Xx ғасырдың басындағы Қазақстан өнер мәдениеті



бет2/9
Дата30.12.2021
өлшемі313,77 Kb.
#106957
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Садықжан Ақбота

Музыка және балет өнері

  • Музыка және балет өнері
  • Ауылдарды аралап жүретін әнші-өлеңші (әншілер), күйшілер, ақындар мен жыршылар ертеден дәстүрлі музыка өнерін таратушылар болып саналады. Жаңа кезеңде музыка өнерінің дамуына ХІХ, ХХ ғасырлар ортасындағы белгілі халық композиторлары мен әншілерінің, композитор-аспапшылардың әсері ерекше болды. Олардың арасында қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалаған Абай Құнанбаев, Біржан Қожағұлов, Жаяу-Мұса Байжанов, Дәулеткерей Шығаев, Құрманғазы Сағырбаев, Ықлас Дүкенов, Мұхит Мералиев, Балуан-Шолақ, Ақан-Сері, Тәттімбет, Мәди, Қазанғап, Дина Нүрпейісова, Кенен Әзірбаев және басқаларды атауға болады. ХХ ғасырда қазақтың музыка өнері жаңа музыкалану мен жанр формаларымен ерекшеленді. Аз ғана тарихи уақыттың бөлігінде республика көп дауыспен және еуропалық классикалық музыка-операның, симфонияның, балет инструменталды концерті, кантатаның, ансамбльдің, оркестрлік және хор орындаушылық түрлерінің жанрлық арсеналы жаңа кәсіби композиторлық мектептің негізін қалады. ХХ ғасырдың 30-40-жылдарында ұлттық мазмұндағы органдық синтездің және еуропалық форма негізінде қазақ опера өнерінің классикалық туындылары жарық көрді, олар – Е.Брусиловскийдің «Қыз жібек», А.Жұбановтың, Л.Хамидидің «Абай», М.Төлебаевтың «Біржан мен Сара», Е.Рахмадиевтің «Қамар сұлу» және басқа опералар. Орындаушылық және композиторлық шығармашылықпен қатар республикада музыкаландырудың дәстүрлік формалары дамып, бұқаралық музыканың формалары (рок эстрада, джаз) қалыптасуда, фольклор мен Қазақстан халқының ауызша кәсіби дәстүрлері де дамып жатыр. Республикада түрлі көркем салаларды орындаушылық ұжымдар жұмыс жасауда – мемлекеттік симфоникалық оркестр, Құрманғазы атындағы қазақ халықтық аспаптар оркестрі, мемлекеттік үрлемелі оркестр, хор, халық билерінің ансамблі, Г.Жұбанова атындағы мемлекеттік квартет, эстрадалық ансамблдер, үрлемелі және джаз оркестрлері.

Аты-жөні

өмір сүрді

Туған жері

шығармалары

Үкілі Ыбырай Сандыбай ұлы

1896-1930ж

Көкшетау облысы

әндері: «Гакку», «Жиырма бес»,»Көкше» т.б

Дина Кенже қызы Нұрпейісова

1861-1955ж

Батыс Қаз обл. Жаңа қала ауд

Күйлері: «Бұлбұл» «Байжұма» «Жеңіс» т.б

Халық артисі

Естай Беркімбай ұлы

1868-1943ж

Павлодар обл. Екібастұз ауд

әндері: «Құсни-Қорлан», «Хорлан» «Майда Қоңыр» т.б

Балуан Шолақ(Нұрмұхамбет Баймырза ұлы)

1864-1919ж

Ақмола обл .Еңбекшілдер ауд

әндері: «Ғалия» «Көкшетау» «Желдірме» т.б

Атақты палуан, далалық цирк өнерінің негізін салушы.

Қали Байжанов

1877-1966ж

Павлодар обл. Баянауыл ауд

Қазақ халық әншісі

Кенен әзірбаев

1884-1976ж

Жамбыл обл. Қордай ауд

«Ой Жайлау» «Көк шолақ»» «Бозторғай» т.б әндер

150 ге жуық әні бар

Мәриям Жагор қызы

1887-1950ж

Ақмола обл. Қорғалжын ауд

«Дудар-ай»

Қазақ жігіті Дүйсенге арнап жазылған

Әміре Қашаубаев

1888-1934ж

Шығыс Қаз. Абай ауд

1921ж Парижде бүкіл д.ж фестивалінде 2-орын алған әнші, ұлттық театр өнерінің негізін қалаушы

Майра Уәли қызы Шамсутдинова

1896-1929ж

Павлодар

«Майра» «Бақша» «Ертіс» т.б әндері

Кәзір Майра атында әншілер байқауы өтеді


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет