Мәдениет– 1) белгілі бір халықтың қол жеткізген табыстары мен шығармашылығының жиынтығы; 2) адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері; 3) адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі; 4) агромәдениет. Мәдениеттің мақсаты – адам бойындағы ойлау, пікір айту, пайымдау қабілеті мен эстетикалық сезімді дамыту. Мәдениет – халықтың мыңдаған жылдар бойы жинақталған шығармашылық мұрасы, онда қоғам мен жеке адамның рухани ізденісі, халықтың даналығы мен адамгершілік нышандары жинақталған.
2.Музыка және балет өнері
Ауылдарды аралап жүретін әнші-өлеңші (әншілер), күйшілер, ақындар мен жыршылар ертеден дәстүрлі музыка өнерін таратушылар болып саналады. Жаңа кезеңде музыка өнерінің дамуына ХІХ, ХХ ғасырлар ортасындағы белгілі халық композиторлары мен әншілерінің, композитор-аспапшылардың әсері ерекше болды. Олардың арасында қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалаған Абай Құнанбаев, Біржан Қожағұлов, Жаяу-Мұса Байжанов, Дәулеткерей Шығаев, Құрманғазы Сағырбаев, Ықлас Дүкенов, Мұхит Мералиев, Балуан-Шолақ, Ақан-Сері, Тәттімбет, Мәди, Қазанғап, Дина Нүрпейісова, Кенен Әзірбаев және басқаларды атауға болады.
ХХ ғасырда қазақтың музыка өнері жаңа музыкалану мен жанр формаларымен ерекшеленді. Аз ғана тарихи уақыттың бөлігінде республика көп дауыспен және еуропалық классикалық музыка-операның, симфонияның, балет инструменталды концерті, кантатаның, ансамбльдің, оркестрлік және хор орындаушылық түрлерінің жанрлық арсеналы жаңа кәсіби композиторлық мектептің негізін қалады. ХХ ғасырдың 30-40-жылдарында ұлттық мазмұндағы органдық синтездің және еуропалық форма негізінде қазақ опера өнерінің классикалық туындылары жарық көрді, олар – Е.Брусиловскийдің «Қыз жібек», А.Жұбановтың, Л.Хамидидің «Абай», М.Төлебаевтың «Біржан мен Сара», Е.Рахмадиевтің «Қамар сұлу» және басқа опералар. Орындаушылық және композиторлық шығармашылықпен қатар республикада музыкаландырудың дәстүрлік формалары дамып, бұқаралық музыканың формалары (рок эстрада, джаз) қалыптасуда, фольклор мен Қазақстан халқының ауызша кәсіби дәстүрлері де дамып жатыр. Республикада түрлі көркем салаларды орындаушылық ұжымдар жұмыс жасауда – мемлекеттік симфоникалық оркестр, Құрманғазы атындағы қазақ халықтық аспаптар оркестрі, мемлекеттік үрлемелі оркестр, хор, халық билерінің ансамблі, Г.Жұбанова атындағы мемлекеттік квартет, эстрадалық ансамблдер, үрлемелі және джаз оркестрлері.
XX-ғасырдағы қазақ мәдениеті:
ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті ұлы Абайдың ағартушылық, демократиялық дәстүрiн жалғастыра отырып, отаршылдыққа қарсы күрес пен тәуелсiздiктi аңсау идеясын ашық және батыл көтердi. Ахмет Байтұрсынов, Мiржақып Дулатов қазақ халқының тарихи-мәдени дамудан кенже қалып, қараңғылықта отырған күйiн суреттеп, елдi өнер-бiлiмге үгiттедi. Жаңалыққа енжар, ұйқыда жатқан қазақты бiрi «Маса» боп құлағына ызыңдап, бiрi «Оян, қазақ» деп, бар дауыспен жар салды. Ғасыр басында әдебиетке келген ақын-жазушылардың барлығы да осы дүбiрмен оянғандар едi. Сұлтанмахмұт Торайғыров қазақ әдебиетін көркемдiк-эстетикалық тұрғыдан байытып, жаңа жырлардың туып, жетiлуiне үлес қосты. Оның «Қамар сұлу», «Кiм жазықты?» атты романдары, «Адасқан өмiр», «Кедей», «Таныстыру», «Қала ақыны мен дала ақынының айтысы» поэмалары, лирик. өлеңдерi, публицистик. мақалалары ақынның әр саладағы iзденiстерiн танытты. Әдебиеттегi сыншылдық бағытты дамытып, ағартушылық идеяны көркем сөз арқылы өрiстетуге Сәбит Дөнентаев, Мұхамеджан Сералин, Спандияр Көбеев, Бекет Өтетiлеуов, Тұрмағамбет Iзтiлеуов, Ғұмар Қараш, Нарманбет Орманбетұлы, Бернияз Күлеев, т.б. елеулi еңбек сiңiрдi. Олар ақындық өнердi әр жағынан жетiлдiрдi.
Сәбит шағын сюжеттi өлеңдер мен мысал жанрында өнiмдi еңбек етсе, Бернияз заман шындығын лирикалық өлеңдермен ашуға ұмтылды. Ауыл мектептерiнде сабақ берген Спандияр мен Бекет еңбектерi олардың ұстаздық, ағартушылық көзқарастарымен байланысты едi. Көбеев «Қалың мал» атты роман жазды. «Айқап» журналын шығарған белгiлi журналист Сералиннiң әлеуметтік теңсiздiктi бейнелейтiн дастандары («Гүлқашима», «Топжарған») басылды. Отаршылдық қанауды, ел билеу жүйесiндегi саясатты, қазақ қоғамының мешеу күйiн сынауда Ғұмар мен Нарманбет өлеңдерi едәуiр көркемдiк табысқа жеттi. Бұл дәуiрдегi әдебиет ақын-жазушылардың ұстаған жолы мен көркемдiк iзденiстерi, бағыт-бағдары жағынан бiркелкi емес едi. Олардың iшiнде таза қазақы дәстүрге сүйенген, аракiдiк шығыс әдебиетiнен хабары бар ақындар тобы болды. Олар да ел iшiн жайлаған надандықты, ел билеушiлердiң әдiлетсiздiгiн, патшаның отаршылдық саясатын сынады. Мәшһүр-Жүсiп Көпеевтiң, Нұржан Наушабаевтың реалистiк өлеңдерi дәуiр шындығын ашып көрсеттi. 20 ғ-дың басындағы әдебиеттi толықтыруда «Исатай-Махамбет» дастанының авторы Ығылман Шөрековтi де, Қ. ә-нiң дәстүрлi саласын дамытқан әншi-ақындар легiнде (Майра, Иманжүсiп, Мәди, Кенен, Үкiлi Ыбырай) атап айтуға болады. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерiлiсiнiң батырлары Амангелдi, Бекболат, т.б. туралы жырлар туды. Көтерiлiске байланысты туған халық поэзиясы ғасыр басындағы әдебиеттiң демокр.-халықтық бағытын толықтырып, оны жаңа мазмұнмен байытты; қараңыз: Қазақ халық поэзиясы.