Xx ғасырдың басындағы Қазақстан өнер мәдениеті


Қазіргі Қазақстанның мәдениет және өнер мекемелері



бет7/9
Дата30.12.2021
өлшемі313,77 Kb.
#106957
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Садықжан Ақбота
1 Лекция Физ-хим осн,  Критериалды бағалау жүйесінің тарихи қалыптасу кезеңдері Критериалды бағалауды оқытудың қызметі мен ұстанымдары, 6 сынып тест, ЕСЕПТЕР

Қазіргі Қазақстанның мәдениет және өнер мекемелері.

  • Қазіргі Қазақстанның мәдениет және өнер мекемелеріБүгінгі таңда республикамызда 147 мұражайлар мен әр саладағы мұражай-қорықтары істеуде. Мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатының жолбасшысы болатын 3495 кітапхана қызмет көрсетеді.Республикамыздың астанасы – Астана қаласында Қазақстан Республикасының Президенттік мәдени орталығы қызмет көрсетуде. Ондағы жиынтықта тарихи мұражай, қоғамдық кітапхана, концерттік зал бар. Қазақстан Республикасының алтын және бағалы заттар Мемлекеттік мұражайы, Қазіргі заман өнерінің мұражайы, Астана қаласының атақты жазушы Сәкен Сейфуллин атындағы мұражайы. Алматы облысы Жамбыл ауданындағы Тамғалы шатқалындағы бірегей петроглиф және археологиялық жиынтықты қорғау мақсатында Мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық- мұражайы «Тамғалы» құрылды.2004 жылдың шілде айында Астана қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының құрылысы аяқталды.Қазіргі таңда кітапхана толықтырмалармен айналысуда, өз қорын жинақтауға және кітапхананың web-сайтын жасауға кірісті. Айтып өту қажет, республикамыздағы кітапханалық жұмыстар соңғы технологиялық инновациялардың әсерімен жүзеге асуда. Кітапханалар әлемдік ақпараттық жүйені қамтуда, электронды қолданушыларды мағлұматтық базаға енгізуде.Кітапханалар жазба ақпараттарымен қоса, аудио-видео кассеталарды және СD шағын-дискілерін, электронды және web-мағлұматтарын тыңдауға мүмкіндік бар. Бірлескен жүйелер ұйымдары құрылуда. Оған мысал Қазақстандық бірлескен каталогиялық Орталықтың жұмыстары, оның мүшелері еліміздегі 14 кітапхана, ол ресей-қазақстандық «Шекарадағы кездесулер» жобасы, оның мақсаты жалпы мағлұматтар базасын құру, біркелкі қолдану интерфейсті барлық топтамаларға кіруге мүмкіндігі бар электронды құжаттарды құрау.Ақпараттық білімді, мәдени-ағартушылық инфрақұрылымын ары қарай дамытудың мақсатында Қазақстанның археологиялық және этнографиялық Мемлекеттік мұражайын, Абылайхан атындағы тарихи-этнографиялық жиынтықты құру жұмыстары жүргізілуде, сонымен қатар Алматы облысындағы Еңбекшіқазақ «Ыссық», Шығыс-Қазақстан облысы Қатон-Қарағай ауданындағы ауданындағы «Берел» тарихи-мәдени қорық-мұражайы жасалынуды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет