шілік», «Бұлбұл мен есек», «Қаптесер мен көртышқан», «Маймыл мен көзілдірік», «Шал мен ажал» секілді мысалдарды аудару – машығы жағынан осы бірінші принциптің жемісі. Мәселен, «Маймыл» атты мысалдың аудару принциптері де діл жоғарыдағы «Аққу, шортан һәм шаяндағыдай»: Крылов төрт жолдық кіріспесіндегі аяғына шығарылады да, қалған мазмұны қазақтың қара өлеңімен хикаялау түрінде дәл және емін-еркін жеткізеді.
Тағы бір таңғажайып тапқырлыққа осы тұста және кездесеміз. Диқаншының еңбегіне көрген жұрттың сүйсінетінін жеткізерде Крылов түбі грек тілінен ауысқан, сөйтіп орыс тіліне кірігіп кеткен «исполать» дейтін бір ескі сөзді қолданады. Бұл орыстың байырғы тілінде «молодец» деген мағынаны береді.
Орыс тілін жетік білген тәржімашы осы сөздің қазақша дәл мағынасын былай деп сол қалпында жеткізеді.
«Жарайды, бәрекелді, сабаз-ай!деп, Алғысты берді оған өткен-кеткен»
Осы жердегі «сабаз-ай» деген бір сөздің өзі Крылов мысалының бүкіл рухын, бүкіл ұлттық қасиетін түп-түгел қазақшалап, қыр елінің қалың ортасына дәл сол қалпында алып келіп тұрғандай қабылданады.
Ахмет Байтұрсынов аудармаларында сюжет сақталғанмен, еркіндік басым, қазақ тұрмысына жақын идеялар, заман тынысын танытатын жаңа ойлар айтылады. Мысалы, «Шал мен ажал» атты мысалдағы әбден шаршап-шалдыққан зарыққандағы шалдың монологы «үйлі жан», «бермеді құдай малды», «жаратқаным» деген тіркестер арқылы беріледі. Ол тек қана қазақ психологиясына тән ұғымдар екенін дәлелдеп жатудың қажеті болмас.
Сонымен қатар «Маса» жинағының 1911 жылғы алғашқы басылымында Пушкиннен аударылған «Ат», «Данышпан Олегтің ажалы» атты өлеңдер, және «Балықшы мен балық»,«Алтын әтеш» ертегілері енгізілген.
Бұл жерде айтпағымыз – А.Байтұрсыновтың тәржімашылық тәжірибесінде ерлікті, еркіндікті, отаншылдықты сезіну, таза сүйіспеншілікті жырлайтын шығармаларды аударуға бейім болғанын аңғарту.
Қорыта келгенде, А.Байтұрсынов – ағартушы, ғалым, қоғамдық-саяси қайраткер ретінде қандай ірі тұлға болса, ақындық өнерде де қайталанбас орны бар, туған әдебиетімізде тұтас бір дәуірде бейнелейтінт кесек бітімді дарын иесі. Ол өз тыңдаушысының ұзын ырғалы қиссаға дағдыланған құлағына бейімдеп, әр хикаясын тәптіштеп, егжей-тегжейлі баяндау машығын ұсынды.Мысалдың арқауы – хикая, көздейтін нысанасы – соның ішіндегі мәні, ал қолданылатын қаруы әжуа мен мысқыл. Ахмет те пайымды практикалық рухты дарыту үшін мысалдың мазмұнын Крыловтан алады да, уытты қаруды өз халқының даналығынан, ана тілінің ішкіған азамат ақын бойындағы табиғи талантын ең алдымен осы жолда кару етіп пайдаланды.
Достарыңызбен бөлісу: |