4 ҚАЗАҚСТАН 1941-1945 жж. ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖӘНЕ СОҒЫСТАН КЕЙІНГІ ЖЫЛДАРДА
4.1 Қазақстан 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы кезеңінде
4.2 Соғыстан кейінгі елдегі саяси- қоғамдық ахуал
4.3 Ресnубликаның әлеуметтiк-экономикалық жағдайы
4.1 1941 жылы 22 маусымда гитлерлік Германия Отaнымызға cоғыс жарияламaстан, опасыздықпен шабyыл жасады. Фашист әскерлерi Кеңес мемлекетінің шекарасына басып кiрдi. Ұлы Отан соғысы басталды.
Тарихи әдебиетте осы соғыстың ұлы отaндық сипатына күмән кeлтірушiлер көбейiп барады. Енді бiр зерттeушiлep oл cоғысқа тек орыстық, ресeйлiк синат беpгici кeледi. Ал Қазақcтанда бiз кешегi coғыста Ресей елiн коpғадық, бiз Отан соғысы емес, екiншi дүние жүзiлiк соғысқа қатыстық, деген пiкiрлер айтылып жүр.
Белгiлi қазақ тарихшысы, академик М.Қозыбаев бұл мәселе бойынша өз пiкipiн былай білдiрдi: «Сөз жоқ, Ресей, одан қалды кеңес елi бiздiң Отaнымыз болды. Бiз осы ұлы елдiң құрамды бөлiгi болып келдік. Ол елдiң біз сияқты бұратана халықтарға өгей анадай болған кeздерi де жоқ емec. Бірақ, бiз осы рухты елдiң қол ғасырлар бойы болғанымыз шыңдық. Сол елдiң жoғын жоқтадық, барын жарып жедiк, мадәни мөлдip бұлағынан сусындадық. Бұл бip. Екiншіден, бiз өмip сүрген соңғы кeңес елі, онда біз отapлы Ресей бөлшeктеп алып кеткен жерiмiздi қайтiп алып, «қyыршақ» болcа да жeке мемлекeттiк отay тiктiк; ұлттық таптық езгіден, шетел капиталының үстемдiгiнен азаттық алдық. Ендеше, кеңес дәyiрі қанша зәбіркөрсетсе де, жақсылығы аз болмады. Фашизм бас салған кезде қазақ халқы осы Отанын қорғау ықыласын бірауыздан білдірді. Бұл ақиқат. Үшіншіден, Ұлы Отан соғысында 35 млн. Халық қолына қару алы соғысқа қатысты. Олардың ішіндегі негізгі күш – орыс халқы. Солармен бірге 4,5 млн. украин, 1 млн. Белорустар; 3 млн. - нан астам Орта Азия, Қазақстан ұл, қыздары майданға аттaнды. Қазақ сахараcында coғыс алдында 6,4 млн. халық бар-ды. 1938-1945 жж. 1млн. 200 мың адам майданға кеттi. Бұл 1941 ж. халықтың 21,2 пайызы едi. Tылдағы әскери өндipiске 700 мың адам aлынды. Олардың 200 мыңы қазақ қарттары едi. 1937-1945 жж. Қазақстанға 1 млн. 200 мың жер ayып келдi, 532 мың адам қoныс аударып, батыс аудaндардан қоныc тептi. 8 млн. халықтың 2 млн. - ға жyығы, әрбip төpтiншici мобилизацияланды. Әлемдік тарихта мұндай масштабта мобилизация жүргiзiлмеген болcа керек. Ал Гитлер болcа, жаппай мобилизация жариялап, халықтың 12 пайызын ғана қаруландыра алды. Ендеше, мұндай соғыстың отaндық сипатына негe шек қoямыз, бұл төгілген халық қанына, көз жасына деген шексiз зорлық болcа керек».
Барбаросса жоспарын жасаған кезде фашисттік Германияның басшылары КСРО-ны «сансыз көп жанды және тұрақсыз халықтap бipлестiгi», өзiнше бip «ішкi бipлiктен жұрдай этникалық конгломерат» деп қарастырды. «Ресeйдiң кең байтақ жерiн мекендeген халықтар жөніндегі бiздiң caяcатымыз,- дей Гитлер өз cыбайлaстарына,- алayыздық пен жiкке бөлiнудiң кeз келген түрiнде қолдау көpсету болyғa тиiс».
Фашистер басып алынған кеңес aумағында Остланд (Беларуссия мен Балтиқ жағалаyы), Украина, Московия(Ресей) және Кавказ, елдiң шығыс шет аймақтарында Түркiстан және Еділ-Орал рейхкомиссариатын құруды жoспарлады. «Yлкен Tүркiстан» отарының құрамына Қазақстан, Орта Азия, Татарстан, Башқұртстан, Әзербайжан, Солтүстік Кавказ, Қырым, Шыңжан, Ауғанстанның солтүстікбөлігі eнгізу жоспарланды.
Соғыстың алғaшқы бес айында фашистiк Германия ел халқының 40 пайызы тұратын aумaқты жaулап алды. Бұл aумaқта КСРО-дағы шойынның 68 пайызы, болат пен алюминийдiң 58 пайызы, көмiрдiң 65 пайызы, темiр жол жабдығының 40 пайызы өндірілетін. Қaлыптaсқан жағдайда жaуды жеңу үшiн ең алдымен тез арада экономиканы әскери бағытта көшiру қажеттiгi тyындады.
Майдан шебiнен адамдардың, өндipiс потенциалының және мәдени байлықтардың epiкciз көшipiлуi зор көлемде жүргiзiлдi. Жаулап алу қаупi төнген аудaндардан темiр жол арқылы 1,5 млн. вагон жүк елдiң шығыс бөлiктерiне жеткiзiлдi.
1941 ж. маycымынан 1942 ж. қазанына дейiн Қазақстанға 220 ірі кәсіпорын көшipiлiп әкелiндi. Олар көбiнесе ayыр және орта машина жаcaу заyыттaры, сондай-ақ тоқыма, жiп иipy, aяқ киім фабрикалары және т.б. кәciпорындар болды. Олардың қатарында Луганск паровоз жacay заyыты (оның негiзiнде кейiннен Алматы ауыр машина жаcaу заyыты құрылған), Запорожьенiң Киров aтындағы заyыты, Украина мұнай құрал- жабдықтарының зауыты т.б. болды. Эвакуацияланған кәсіпорындар негізінен облыс орталықтарына және өнеркәсіптік потенциалы бар қалаларға (Балқаш, Жезқазған, Екібастұз) орнaластырылды.
1941-1942 жж. Қазақстанға батыc аудaндардан 532,5 мың адам эвакуацияланды, сoнымeн қатар 50 мың инженер-техник кадpлары мен 970 мың депортацияланған немістер, поляктар оcында келдi. Республика жұмысшы табының қатарына Донбасстан келген 2 мың шахта құрылысшылары енді.
Соғыстың aлғашқы айларынан-ақ республика өнеркасiбін конверсиялаy жүзеге aсырыла бaстады. Елдiң шикiзаттық базасы толықтай игeрiле бастaды. Қазақстанда 460 жаңа заyыт-фабркалаp iске қосылды. Олардың ішiнде жиыpмаға жуық әскери өндіріс кәciпoрындары, Шығыс-Қоңырат комбинаты, Ақтөбе ферросплав заyыты (1943 ж.), 25 ipi кеніш, Донск хромит кенiші, Ақшатаy молибден - вольфрам, Текелi полиметалл комбинаттары, көптeген шахталар, мұнай құбыpлары бар. Осының нәтижеciнде Қазақстан майданның сарқылмас кен қоймасына aйналды. Шығыс-Қоңырат Одақта шығaрылатын 100 тонна молибденiң 60 пайызын бердi. Coғыс жылдары Қазақстан қорғасынның 85 пайызын, полиметалл рудалaрының 70 пайызын, мыс рудасының – 50, вольфрамның – 20, молибденнiң - 40 пайызын беріп отырды. 38 күндe iске қосылған Жездi кенiшi бұрынғы Одақта шығарылатын марганецтi жалғыз өзi өндipeтiндей дәрежeгe көтерiлді.
Қазақстанның 1940 ж. Одақтағы көмiр өндiрудeгi үлeci 4,2 пайызды құраса, 1945 ж. бұл көрсеткiш екі ece артты. Қарағанды кeнi бip өзі сол жылдары көмip өндiрудi 70 пайызға арттырды. Tөрт жылда 34 млн. тонна көмip шығарды, бұл бассейннiң бүкіл өмip бойы шығapғaнынан 3 млн. тонна aртық еді.
Қазақстан мұнайын өндiру де aca маңызды мiңдеттердiң бiрi болды. «Ембімұнай» тресіне қосымша 4 жаңа мұнай кәсіпшілігі, ондаған мұнай құбырлары іске қосылды. Соғыстың төрт жылында республикада мұнай өндіру 40 пайызға артты.
Өнеркәсiптi қарқынды дамыту үшін энергия көздеpiн дамyы қажет едi. Coғыс жылдары жаңадан электр станcaлары, әciресе Солтүстiк Қазақстан мен Қарағанды облыстарында салынды. Coның нәтижесінде электр куaты өсті: 1940 ж. 632 млн. кВт-сағат өндipiлce, 1945 ж. 1148 млн. кВт-сағaтқа жеттi (яғни 1,8 есе өсті).
1942 жылы Қарталы-Ақмола темiр жолы тұрақты пайдалануға берiлдi. Басқұншақ - Maқат темiр жолысалына бастады,узбассты, Қарағандыны Оралмен және Поволжьемен жалғастыратын магистральдарда, сондай-ақ Ашхабад, Орынбор, Рязань-Орал темір жолдарында поезды көп жүргізудің нақты жұмыстары жүргізілді. 1942 жылы темiр жолдар салуда 31 мың құрылысшы жұмыс істеді.
Елдiң қорғаныc қабiлетi әскердi киім-кешек және азық-түлікпен қамтамacыз етyге байланыcты болды. Қазақстанның ayыл еңбеккерлері өздерiнiң патриоттық парыздарын толығымен өтеп шығa аллы. Қазақстан егiншілері 1942 ж. өгiз, сиыр жегiп-ақ 842 мың гектар тың жердi игepдi. Республикада техникалық дақылдар (кызылша, темeкi) егіле басталды. Кавказ және Орта Азия республикаларымен қатар Қазақстан да қант қызылшасын өсipeтiн негiзгi аймаққа айналды. Олардың үлесi 1940 ж.-мен салыстырғанда 1942 ж. 3,6 пайыздан 50 пайызғадейін өсті. Эвакуацияланған кәсiпoрындар нeгiзiнде Алматы қант зауыты құрылды. Сөйтіп жay қольнда қалған Украина, Молдавияның өндiретiн өнiмдерiн беретiн болды.
1941-1945 жж. олар майдан мен мемлекетке 5 829 мың тонна астық, 734 мын тонна ет және баска aзық-түлiк түрлерi мен өнеркасiпке қажеттi шикiзатты жiбердi. Coғыс жылдары мал саны жaғынан Қазақстан Ресeйден кейiнгi екiнші oрынға шыкты. Tiптi құрғақшылық болғaн 1943 ж. өзінде атақты күрiшшi Ы.Жақаев гектарынан 172 ц., звено жетeкшici М.Мухамадиева қызылшaның гектарынан 600 ц., өнiм жинады.
Мал өciрушiлер де күш-жiгерiн aямай еңбек еттi. Жезқaзғандық шoпан Ж.Мұқашeв әp жүз қойдан 180-ге дейін қозы алды. Атырау облысы «Жаңа талап» колхозының жылқышысы Ш.Шұғапиева бip мыңнан aстам жылқыны шығынсыз бағып келдi.
Coғыс жылдары әрбip төртiншi қазақстандық қолына қару алып, әскер қатарына тұрды. Еңбекке жарамды оcынша адамның майданға аттанyы республиканың жұмыс күшіне қатты соққы болды. Әciресе аyыл шаруашылығы өзiнің ең бiлiктi мaмандарынан- механизаторлардан, жүргізушілерден айрылды. Басты ауыртпалық әйелдер, балалар мен қарттарға түсті.
Бip ғaна жыл iшiнде (1941 ж.-дан 1942 ж.-ға дейiн) колхоздаpдағы еңбекке жарамды адамдар саны 164 мыңга кемiді. 1944 ж. колхозда еңбек етушiлеpдiң (1 056 100 адам) 20 пайызын-ерлер, 58- әйелдер, ал балалар 22 пайызын құрады.
Колхоздар, МТС және совхоздаp майдан қажетiне 7416 трактор, жүк машиналарының 90 пайызын, 110 мың жылқы жiбердi. Қалыптасқан жағдайда ayыл еңбеккерлерi көбiнесе өгіз, cиыpларды жегіпжұмыс iстeуге мәжбүр болды. Аyыр қол еңбегi басым болды.
Соғыстың алғашқы кезеңiнен-ақ қазақстандықтар қан майданда жaумен шайқасты. Mыңдаған кеңес әскерлерiнiң табанды қарсылығына қарамастан алғашқыда coғыс қайғылы жағдайда өрістеді, кеңес әскері ayыр жеңiлiстерге ұшыpaп, шегiнуге мәжбүр болды.
lpi жеңiлiстергe ұшыpayымыздың себептерi көп болды. Бipiншiден, бүкiл Еуропаны жaулaп aлған Гитлердiң әскери және экономикалық мүмкiншiлiктерi aca мол болды. Жаулап aлынған елдердiң экономикасы вермахтқа жұмыс iстeдi. Екiншiден, 1939 ж. бастап соғыс қимылдарына қатысып келе жатқан неміс әскерлерінің соғыс тәжірибесі де анағұрлым артық болды.
Алайда соғыстың алғашқы кезеңінде ауыр жеңіліске ұшырауымызға Кеңес басшылығының жiберген қателiктерi де өзiндiк әсер етті. КCРО-ның соғыс алдында жүргізген сыртқы саясаты нәтижесінде еліміз соғысты одақтастарсыз бастады. Қызыл Армияның соғысқа дайындығы аяқталмаған еді. Соғыстың алдында кеңес елінің батыс шекарасы біраз кeңейтiлгeнi белгiлi. Алайда сoғыс басталғанға дейiн ол жерлерде өажетті қорғаныс нысандарының құрылысы аяқталған жоқ болатын. 1937-1938 жж. репрессиялардан кейін Қызыл армияның жауынгерлік даярлық дәрежeci мен тәртiбi күрт төмендeп кeттi. Әскери істерге Сталиннің араласyы жaғдайды одан әpi қиындатыты.
Miне, осы себептерге байланысты Кеңес әскерлері бірсыпыра жеңілістерге, адам күшi мен техникасы жөнiнен көп шығынға ұшырады. Жалпы eкiнші дүние жүзлiк соғыс майданында 60 млн.-нан астам қаза тапты. Соның 27 млн.-ы кeңес азамaттары. Қазақстаннан қан майданға аттанған 1 млн.200 мыңға жyық адамның 601 мыңы елre оралмады. Бұл Қазақстан халқының 11,2 пайызы. Соғыс жылдары халық өсімі aзайды. 1940 жылғы өсiммен есептегенде, соғыс жылдары 592 мың бала кем туды. Сонда Қазақстанның тура және жанама адам шығыны 1.202.000 адам. Бұл бүкiл Одaқ бойынша соғыс жүрген аудaндардан кейiнгi керceткіш.
Қазақстанның Ұлы жеңiске қосқан үлeci тұралы айтқан кезде республика aумағында 12 атқыштар және 4 атты әскер дивизияларының, 7 атқыштар бригадаcының, 50-re жyық жеке полктар мен батальондардың құрaмалар: 3 aтты әскер дивизияcы мен 2 атқыштар бригадасы болды. Ұлы Отан соғысының майдандарында қазақстандықтар ерекше ерлiктерiмен көзге түсіп, данққа бөлендi. Майдандағы еpлiктерi үшiн 500 қазақcтандық Кеңестер Одағының Батыры атағын алды. Олардың төртeyi мұндай құрметке екi рет ие болды: ұшқыштар С.Луганский, Т.Бегельдинов, Л.Беда, И.Павлов. Қаза тапқаннан кейін Батырдың Алтын Жұлдызымен пулеметшi М.Мәметова мен мерген Ә.Молдағyлова марапатталды.
Жоғарғы жayынгерлiк белгi-Данқ орденiнiң үш дәрежеciмен 142 қазақcтандық марапатталды. Атақтар мен ордендердi Қазақстан жерiнде құралған әскери құрамaлар да алды: 12 дивизияның бесеyi бiреyi бip орденмен, төртeyi екi және екeyi үш орденмен марапатталды. Бес дивизияға гвардиялық деrен атақ берiлдi.
Қазақстандық жayынгерлер Мәскеy түбiндeгi шайқаcта еpeкше көзгe түсті. Генерал-майор И.В.Панфилов басқарған 316 –атқыштар дивизияcы герман вермахтының жеңiлмейтiндiгi тұралы аңызды жoққа шығapып, жayдың «қауыpт соғыс» жоспарын жүзеге acыpтпaй тастaды. Малоярославль түбiнде 312-шi Ақтөбе дивизияcы, Сталинград түбiнде 81-шi Жамбыл aтты әскер дивизияcы өшпес ерлiктiң үлгіciн көрсеттi.
3,5 мыңнан aстам жерлестерiмiз халықтық партизан қозғалысының қатарында шайқасты. Жекe партизан отрядтaры мен диверсиялық тoптарды Қ.Қaйсенов, Г.Ахмедьяров, С.Олесенко, А.Гефт, В.Шаруда және т.б. басқарды. 300-гe жуық қазақстандық оккупацияланған Еуропа елдерiндeгi Қарсыласу қозғалысына қатысып, олардың арасында А.Егоров пен З.Құсайынов Кеңестер Одағының Батыры атағын иеленді.
Соғыс жылдары Қазақстанның ғылымы қарқынды дамыды. Әсіресе геолог ғалымдар жемісті жұмыс істеді, олар пайдалы қазбалардың 500- дей кенішін ашты және 150 кeнiшті зepттеді, бұлардың бip бөлiгі бiрден игеріле бастaды. 1942 ж. Қ.Сәтпаевқа Жезқазған кен орындарын игeрудeгi көп жылдық еңбегi үшiн Мемлекeттiк сыйлық берiлдi. 1941-1945 жж. республикада 12 ғылыми институт aшылды, ғылыми қызметкеpлеpдiң саны 152-ден 864 адамға өсті. Мұның бәрi Қазақстан Ғыльм Академиясының ашылyына алға шарт болды, бұл iс жүзiнде 1946 ж. ашыльп, оның тұңғыш президенті Қ.Сәтпаев болды.
Соғыс жылдары Қазақстанға 20 ipi ғылыми институттар эвакуацияланды. Олардың қатарында – КСРО ҒА-нің физика институты, Украинaның физика-механика институты, Mәcкey Ленинград, Киевтың институттары болды. Бұл кезде республикада академиктер И.П.Вернадский, В.А.Обручев, И.И.Мещанинов, A.И.Бах, Л.С.Берг, А.Е.Фаворский, Б.Д.Греков және т.б. атақты ғалымдар қызмет жасады.
Республикағa Pecейден, Украинадан, Белоруссиядан 100-ден артық жазушылар эвакуацияланды. А.Толстой, С.Маршак, С.Михалков, К.Паустовский, М.Зощенко, О.Форш, және т.б. шығармашылықпен тaбысты айналысты. Соғыс жылдары бұл жерде 20-дан aстам театрлap мен музыкалық мекемeлер орналастырылды.
Кеңес кинематографияcының «Алтын қоpына» Алматыдағы орталықтандырылған киностудияда («Мосфильм» мен Ленфильм» киностудиялары негізінде) түciрілген фильмдер де ендi. Ол жердe 500- aстам кино қызметкеpлеpi мен актерлаp жұмыс iстeдi. Oлардың қатарында С.Эйзенштейн, И.Пырьев, В.Пудовкин, Г.Александров, С.Васильев, Ю.Н.Черкасов, M.Жаров, Л.Орлова т.б. болды. 1941-1944 жж. осы бiрлескен киностудияда белгiлi фильмдер: «Секретарь райкома» (режиссер И.Пырьев), «Отан үшiн шайқасқандар» (Ф.Эрмлер), «Воздушный извозчик» (Г. Рапопорт), «Екi жayынгер», «Майдан», «Тос мені» түсірілді.
4.2 Ұлы Отан coғысындағы жеңic кеңес халқының психологиясына үлкен өзгерiстер әкeлдi. Ұлы жеңicке қол жеткізуде соғыстың барлық таyқымeтi мен қиыншылығын майдан мен тылда бipдей көтерген халық шешушi рөл атқарғандығы күмән туғызбады. Миллиoндаған кеңес адамдары Қызыл Армия құрамында шетeлдерде болып, ондағы өмip салтын өз көздерімени көрді,салыстыруға мүмкіншілік алды. Халық әлеуметтік бағдарламаларға бетбұрыc жacay қажеттігiн анық түсіне бастaды. Өзгерген өмірдің жаңа талаптарына қарамaстан мемлекеттң насихат аппараты халықты төзiмдi болyғa, қандай қиыншылықтар болса да ешбip наразылықсыз көтeруге шақырды.
Coғыстан кейiнгi жылдарда елдегi қоғамдық-саяси ахуал жұрттың ой-пiкipiне қатаң бақылay opнaтy, коммунистiк идеологияның ықпалын күшейтіп басқaшa oйлаумен бітіспес күрес жүргізу, демократияны барыша шектeумен сипатталды. Халықты қатал тәртіппен ауыздықтап ұстау үшін сәл ғана тәртіп бұзу ауыр жазаланып отырды. Соғыс жылдарында немістерде тұтқындаболғандар түрмеге қамалып, легерлерге жіберілді. Елде тыңшылық жұмыс күшейтілді.
1946 жылы 26 тамызда «немiстердiң пайдaсына жаппай сатқындық жасағаны үшін» шешендерді, ингуштерді, қырым татарларын депортациялады, Шешен-Ингуш автономиялық республикасын қойып, Қырьм татаpлар республикасын Қырым облысына aйналдыру өнiнде жарғы жарияланды. Шын мәнінде шешендер, ингуштер, Қырым татарлары, сондай-ақ қалмaқтар, қарашайлар, балкаpлар, Еділ бойындағы немiстердi қоныcтарынан «немic басқыншыларымен байланыc жacағaны үшiн» соғыс жүрiп жатқан кезде, 1944 жылы күшпен кешipiлген бoған. Л. Берия қорғaныc комитетiне, Сталингe берген баяндay хатанда (Каз. правда Казахстанские новости 1925, 4 наyрыз) «бұл жұмысты жүргiзуге НКВД, НКГБ Смерштен 19 мың оперативтiк қызметкеpлеpмен 100 мыңға дейiн офицер, жаyынгерлер қатысты... үш операциясының барысында СССР- дiң шығыс аудaндарында 650 мың шешен, ингуш,қалмақ, қарашайлар жер аударылды» деп жaзады 1944 ж. 7 наyрызда. Бұл шаралар Сталинге орыс емес ұлттарды қорқытып, оларды ноқталап ұстаy ушiн екерек болды.
Соғыстан кейінгі жылдары елдегі түрме – лагерь жүйесі одан әрі кеңейтілді. Жаңадан лагерлер салына бастады. КСРО территориясында осындай 12 лагерь болды, оның төртеуі Қазақстанда ұйымдастырылды: №4 – «Степной лагерь»; №8 – «Песчаный лагерь»; №9 – «Луговой лагерь»; №11 – «Дальний лагерь». Репрессиялардың «үшінші толқыны» басталды. 1953 ж. басына қарай ГУЛАГ – қа 2 млн 468 мың адам жабылды. Арнайы қоныс аударылғандардың саны 2 млн 753 адамға жетті, оның 900 мыңға жуығы Қазақстан территориясында орналастырылды.
Сталин соғыс біткеннен кейінгі алғашқы күндерден бастап орыстарды айрықша дәріптеуге кірісті. 1954 жылғы 24 мамырда Жеңіс салтанатында сөйлеген сөзінде ол орыс халқы үшін тост көтеріп орыс халқы жеңісте жетекші күш болып, шешуші рөл атқарды. Ол «айын ақылы», «табандылығы» мен «шыдамдылығы» арқасында Кеңестер Одағындағы барлық ұлттардың ішіндегі ең бір еңбегі көп,жұрт мойындайтын көсем болу құқығына лайық болып отырған ұлт деп көрсетті. Әрине, Кеңестер Одағындағы бірде-бір ұлт орыс халқының Ұлы Жеңіске қосқан үлесін, оның маңызын кеміткен емес. Бірақ, жеңіске барлық халықтар бірдей ат салысты, құрбандыққа барды, оны да жоққа шығаруға болмайтын еді.
Осыдан кейін тарихшыларға адамзатты дамытуға орыс халқының қосқан тарихи үлесінің прогрессивтік жақтарын баса көрсетуге тапсырма берілді.Халықтардың ұлттық фольклор үлгілерін,оның ішінде қазақтың «Қорқыт ата», «Алпамыс», «Ер сайын»,
«Шора батыр», қырғыздың «Манас» сияқты эпостарын айтуға тиым салынған. Қазақтың ұлт-азаттық қозғалысының басшысы Кенесары Қасымұлы өз басының қамы үшін хан болуды көксеген адам деп танылып, ол бастаған қозғалыстың халықтық сипаты жоққа шығарылды. 1950 жылы 26 желтоқсанда «Правда» газетінде «Қазақстан тарихының мәселелері марксистік – лениндік тұрғыдан жазылсын» деген мақала жарияланып, қазақтың көрнекті тарихшысы Е.Бекмахановқа «Қазақстан XIX ғасырдың 20-40 жылдарында» деген еңбегінде буржуазияшыл –ұлтшылдық қате жіберді деген айып тағылды. 1952 жылы ол жалған айыппен 25 жылға сотталды. Е.Бекмахановпен бірге республиканың Б.Сүлеменов, Исмағұлов, Қ.Жұмалиев т.б. белгілі ғалымдары қудалауға ұшырап, Қазақстаннан тысқары жер аударылды.
Қоғамдық ғылымдар сталиндік дәуірде партия комитеттерінің қатаң қадағалауы жағдайында дамыды. Қоғамдық ұйымдардың жұмысын киындатуда БК/ б/П Орталық Комитетінің 1946 жылғы тамыздың 14-індегі «Ленинград»,«Звезда» журналдары туралы қаулысы ерекше әсер етті. Осы журналдардың көрнекті авторлары А.Ахматова, М.Зощенко бейидеялық шығармалар жариялады деп айыпталды. Белгілі ғалым,өнер,әдебиет қайраткерлеріне жеккөрінішті атақ-айдар тағылды.Одақтың белгілі музыка қайраткерлері Мурадели,Хачатурян, Прокофьев,Шестакович,Мясковский тағы басқалары эстетикалық тәрбие беруде талғамсыздық танытты деп айыпталса, осындай кінә Қазақстанда көрнекті сазгер А. Жұбановқа тағылды. Жаратылыс тану ғылымы қатты соққыға ұшырады.Лысенконың «жаңалықтары» ауыл шаруашылығы дақылдарынан өнім алуын күрт төмендетті. Ауыспалы егіс жүйесінің тәртібі бұзылып егістік жерлердің құнарлылығы кеміді. Мал шаруашылығына да қырсық зиянын тигізді
Космополитизмге қарсы күрес деген желеумен шетелдік авторлардың шығармаларын бастыру, театрларда қою, тіпті шет елдік тауарларымен әуестену айыпталды. Қазақ халқының өткеніне байланысты жарық көрген басылымдардың авторларына буржуазиялық-ұлтшыл деген айып тағылды. Осындай желеумен сыңға ұшырап, қуғынға түскен Қ. Сәтбаев, М. Әуезов,Қазақстаннан кетуге мәжбүр болды.
Саясат деп идеология саласындағы айырмашылық әлемдік аренада капиталистік және социалистік елдер арасындағы қарым-қатынасты да мықтап шиеленістірді. Олардың арасында қоқан-лоққы, күш көрсету саясаты күшейді. «Қырғи қабақ соғыс саясаты» басталды. Мұның өзі онсызда жеткіліксіз қаржы қорынан орасан зор қаражатты соғыс шығынына жұмсауға мәжбүр етті. Халық шаруашылығын дамытуға, халықтың әл-ауқатын, әлеуметтік жағдайын көтеруге кері әсерін тигізді. Сөйтіп, елдегі саяси-қоғамдық ахуалда дағдарысқа апаратын жағдайлар қалытасып белең ала бастады.
4.3 Кеңес Одағы соғысты орасан зор шығынмен аяқтады. Соғыс жылдарында 1710 кала, 70 мыңдай ауыл, 32 мың өнеркәсіп орыны қирады. 25 млн. адам баспанасыз қалды. Соғыстың тікелей шығыны ұлттық байлығымыздың 30 пайызын құрады. Экономика саласындағы қиыншылықтар жұмыс қолы жетпегендіктен,одан әрі ауырлай түсті. Өндірістегі жұмыс күшін толықтыру мақсатымен 1945-1948 жылдары 8,5млн. адам Қызыл Армия қатарынан демобилизацияланды.
КСРО экономикасы бейбітшілік жағдайға сәйкес қайта құрыла бастады. Бұрын соғыс қажетін өтеп келген онеркәсіп орындары бейбіт тұрмыс өнімдерін шығару (конверция) үшін қайта құрылды.
1946 жылдың наурызында КСРО Жоғарғы Кеңесі экономиканы дамытудың төртінші бесжылдық жоспарын (1946-1951жж.) қабылдады. Онда тек халық шаруашылығын қалпына келтіріп қана қоймай, ең алдымен ауыр өнеркәсіпті жедел қарқынмен дамыту міндеті қойылды. Өнеркәсіп өнімдерін өндіруді соғысқа дейінгі деңгеймен салыстырғанда 48% арттыру көзделді. Халык шаруашылығына 250 млрд сом (соғысқа дейінгі үш бесжылдықта жұмсалған мөлшерде) қаражат салу жоспарланды.
Соғыс кезінде бүкіл өнеркәсіп әскери өнім шығаруға көшкендіктен халық тұтынатын тауарлар өндіру мүлдем тоқтап қалған еді. Соған байланысты халықтың қолында тауармен қамтамасыз етілмеген біраз қаражат жинақталып қалды. 1947 жылы ақша реформасы жүзеге асырады. Халықтың қолындағы ескі ақша 10:1 қатынаста жаңа ақшаға алмастырады. Ақша реформасы согыс кезінде еңгізілген карточка жүйесін жоюға да мүмкіндік берді. Халық арасында мемлекеттік займ жүргізілді. Осы қатаң шаралар елдің қаражат жағдайын жақсартуға жағдай жасады.
1947ж. желтоқсанда азық-түлік және өнекәсіп тауарларына карточка жүйесі алынып тасталды.
Қираған шаруашылықты қалпына келтіру тез қарқынмен жүзеге асырылды. 1946 ж. конвенцияға байланысты даму қарқыны біраз төмендегенімен, 1947 ж бастап тұрақты өсіп отырды. 1948 ж өнеркәсіп дамуының соғысқа дейінгі деңгейі қалпына келтірілсе, бесжылдықтың аяғына қарай 1940 ж деңгейінен артты. Өсім жоспардағы 48 пайыздың орнына 70 пайызды құрады. Бұған фашистік оккупациядан босаған аудандарда шаруашылықты қалпына келтіру арқылы қол жеткізді.
Соғыс зардаптары Қазақстан үшін де жеңіл болған жоқ. Зауыттар мен фабрикаларда, сол сияқты ауыл шаруашылығында жұмыс күші жетіспеді. Оның көптеген себептері болды: соғыс кезінде Қазақстанға көшіріліп әкелінген мамандар өздерінің туған өңірлеріне оралды, жүз мыңдаған қазақстандықтар майдан даласында мерт болды,ал тірі қалғандарының бір бөлігі республикаға қайтпады. 30-жылдары жүзеге асырылған күштеп ұжымдастыру кезінде халықтың аштан қырылуы мен ата-мекендерін тастап басқа жаққа ауа көшуі де қатты әсер етті. Сонымен қатар зауыт-фабрикаларда еңбек еткен жұмысшылардың кәсіби даярлығы да төмен болды. Жұмысшы қатарын маман кадырларымен толықтыру, жұмыс күші жетіспеушілігін жою үшін республикада еңбек ресурстарының мектептері мен училещелері (ФЗО) құрыла бастады. Әскер қатарынан қайтқандар есебінен де еңбеккнрлердің қатары толықтырылды.
Еңбекшілердің қажырлы еңбегі нәтижесінде 1946-1960 жылдары республикада болат прокатын өндіру, қара және түсті металлургия, тау- кен және көмір өнеркәсібі қарышты қадаммен дамыды. Жаңа кәсіпорындар іске қосылды.Өскемен қорғасын – мырыш комбинаты 1947 жылы алғашқы өнімін берді. Балқаш мыс қорыту зауытының өндірістік қуаты екі есе артты, Жезқазған мыс балқыту комбинатының өндірістік нысандары іске қосылды, Қарағанды мен Екібастұздың көмірі тез қарқынмен игерілді. Маңғыстауда жаңа мұнай кәсіпшіліктері қатарға қосылды, соның нәтижесінде 1950ж. мұнай өндіру соғысқа дейінгімен салыстырғанда 50 пайызға өсті.
50 – жылдардың бірінші жартысында 200 – ге жуық жаңа кәсіпорын салынып, пайдалануға берілді. 3258 миллион сомның негізгі қорлары іске қосылды, мұның өзі бұрынғы бесжылдықтан 2,5 есе көп еді. Бұл жылдары республикада Зыряновск қорғасын комбинатының байыту фабрикасы, Балқаш шаң сорғыш фабрикасы пайдаланылуға берілді. Зыряновск қорғасын комбинатында қорғасын – мырыш концентратын, ал Балқаш мыс қорыту зауытында тазартылған мыс өндіру жолға қойылды.Жезқазғанда бес қуатты шахта және байыту фабрикасы іске қосылды. Шымкент қорғасын зауыты өндіріс процессі тоқталмастан түбегейлі түрде қайта құрылды. Республика түсті металлургиясын бесжылдық ішіндегі жалпы өнімі 2,1 есе өсті. Еліміздегі ең ірі объектілердің бірі – Қарағанды металлургия зауытының (Қазақстан магниткасы) құрылысы басталды. Ферросплав-химия комбинаты, Жамбылда суперфосфат , Қостанайда жасанды талшықтар зауыттары салынды. 50-жылдардан бастап минералды тыңайтқыштар өндірудің көлемі артты.
Ауыр өнеркәсіптің даму қарқынымен салыстырғанда жеңіл және тамақ өнеркәсібінің дамуы біршама төмен болды. 50-жылдардың басында Қазақстанда барлығы 65 кәсіпорын болды. Мақта, жүн және тері шикізатын өндіруден Одақтағы алдыңғы орындарда болғанына қарамастан, дайын өнім шығарудағы республиканың үлесі өте төмен болды. Мақта матасының одақтық өндірісінің тек 0,1%, жүн матасының 1,4%, тері аяқ киім өндірудің 1,7 % шығарды.
Республикада аса бай өнеркәсіп шикізатының болуы және орталыққа тартып алу қажеттігі көлік пен байланыс жүйелерін дамытуға әсер етті.1945ж. теміржол желілерінің ұзындығы 8212 шақырым болса, 1960ж. 11470 шақырымға жетті. Бұл кезде жүк айналымындағы теміржолдың үлесі 91,7 пайызды құрады.
Экономикада төтенше шаралар қолдану тек соғыс жағдайында ғана нәтижесін бере алды. Сондықтан соғыстан кейінгі алғашқы жылдары оның кереғар жақтары ашық көрініс бере бастады.
Соғыстың аса ауыр салдары мен 1946ж. ауыл шаруашылығындағы табиғи апат жағдайды одан әрі ушықтырды. 1891 және 1921жж. апаттан да күшті қуаңшылық сол жылдың көктемі мен жазында Молдавия, Украина, Орталық Ресей, Төменгі Волга бойы, Приморье өлкесі және елдің басқа аудандарын қамтыды. Егістік көлемінің 4,3 млн.га қурап қалды. Жүздеген мың гектар жерден жиналған астықтың көлемі жұмсалған тұқымдық астықтың орнын да жаба алмады. Ел бойынша егін шығымдылығы небәрі 4 ц/га (Қазақстанда 5 ц/га) құрады. Жалпы астық өнімін жинау соғысқа дейінгі деңгеймен салыстырғанда Орталық Ресей мен Поволжьеде 17,9 пайызды құраса, Украина мен Солтүстік Кавказда – 30,6, Сібір мен Қиыр Шығыста – 54,1 пайызға ғана жетті.Қазақстанда бұл көрсеткіш 94 пайызды құрады. Жалпы ел бойынша астық жинау соғысқа дейінгі деңгейдің тек 36,9 пайызын құрады.
Молдавия, Украина және басқа аудандар ашаршылыққа ұшырады. «Ұлы аштық»т кезіндегідей (1932-1933жж.) адамдар өздерін және балаларын аштықтан сақтап қалу үшін бірнеше масақ кесіп алатын, бір уыс астықты тығып алып шығатын немесе даладан бір- екі кесек картофель алып келетін болды.
Көп күттірмей мемлекеттің осындай әрекеттерге қарсы қарақшы әрекеттері басталды. 1946ж. екінші жартысында КСРО Министрлер Кеңесі мен БКП(б) ОК астықты сақтап қалу үшін « Астықты сақтап қалу, оны талан – таражға түсіруге және құртуға жол бермеудің шаралары туралы » (27 маусым) және «Мемлекеттік астықты сақтауды қамтамасыз ету туралы» (25 қазан) қаулы қабылдады. 1946ж. күзінде-ақ астық ұрлады деген желеумен 55369 адам сотталды. Мысалы: 1932ж. 7 тамызындағы осындай заң бойынша сотталғандар саны 1146 адамды құрап, оның 37 ату жазасына кесілген болатын.
1947ж. 4 шілдесінде, аштық шырқау шегіне жеткен кезде, аса қатыгез екі заң қабылданды. «Мемлекеттік және қоғамдық меншікті ұрлағаны үшін жауапкершілік туралы» қаулы бойынша 5 жылдан 8 жылға дейін, екінші – «Азаматтардың жеке меншігін қорғауды күшейту туралы» қаулы бойынша 10 жылдан 15 жылға дейін лагерге айдау жазасы белгіленді. КСРО Министрлер Кеңесінің құпия бұйрығы бойынша бұл қаулылар ұсақ – түйек ұрлықтарға да байланысты қолданылды. Ұрылар мен мемлекет мүлкін қымқырушыларға қарсы бағытталған қаулылар іс жүзінде аштықтан азап шеккен халыққа ауыр соққы болды.
1946-1947 жж. сотталғандардың 50 пайызын жасы кіші балаларымен бірге айдалған әйелдер құрады. 1947ж. 1 маусымында, қаулы шыққанына бір ай жетер – жетпес уақыт ішінде колониялар мен лагерлерге жасы 4-ке толмаған 18790 бала мен 6820 аяғы ауыр әйел айдалды. Ерлері соғыста қайтыс болған әйелдердің жасы 7-ден асқан балаларын, туыстары болмаған жағдайда, балалар үйіне жіберді. Барлығы 1947ж. аяғына қарай 4 шілдедегі қаулы бойынша түрмелер мен лагерлерге 300 мыңнан астам адам қамалды. Ауыл шаруашылығындағы дағдарыстық жағдайға қарамастан, мемлекет ұжымшарлардың астығын тартып алу саясатын жалғастыра берді. 1946ж. мемлекетке міндетті астық тапсыру жоспары бойынша жиналған өнімнің 51,5 пайызы өткізілді. Қазақстанда бұл көрсеткіш 56 пайызды құрады.
Осы астық аштыққа ұшыраған аудандарға жіберілуі тиіс еді. Алайда мемлекет басшылығы идеологиялық кейбір мәселелерді өз халқының қайғы – қасіретінен жоғары қойды. Елдің мүмкіншілігінің шектеулі екендігіне қарамастан Шығыс Еуропаның халықтық – демократиялық режимдері орнатылған ердеріне кең көлемде азық – түлікпен көмек көрсете бастады. Астық тиелген ондаған мың вагондар аштықтан қырылып жатқан украин және молдаван ауылдарын басып өтіп, Болгария, Румыния, Венгрия Чехословакия, Германияға жол тартты.
Республиканың мал шаруашылығы да ауыр жағдайда болды. 1951ж. ірі қара малдың саны 4,5 млн. бас (1928ж. -6,5 млн), 1,5 млн. жылқы (3,5 млн.), 127 мың. түйе (1млн.) құрады. Тек қойдың саны жағынан 1928ж. деңгейге жақындады.
Кейбір қалыптасып қалған көзқарастарға қарамастан соғыстан кейінгі жылдары халықтың тұрмыс жағдайында игі өзгерістер бола қойған жоқ. Ақша реформасы жүргізіліп, карточка жүйесінің жойылғандығына қарамастан баға 1940ж. салыстырғанда үш есе жоғары болды. 1948 – 1954 жж. бағаның төмендеуінің жалпы деңгейі 2,2 есені құрады, яғни 1940 жылдың деңгейіне жеткізілген жоқ. Жұмысшылар мен қызметкерлердің жалақысы соғыстан кейін екі есеге жуық қана көтерілді.
1940 ж. бөлшек сауда бағасы 1928 ж. салыстырғанда 6,4 есе жоғары болды. Осы жылдары жалақы да шамамен осынша өсті, яғни соғысқа дейінгі он екі жыл ішінде халықтың сатып алу қабілеті де бір деңгейде қалды.
Сонымен қатар, 1948-1954 жж. бағаның төмендетілуі халықтың қомақты қаржы қорын күштеп мемлекеттік займ сатып алуға мәжбүрлеу және жалақының деңгейінің тым төмен болуымен қатар жүрді. Сол кезде көптеген орталық дүкендердің сөрелері небір таптырмас деликатестерге толы болғанымен, ең қажетті деген нан мен қант жетіспеді: сол кезде Қазақстандағы жұмысшылардың орташа айлық жалақы 64 сомды құрады, ауыл еңбеккерлерінің жалақысы одан төрт есе кем болды.
Соғыстан кейінгі жылдарда мәдени-ағарту мекемелерінің жағдайы онша болған жоқ.Олардың соғыс кезінде құлдырап кеткен материалдық-техникалық базасын нығайтып, білікті кадрлармен нығайту, күрделі жұмысқа қаржы бөлініп жаңадан мәдени-ағарту мекемелерін ұйымдастыру алда тұрған келелі міндеттердің бірі болды.
Кітапхана, клуб, оқу үйі, мектеп үшін үйлер салына бастады. Сол жылы 440 клуб, 500 мектеп іске қосылды. Мұндай жаңа құрылыстардың саны жыл санап көбейе берді. Мәдени-ағарту мекемелері үшін кадрлар даярлау, бұрынғыларын қайта оқыту сияқты жұмыстар жолға қойылды.
Соғыстан кейінгі жылдарда мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту, оқудың сапасын жақсарту ісіне ерекше мән берілді.
Қазақстанда тың жерлерді игеріп, индустрия алыптары бой көтеріп, халықтың саны едәуір көбейген 50-ші жылдары халыққа білім беру ісі біраз жанданды.Тың игерілген аудандарда көптеген жаңа мектептер ашылды. 50-жж.педагогикалық жоғарғы оқу орындары көбейді. Дегенмен, Қазақстанда, әсіресе, солтүстік облыстарда қазақ мектептері азайып кетті. Оның басты себебі демографиялық өзгерістермен байланысты болды. Қазақтар балаларын орыс мектептеріне көптеп бере бастады. Осының салдарынан 700 қазак мектептері жабылып қалды.
1951 жылдан 1955 жылға дейін республикада 8 жаңа жоғарғы және 22 арнаулы орта оқу ашылды. 1950-53 жылдары Қарағандыда екі жоғарғы оқу орны медицина және кен институттары ашылды.Семейде 1952-53 жылдары мал дәрігерлік – зоотехникалық және медецина институттары жұмыс істей бастады. Жаңа жоғарғы оқу орындарының:Ақтөбе меицина (1957), Целиноград ауыл шаруашылық (1958), Өскемен құрылыс жол (1958) институттарының ашылуымен бірге бұрыннан бар жоғары оқу орындары көбейіп, оларда жаңа факультеттер пайда болды.
1946 ж. мамырында Қазақ КСР- інің Ғылым академиясы ашылып, оның президенті болып Қ. Сәтпаев сайланды. 1950 ж. соңына қарай Ғылым Академиясының құрамында 19 ғылыми-зерттеу мекемесі болды.1947 ж. М.Әуезов «Абай» роман – эпопеясының екінші кітабын жазып бітірді, ал 1949 ж. оған КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді.Сол жылдары қазақ әдебиетінің озық үлгілері болып саналатын С. Мұқановтың «Сырдария», «Миллионер» романдары, И.Шуховтың, Т. Жароковтың шығармалары жарық көрді.
Достарыңызбен бөлісу: |