«xxi ғасырдағЫ Ғылым және білім»


Имидждік промоушеннің жіктелуі



Pdf көрінісі
бет203/236
Дата16.04.2022
өлшемі4,46 Mb.
#139665
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   236
Байланысты:
Сборник 3конф (1)

Имидждік промоушеннің жіктелуі. 
Имидждік промоның жедел промодан айырмашылығы сирек беріледі. 
Мұндай промоушеннің нақты бір бағдарламаға не болмаса оқиғаға қатысы жоқ, 
көрерменге телеарнаның жалпы жетістіктері жайлы баяндайды. Оның басты 
мақсаты – аудитория санасына медиабрендке деген сенімді қарым-қатынасты 


362 
орнату және растау. Имидждік ролик – телеарнаның негізгі сипаттамаларын: 
арнаның мақсаты мен міндеттерін, басты ұстанымдарын, мақсатты 
аудиторияның мінездемесін, сондай-ақ осы ақпарат құралымен байланыс 
жасағандағы көрерменде пайда болатын ойды біріктіретін шағын бейне ролик. 


Телеарнаның ID ролигі 
ID ролик немесе идентификациялық бейне – промоушеннің негізгі 
түрлерінің бірі. Ол брендтің түрлі ерекшеліктерін: тұжырымдамасы, берілу 
формасы, бір бейнедегі графикалық және музыкалық компоненттерін
біріктіреді. ID роликке бағдарламалар арасындағы заставкалар және 
дыбысталған роликтер жатады. Дыбысталмаған ID роликтер музыканың 
фонында және интершуммен әрленеді. Ал кейінгі түрі дыбысталған мәтінмен 
жасалады. Мұнда басты назар мәтінге және дәйексөзді айтатын кейіпкерге 
аударылады, бейнеқатар екінші орынға қалады.

Мерекелік промоушен (атаулы күндер, күнтізбелік мерекелер) 
Имидждік промоушеннің тағы бір түрі - телеарнаның мерекелік бейне 
роликтері имидждік промоушеннің тағы бір түрі. Атаулы күндер мен 
мемлекеттік мерекелер кезінде бір-біріне құрмет көрсету бұрыннан келе жатқан 
дәстүр. Барлық компаниялар мен коммерциялық құрылымдар әріптестерін, 
серіктестерін, тұтынушын құттықтап жатады. Бұл жағдайды телеарналар да 
ұтымды пайдалана білу керек. Құрғақ, ресми құттықтауларға қарағанда 
мерекелік промоушенге шығармашылық тұрғыдан келуі керек. Мұндай 
роликтердің кейіпкерлері, сюжеті, мәтіннің сөзі арнаның мақсатты 
аудиториясына көтеріңкі көңіл-күй сыйлауы тиіс. Мысалы, «Қазақстан» арнасы 
«Аналар мерекесі», «Астана күні», «Тұңғыш Президент күні», «Тәуелсіздік 
күні», «Жаңа жыл» қарсаңында мерекелік бейне роликтер, топтамалар 
жасайды. Соның бірі, 2019 жаңа жыл қарсаңында «Жарнамасыз жаңа жыл» 
деген түйінсөзбен промороликтер эфирден берілді.

Имидждік промороликтер 
Имидждік проморолик – бұл медиабрендтің негізгі мінездемесі мен 
міндеттерін көрсететін арнайы ойластырылған сюжеті, тұжырымдамасы, 
сценариі бар шағын фильм. Имидждік проморолик телеарнаның бетпердесі. 
Оның хронометражы ұзақ болады. Жедел промо түрлеріне қарағанда ұзақ 
шығармашылық ізденісті талап етеді. Көбіне мұндай роликтер телеарнаның 
белгілі бір уақыт аралығындағы еңбегінің нәтижесінде пайда болады.
Сонымен, эфирлік промоушен негізінен екі топқа бөлінеді. Ол – 
көрермендерді қандай да бір бағдарламаны көру үшін нақты күні, нақты 
уақытта экран алдына жинау мақсатында жасалатын жедел промоушен және 
медиабрендке деген оң көзқарас пен жағымды ой-пікір қалыптастыруға 
бағытталған имидждік промоушен.
Бүгінгі күні қай телеарнаны алып қарасақ та промоушенге көп көңіл 
бөледі. Өйткені, олар көрермен мен жарнама берушілерді бері қаратудың 
бірден бір жолы осы екенін түсінді. Қазір креативті идеяларға толы 
бейнероликтердің түрлі формалары пайда болды. Сондықтан да сапалы 
роликтер жасайтын режиссерлерге, қысқа да нұсқа түйінсөз жазатын 


363 
копирайтерлерге, яғни журналистерге деген сұраныс артып отыр. Алдағы 
уақытта отандық телеарналарда промоушеннің рөлі бұдан да өсе түспек.
Әдебиеттер тізімі: 
1.Хант Л. Телевизиялық брендинг пен эфирлік промоушеннің негіздері. 
М., Престиж, 2004. 
2.Капфер Ж.-Н. Бренд: қалыптастыру, дамыту, бренд құндылықтарын 
қолдау. Ағыл.аударма- М.Вершина.2006. 
3.Тарасова О.В. Медиабрендті насихаттаудағы жарнамалық байланыстар. 
Магистрлік диссертация. С-Петербург. 2017.
 www.dissercat.com
 
4.«Қазақстан» телеарнасының ресми саиты. www.kaztrk.kz  
 Ғылыми жетекші: филилогия ғылымдарының докторы, профессор
Кенжеғұлова Н.С 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   236




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет