Я. А. Коменский білім беру ісін ұйымдастыруда дүниежүзі бойынша алғашқы рет жүйелілікпен дәлелдеді. Оқу жылын тоқсандарға бөліп, оқу күнін, күніне қанша сабақ өту, тоқсан аяғында оқушыларға демалыс беру, балаларды бі



Дата04.11.2019
өлшемі38,25 Kb.
#51113
Байланысты:
Курстық жұмыс (5).docx Айнұр

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Я.А.Коменский оқу мен тәрбие жүйелерін құруда көзқарасты таным үрдісіне байланысты екі жақты ұстанды. Оның түсінігі бойынша ақиқатты танудың бір бағыты – логикалық ақыл-ойға негізделген түсінік, оның көзі – діни сенім. Ақиқаттың екінші бағыты – табиғатты тану, ол тіріліктің, байлықтың көзі, тбиғатты қорғап, сақтай білу үшін білім қажет. Я.А.Коменский оқушыларға жан-жақты білім беруде жас ерекеліктерін ескеріп, бір-бірімен байланысқан оқытудың 4 сатылы кезеңнен тұратын оқу жүйесін ұсынды. Олар: баланың туылған күнінен бастап 6 жасқа дейінгі аралықта үйінде “Ана мектебіндe” тәрбиеленуі; 6жастан 12 жасқа дейін әрбір қауымдастықтааа “Ана тілі” мектебінде оқуы; 12 жастан 18 жас аралығында оқушылар қаладағы латын мектебінде білім алуы; 18 жастан 24 жасқа дейінгі жастардың әр мемлекеттегі академияларға түсіп оқуы.

Я.А.Коменский білім беру ісін ұйымдастыруда дүниежүзі бойынша алғашқы рет жүйелілікпен дәлелдеді. Оқу жылын тоқсандарға бөліп, оқу күнін, күніне қанша сабақ өту, тоқсан аяғында оқушыларға демалыс беру, балаларды бір мезгілде қабылдау, оқушылардың білімдерін тексеру, сыныптан сыныпқа көшу тәртібін енгізді.

Я.А.Коменскийдің дидактикалық қағидаларының бірі – оқытудың бірізділік қағидасына жан-жақты тоқталды. Барлық шәкірттерге ұсынылған материалдарды меңгеру үшін жаңа материалды оқыту оның алдындағы сабақта даярланған материалдық тікелей жалғасы болу керек.

Зерттеудің мақсаты: Я.А.Коменскийдің педагогикаға қосқан үлесі мен аталған еңбегін кешенді зерттеу болып табылады.

Зерттеудің міндеттері:


  • Я.А.Коменскийдің педагогика ғылымына қосқан үлесін анықтау;

  • Я.А.Коменскийдің «Ұлы дидактика» еңбегін қарастыру;

Зерттеудің нысаны: Я.А.Коменскийдің педагогикаға қосқан үлесі мен өмір жолы болып табылады.

Зерттеудің болжамы: Қазіргі заманғы педагогика мен дидактикаға негіздерін толық меңгерудің бір қайнар көзі – Я.А.Коменскийдің еңбегі мен қосқан үлесін зерттеу болып табылады.

Зерттеудің құрылымы: Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І БӨЛІМ Я.А.КОМЕНСКИЙДІҢ ДИДАКТИКАҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ


1.1 Я.А.Коменскийдің педагогикаға қосқан үлесі
Педагогика тарихында Коменский – ең белгілі, аты әлемге танымал ірі тұлғалардың бірі. Өз дәуірінің алдыңғы қатарлы іліміне сүйене отырып, демократиялық сипаттағы және бұқара халықтың ағарту ісіне ұмтылысын бейнелейтін педагогикалық жүйені жасады. Коменский жалпыға бірдей оқыту, бірыңғай мектеп жүйесі, ана тіліндегі мектеп, жеңіл де және түсінікті оқыту үшін күресті. Балаларды ерте жас кезінен бастап, мүмкіншілігі келетін еңбекке баулу қажеттігін атап көрсетті.

Коменский - өте күрделі, қарама-қайшылықты тұлға. Ол тәрбиенің мақсаттары туралы, оқытудың мазмұны туралы мәселелерде ортағасырлық діни көзқарасқа бой ұрды. Бірақ оның жүйесі тұтас алғанда прогрессивтік сипатқа ие болып табылады. Негізгі педагогикалық мәселелерді алдыңғы қатарлы, ал кейде тіпті өз дәуірінің материалистік теориясының және мектебінің озық тәжірибесі рухында шеше білді.

Коменский дидактика саласында алғашқы жаңашыл педагог-гуманист ретінде көптеген құнды прогрессивті дидактикалық идеяларды, қағидаларды және оқу жұмысын ұйымдастырудың ережелерін ұсынды (оқу жылы, каникулдар, оқу жылын оқу тоқсандарына бөлу, күзде бір мезгілде балаларды мектепке қабылдау, сынып-сабақ жүйесі, оқушылардың білімін ескеру, оқу күнінің ұзақтығы және т.б.).

Белгілі дидакт ретінде Коменский оқытудың өміршеңдігі, реализмі қағидасын ұсынды, гуманизм және табиғатқа сәйкестік талаптарынан туындай отырып, балалардың психологиялық және жас ерекшеліктерін ескертуді, көрнекілікті қолданудың негізінде таным қабілеттіктерін дамытуды талап етті, оқытудағы қызығу, зейін, есте сақтау мәселелерін талдады және оқытудың негізгі қағидаларын және ерекшелерін айқындап берді. Ол алғаш рет сабақ теориясын терең талдап берді.

Я.А.Коменский бүкіл дүние жүзінде педагогикалық ой-пікір мен мектептің дамуына орасан зор әсер етті. Оны жаңашыл педагог, дидактиканың ғылыми негізін салушы ретінде көптеген батыс елдері өздерінің мектеп ісін ұйымдастыруға және жаңартуға шақырып, тәжірибе алмасты (Англия, Швеция, Венгрия және т.б.).

Оның оқулықтары көптеген шет тілдерге аударылды, оның ішінде ХVІІ және ХVІІІ ғ.ғ. Ресейде аударылды. Бұл оқулықтар алғашқы оқытудың 150 жылдан астам уақыт ең сапалы оқулықтары ретінде басқа прогрессивті педагогтардың оқулықтар жасау үшін үлгі болып табылды.

Орыстың ұлы педагогі К.Д.Ушинский ХІХғ. 60 жылдарында былай деп жазды: “Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, балалар туралы ғылым педагогикалық бастауын біз Коменскийдің “Дүниенің картинкалар арқылы бейнелеу” еңбегі деп есептейміз”.

Коменскийдің оқулықтары мен дидактика мәселелері жөніндегі ұсыныстары күні бүгінге дейін әртүрлі елдердің мектеп тәжірибесінде кеңінен қолданылып келеді. Коменский ұсынған дидактикалық қағидалар, жалпыға бірдей міндетті білім беру, мектепті демократияландыру, ана тілі, білім беру жүйесін жетілдіру бүгінгі күні де күн тәртібінен түспеген мәселелер болып табылады.

Лейбництің айтуынша, Декарт пен Бекон философияның, Коперник астрономияның дауында қандай еңбек сіңірсе, педагогика ғылымын дамытуда Коменский сондай еңбек сіңірген болатын-ды.

Ұлы педагогтің қиялдаған көптеген мәселелері күні бүгінге дейін өз мәнін жазған жоқ. Я.А.Коменский бала тәрбиесі туралы ғылымның негізін сала отырып, педагогиканың дидактика саласында жаңашылдық идеяны негіздей отырып, бүкіл әлемдік педагогиканың дамуына ерекше ықпал етті.



Коменскийдің педагогикалық мұрасын орыс педагогикасының ұлы классигі К.Д.Ушинский, қазақтың ұлы ағартушы, педагогі Ы.Алтынсарин және басқа да ХІХ ғ.ІІ жартысында Ресейді мекендеген орыс емес ұлттардың педагогикасының өкілдері Я.С.Гогебашвили, Уавчавадзе, М.Ф.Ахундов, Г.Агаян, Карм Насыри, И.Я.Яковлев және т.б. ағартушы-педагогтары өз шығармаларында Я.А.Коменскийдің педагогикалық мұрасын насихаттауда біршама еңбек сіңірді.

1631 жылы Коменский «Тілдер мен барлық ғылымдардың ашық есігі» деген оқулығын жазып шығарды. Білім беру тарихындағы тұңғыш оқулық жедел 15 елдің тіліне аударылып, мектептерге кенінен таралады. Келесі жылы Коменскийдің есімін дүние жүзіне танытқан «Ұлы дидактика» еңбегі жазылып бітті. «Ұлы дидактика» Коменскийдің педагогикалық жүйесін толық және дәлелді түрде баяндаған шығарма болды. Бұл еңбекте ақыл-ой адамгершілік тәрбиесінің мәселелері сондай-ақ ұлы педагог ұсынған жаңа мектепті ұйымдастыру мәселелері зерттелді. өмірінің соңғы жылдарын ұлы педагог Амстердамда өткізді, оның «Ұлы дидактикасы» 1957 жылы Лешко қаласында баспаға бастырылды. Коменский 1670 жылы Амстердамда таяу жердегі каарденде қайтыс болды. Орта ғасыр мен жаңа дәуірдің, феодалдық және капиталистік формацияларының аралығында өмір сүрген Коменскийдің көз қарасы сол дәуірдің ерекшеліктеріне мен қайшылықтарына байланысты қалыптасты. Коменский дидактикасында реалистік те, материалистік көқарастар да бар болды. Дидактиканың принциптері материалистік сексуализм тұрғысынан түсіндірілді. Бірақ оқу мен тәрбиенің жүйелерін құруда маңызды болып саналатын таным проблемасын шешуде оның көзқарасы екі жақты болды. Коменский ақиқаттың бір саласы – логикалық, оның көзі – діни сала. Ақиқаттың екінші саласы табиғатты танудан шығады. Табиғат жер бетіндегі бақыттың байлықтың көзі, бұл көзді ретті иемдену үшін табиғатты білу керек, ол үшін білім қажет етеді. Тәрбие мен білім берудің маңызын Коменский өз заманындағы білім беру жүйесіне, мектеп құрлысына мектептің жаңа түрі жөніндегі идеяны қарсы қойды. «Ұлы дидактиканың» негізгі тарауларында Коменский реалистік позицияда екендігін, педагогиканың маңызды мәселелерін шешуді өмір тілегіне, өз қоғамының демократиялық топтардың мұқтажына бағындыратының көрсетті. Коменский – жас жеткіншектерге тәрбие және білім беру. Оның ойынша адам тек тәрбие арқылы ғана адам болады. «Адам болу үшін ол білім алуы тиіс...» «Білімділер нағыз адам...» - деді. Бүкіл тәрбие ісі Коменскийге табиғатқа тән, жалпы заңдылықтарға сәйкес болуы тиіс. Ол адамды табиғаттың бір бөлігі ретінде алып қарап, тәрбие ісін адамның табиғатына сәйкес, оның табиғи қабілеті мен қасиеттерін дамытуға бағыттап жүргізу керек деп кеңес берді. Осы талап оның бүкіл педагогикалық іліміне енді және мұны ол тәрбие мен оқытудың жалпы принципі ретінде санады. Кейінен Коменский анықтаған бұл идея педагогикада «табиғатқа сәйкестік принципі» оқудағы схоластика мен догматизмге қарсы күресте мәнді болды. Ол құрғақ жаттау мен догматизмге қарама-қарсы оқытудың бала табиғатына, оның мүмкіншіліктеріне сәйкесті болуын талап етті. Мектеп оқуының жүйесі, оқыту теориясы. Коменский адамның өсіп-жетілуіндегі жас ерекшеліктерін негізге ала отырып, бір-бірімен байланысты құрылған оқудың 4 сатылы кезеңін осыларға сай 4 түрлі мектеп оқудың жүйесін ұсынды. баланың туғаннан 6 жасқа дейінгі кезеңінде әр үйде – «Ана мектебі» 6-дан – 12-жасқа деінгі балалар үшін әрбір қауымда «Ана тілі» мектебі 12-ден – 18 жастағы жастар үшін - әрбір қалада латын мектебі (гимназия) 18-ден 24жастағы жастар үшін әрбір мектепте академия болу керек деді. Көрсетілген әр сатыдағы оқу бір-бірімен байланысты болды.

ХVІІ ғасырдың өзінде бір тексті мектеп жүйесі жөнінде демократиялық принцип ұсынды. Коменский оқудың мақсаты ғылыми білімді меңгеру және өмірге пайда келтіру деп білді. Мектеп материалдық жағдайында біліммен қаруландыру жағынан да оқудың жаңа мазмұнын беруге тиіс еді. Коменский сол кездегі мектептерде латын тіліндегі оқу үстем болып тұрған кезде, бастауыш мектептің (элементарлық) ана-тілінде болуын талап етті. Бұл мәселеде ол өнерге қажетті бастапқы білім тек ана тілі арқылы ғана бірілді, тек осылай ғана балалардың ақыл-ойын одан әрі дамыту міндетін жемісті шешуге болады деген негізгі қорытындыға сүйенді. Коменский мектепте ана-тіліне кеңінен ендіру және оны дамыту жолында қажымас күрес жүргізді.
1.2 Я.А.Коменскийдің оқыту теориясы туралы

Коменскийдің еңбектерінде неге және қалай үйрету керек деген мәселе ерекше орын алады. Ортағасырлық мектептің берген білімі, онда қолданылған схолостикалық оқыту тәсілдері және шәкірттерге әсер етудің қатаң шаралары оны қанағаттандырмады. Коменский бұл мектепті балаларды қорқытып-үркітудің және ақылдылардың түрмесі деп атады. Ал шәкірттерді дамытпады, керісінше, ақыл-ой қабілеттілігін тежеп отырды, олардың оқуға деген ықыласын өлтіріп отырды. Мектеп, Коменскийдің пікірінше, адамдардың тірі шеберханасы болу тиісті, немесе, оның айтуынша, “ізгіліктің шеберханасы”, “жарықтың шеберханасы” деп бағалады. Мектеп адамды ақылды, адамгершілікті, қайырымды ету үшін бәріне үйрету керек деді. Бұл дегеніміз шәкірттер мектепте жан-жақты білім алу керек. Мектепте берілетін білім жеңіл-желпі ат үсті болмау керек, берік берілетін білім болуы керек, демек, адам басқаның ақылын басшылыққа алмау керек, өзінің ақылымен жұмыс істеу керек, тек ғана кітаптан оқып қою, заттар мен құбылыстар туралы басқаның пікірін түсіну жеткіліксіз, өзінің жеке басында заттардың мәніне үңіле білу қабілеттілігін дамыту және шын мәнінде оларды дұрыс түсіне білуді қалыптастыру қажет.

Осыдан келіп, ұлы педагог жалып білім беретін мектептердің бағдарламасына жан-жақты білім негіздерін енгізді (гуманитарлық және реалдық). Мектепте моральді оқытуды енгізуді ұсынды. Дінге сенетін адам ретінде мектепте дінге ерекше мән берді. “Ақылды, адамгершілігі мол, қайырымды адамдарды” дұрыс даярлау үшін, уақытында оқу бағдарламасын уақытында жемісті іске асыру үшін Коменский мектеп ескі оқытудың әдістерінен, қорқытудың варварлық тәсілдерінен және оқушының жеке басын жаншудан бас тартудың қажеттігін атап өтті. Осыны қамтамасыз ету үшін, демек, оқытудың тиімді ұйымдастыру үшін оқытудың дидактика негіздерін түбірімен өзгерту керек деген болатын-ды.

Ескі ортағасырлық мектепте негізделген жүйеге қарама-қарсы ол өзінің көптеген ережелерінде жаңа дидактикалық негізде қарастырды. Коменскийдің дидактикасы ортағасырлық мектепке қарағанда, оқыту үрдісін “өміршең және табиғи, жеңіл және жемісті” ету үшін бағытталды.Ескі варварлық оқыту әдістеріне, өз мәні жағынан негізіне “табиғи әдісті” немесе табиғатқа сәйкестікті, яғни, оқытудың әдістерімен табиғат заңдылықтарының арасындағы сәйкестікті жатқызады. Коменский өз дидактикалық қағидаларын табиғатқа сілтеме жасау арқылы дәлелдейді және бекітеді. Ол негізінен өсімдіктердің өміріне, құстардың дамуына, бағбанның, архитектордың қызметінесілтеме жасайды және т.б. Біріншіден, Коменскийдің түсіндіруінше, дидактиканың “алтын ережесін” төменгіше түсіндірді: “Бәрі де сезім органдары арқылы қабылданады, атап айтсақ: көретін нәрсе – қабылдау үшін көру сезімімен, еститін нәрсе – есту сезімімен, иіс – иіс сезімімен, дәмінтату – дәм сезімімен, сипай-сезу, сипай-сезу арқылы іске асады. Егер де қандай ма болмасын заттар мен құбылыстарды бірнеше сезіммен бірден қабылдауға болады, мейлі олар бірден бірнеше сезімдер арқылы қабылдансын”.

Коменскийдің талап етуінше, оқу заттар мен құбылыстартуралы сөздік баяндаудан басталмау керек, бірақ оларды нақты бақылаудан бастау керек. Табиғи мүмкін болатынды бақылау қажет, бірақ заттарды тікелей бақылау мүмкін болмаған жағдайда оларды суреттермен, моделдермен, картинкалармен ауыстыру керек. Негізгі дидактикалық қағидалардың бірі ретінде көрнекілікті талдауда Коменскийдің сіңірген еңбегі ұлан-теңіз. Сол кездегі қалыптасқан көрнекілік оқытудың кейбір практикалық іс-тәжірибесін ол ұлы ғұлама педагог ретінде негіздеді, жинақтады, әрі қарай тереңдетті және кеңейтті, тәжірибеде көрнекілікті кеңінен қолданды, өзінің оқулықтарын суреттермен қамтамасыз етті. Мағынасыз, механикалық жаттауға, догматикалық оқытуға Коменский оқытудың саналылық талаптарын қарсы қойды. Коменский біржүйелік оқытуға ерекше мән берді. Ол құбылыстардың арасындағы байланыстарды оқушылардың түсінуінің қажеттігін атап көрсетті, оқу материалын біржүйелікпен дұрыс ұйымдастыру керек, ол шәкірттерге хаос (жүйесіз) болмауы керек, негізгі қағидалар түрінде қысқаша баяндалған болуы керек.

Оқыту үрдісінде, оның айтуынша, деректерден қорытындыларға, мысалдардан ережелерге жүріп отыру керек, демек, бұл деректер мен мысалдарды біржүйелейді, жинақтайды; нақтылыдан абстрактыға, жеңілден қиынға, жалпыдан жалқыға жүріп отыруды талап етті. Коменский дидактикалық қағидаларының бірі – оқытудың бірізділік қағидасына жан-жақты тоқталды. Барлық шәкірттерге ұсынылған материалдарды меңгеру үшін жаңа материалды оқыту оның алдындағы сабақта даярланған материалдық тікелей жалғасы болуы керек. Коменский балалардың жас ерекшеліктерімен санаса отырып, ең алдымен шәкірттердің түйсіктерін, одан кейін есін, одан әрі ойларын, ең соңында тіл мен қолын дамыту қажет деп кеңес береді, себебі шәкірт меңгергенді дұрыс айта білуі және оны күнделікті ісінде қолдана білуі қажет.Коменский оқытудың түсініктілік қағидасы туралы құнды кеңестер береді. Шәкірттерге оқыту тек ғана жас шамасына лайықтап беру керек. Шамаға лайықтылық және түсініктілік қағидаларын оықтудың анықтығына, негізгі мәселелерді хабарлау арқылы іске алады.Сонымен қатар Коменский оқытудың беріктілік қағидасы туралы да құнды кеңестер берді. Коменский “берік негіз қалану керек, оқытуда асықпау керек, оқушылар берілген материалды толық меңгеруі қажет”.

Оқу материалын берік меңгеруде жаттығулардың және қайталаудың мәні орасан зор.Коменский оқушылардың таным қабілеттіліктерін дамытуға ұмтылып отырды.Оқыту жұмысының нәтижесі белгілі дәрежеде қолданылатын ұйымдастыру түрлеріне, әдістеріне және тәсілдеріне тікелей байланысты екені белгілі. Коменскийді сол кезде үстемдік еткен оқытудың түрі де, оқытудың қолданылатын әдістері де ешқандай да қанағаттандырмады. Оқытудың түрі оқушыларға негізінен тапсырма берумен және әрбір оқушыдан негізінен тапсырма берумен және әрбір оқушыдан сабақ сұраумен шектелді.

Ал педагогика тарихында тұңғыш рет әртүрлі әдістерді қолдана отырып, жаңа сынып-сабақ жүйесін ұсынды, оның ішінде көрнекті оқыту әдістеріне ерекше орын берді. Коменский алғаш рет жаңа сынып-сабақ жүйесін ұсына отырып, төмендегі негізгі мәселелерге ерекше назар аударды:

1) оқу жылы белгілі жыл мезгілінің тек ғана бір күні басталуы қажеттігін ұсынды; 2) ғылыми білімнің барлық жиынтығы сыныптарға дәл бөліну туралы; 3) уақыт сондай дәл бөлінген болу керек, әрбір жыл, ай, күннің өзінің ерекше міндеттері болу керек. Коменский оқу жылы және оның оқу тоқсандарына бөлінуі ұғымын алғаш рет бекітті, оқу демалыстарын (каникулдары) енгізді, оқу күнін ұйымдастыруды анықтады (4 сағат ана тілі мектебінде, 6 сағат латын мектебінде) теориялық тұрғыдан сынып-сабақ жүйесінің негізін салды және оны тәжірибеде қолданды, іске асырды. Коменскийге дейін мектептерге шәкірттерді қабылдау әртүрлі уақытта, бүкіл оқу жылының бойында жүргізілді. Шәкірттер сыныпта бірге отырғанмен, бірақ сыныптағы барлық оқу шәкірттермен көп жағдайда ұжымдық сабақ болмады. Мұғалім әр шәкіртпен жеке жұмыс жүргізді. Сонымен, Я.А.Коменский сынып-сабақ жүйесінің негізін сабақты қалай жоспарлау, өткізу керек, шәкірттерден сұрап отыруға, сонымен қатар сабақта жаңа материалды түсіндіріп отыруға және жаттығуларға ерекше көңіл бөлді.

Сабақты жүргізуде мұғалімнің атқаратын қызметі ерекше. Кітаптар, оқулықтар – бұл тілсіз мұғалімдер. Тек ғана мұғалімнің сабақта материалды түсіндіргеннен кейін ол шәкірттің жан дүниесінде жаңарып, терең із қалдырады. Мұғалім сабақты қызықты мысалдармен, айшықты көрнекті құралдармен, басқа да достық қарым-қатынаспен, балаларға жүрек жылуымен, кейде әзіл-оспағымен түсіндіру арқылы шәкірттердің сабаққа деген ынтасын оятады. Сабақтағы шәкірттердің зейініне ерекше мән берді. Ал зейінді жарықпен салыстырады. Әсіресе, сабақты ойдағыдай меңгеру шәкірттің сабаққа зейін аударуына тікелей байланысты.

Коменский мұғалімдерді шәкірттермен, сыныппен жұмыс істей білуге үйретті. Коменский мұғалімге ерекше мән берді. Мұғалім мамандығының өте құремтті, абыройлы мамандық екеніне тоқтала келіп, оны өте жоғары бағалады: “Оларға (мұғалімдерге) тамаша қызмет тапсырылған, күн астында одан жоғары ешнәрсе болмақ емес”, - деген болатын-ды. Бұл мұғалімге, оны ұлы мәртебелі ісіне жаңаша, прогрессивті көзқарас болып табылады. Бұл мәселе күні бүгінге дейін күн тәртібінен түспей отырған өзекті мәселенің бірі болып табылады. Коменский мұғалім,- деп жазды, -ол әруақыттада таза, белсенді, табанды, шәкірттерге адамгершілік қасиеттің үлгісін көрсетуі тиіс, сонымен қатар білімді, еңбексүйгіш болуы керек. Коменский теориялық оқулық қандай болу керектігі туралы құнды теориялық ойларды ұсынды және бірнеше оқулықтар мен оқу құралдарын жазып, осы теориялық қағидаларын іс жүзіне асырды. Оның айтуынша, оқулықтар дәл және түсінікті тілмен жазылуы керек, оның сыртқы түрі балалар үшін өте тартымды болуына тоқталды.

Коменскийдің “Тілдердің және барлық ғылымдардың есігі ашық” (1631) және “Дүниені суреттер арқылы бейнелеу” (1658) оқулықтары ерекше кеңінен тарады.Россияда Коменскийдің оқу кітаптары кеңінен тарады. Оның ішінде “Дүниені суреттер арқылы бейнелеу” атты оқу құралы ХV ғ.аяғында Ресейде қолданыла бастады. Ол кітаптарды Москва, Петербург оқу орындарында ХVІІІ ғ.ІІ жартысында Москва университеті басып шығарды. Коменский білім беру мен тәрбие мәселелерін бір-бірінен бөліп қараған жоқ, әр уақытта бірінсіз екіншісін елестете алмады. Білім беру мен тәрие ісін бір-бірімен байланыста қарастырды. Коменскийдің пікірінше, тәрбиенің үш сатысы, үш міндеттері болады: өзін-өзі және қоршаған ортаны тану (ақыл-ой тәрбиесі), өзін-өзі басқару (адамгершілік тәрбиесі) және құдайға құлшылық ету (діни тәрбие). Ортағасырдағы педагогтардан айырмашылығы Коменский бірінші міндеттерді шешуге ерекше мән берді, яғни ақыл-ой тәрбиесін бірінші орынға қойды. Ол оқыту үрдісінде берілетін бір ғана ғылыми білім беру шәкіртті жан-жақты тұлға ретінде қалыптастыра алмайды.


ІІ БӨЛІМ Я.А.КОМЕНСКИЙДІҢ «ҰЛЫ ДИДАКТИКА» ЕҢБЕГІ: МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ

2.1 «Ұлы дидактика» еңбегінің педагогика ғылымындағы рөлі

«Ұлы дидактиканың» арнаулы тарауларында оқыту ісіне қойылатын басты-басты дидактикалық талаптар баяндалады. Олар: Оқытуға қолайлы таңдау. Оқушыларды сабақ оқуға ынталандыру. Материалды біртіндеп күрделендіру (дәйектілік, жүйелік) Анық пайда келтіретін нәрсені ғана оқыту Саналы түрде меңгеретін нәрседен басқаны жаттатпау Бала табиғатын ескеріп отыру; қалған нәрсені немесе оның меңгере алатын нәрсесін ғана оқыту. Материалды меңгерту үшін мүмкіндігінше сыртқы сезімдерді де қарастырып оқытуды қарастырады. «Дидактика» - бұл ежелгі грек  сөзі, яғни didasko – оқыту, түсіндіру, дәләлдеу, оқу деген ұғымды білдіреді. Дидактика білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы.

Дидактика - педагогиканың маңызды саласы. Дидактика ұғымы грек тілінен алынған, оқыту немесе үйрету деген сөз. Бұл ұғымды ғылыми айналымға алғаш енгізген неміс педагогы Вольфганг Ратке (1571-1635). Сол мағынада бұл ұғымды чех педагогы Я. А. Коменский пайдаланып, 1657 жылы өзінің ''Ұлы дидактика'' еңбегін жарыққа шығарды. Оның ойы бойынша, дидактика ''нені оқыту'' және ''қалай оқыту керек'' деген сұрақтарға жауап береді. Заманауи ғалымдардың зерттейтін сұрақтары: кімді, қашан, қайда, неге оқыту. Қазіргі түсінік бойынша, дидактика - білім беру мен оқыту мәселелерін зерттейтін ғылым саласы. Ол оқыту теориясы деп те аталады. Дидактиканың зерттеу пәні - оқыту мен оқудың себептері, барысы, нәтижелері. Зерттеу пәні аясына байланысты жалпы және жеке дидактикалар айқындалады. Жалпы дидактика оқытудың жалпы заңдылықтарын, принциптерін қарастырады. Жеке дидактика жеке оқу пәнінің мазмұнын, барысын, түрі мен әдістерін зерттеуіне қарап оқыту әдістемесі деп аталады. Мысалы, математиканы оқыту әдістемесі, тарихты оқыту әдістемесі. Дидактиканың ғылыми негізін салған чех педагогы Ян Амос Каменский (1592—1670). Оның «Великая дидактика» кітабының (1632) оқытудың мақсаты, әдістері мен принциптері және сынып сабақ жүйесі баяндалған.

Я.А. Коменский еңбектеріне үңіле түссек, педагогикалық технологияға бастау берген даналық пікірлерді табамыз: «Дидактикалық машина деп аталатын оқыту механизмін жасау. Ол дұрыс құрастырылған жағдайда және дұрыс пайдаланғанда күтілген нәтижені береді. Дидактикалық машина үшін қажет нəрсе – 1) қатал қойылған мақсат; 2) сол мақсаттарға жетуге дəл икемдестірілген жабдықтар; 3) мақсаттың орындалмауына мүмкіндік бермейтін нақты жабдықтарды қолданудың мызғымас ережелерін табу». Сонымен Я.А. Коменскийдің пікірінше: «Мақсат – құрал – оны қолдану ережелері – нәтиже» - бұл білім саласында кез келген технологияның ядросы болып табылады.

Я.А. Коменский заманынан бастап, оқуды мүлтіксіз əрекеттегі механизмге сəйкестендіру ұмтылысының талайы күні бүгінге дейін басылған емес. Кейін оқыту технологиясы жөніндегі көптеген тұжырымдар толықтырылып, нақтыланып отырды. Дидактика тарихында зерттеушілер оқыту принциптерін, негізгі қағидаларды белгілеуге көп күш салды.  Дидактикалық принциптер нақтылы тарихи-әлеуметтік жағдайларға байланысты. Қоғамның оқытуға қойылатын талаптары өзгеріп отырғандықтан, кейбір принциптер ескіріп (табиғатқа сәйкестік, партиялылық), кейбіреулері жаңадан пайда болады (кіріктіру, ізгілендіру). Кейбір авторлар оқыту принциптерінің санын қысқартуды ұсынса, басқалары, керісінше, кеңейтуді ұсынып келеді. Заманауи принциптер оқу процесінің барлық құрамдас бөліктеріне (логикасына, мақсатына, міндеттеріне, мазмұнын қалыптастыруға, түрлері мен әдістерін таңдауға, ынталандыруға, нәтижелерді жоспарлау мен талдауға) өз талаптарын ұсынады.Оқыту процесінде кез келген мұғалім дидактиканың принциптерін басшылыққа ала отырып оқытудың мазмұнын, амал-тәсілдерін және ұйымдастыру формаларын таңдап, шәкірттерін жоғары нәтижелерге жеткізуі шарт. Мұғалім дидактикалық принциптерді дұрыс таңдаса, оқытуды дұрыс ұйымдастырса сабақ тиімді және нәтижелі болары даусыз.

Принцип (латын сөзі) - басшылыққа алатын идея, негізгі талап, қағида. Дидактикалық принциптер - оқытудың мазмұнын, ұйымдастыру түрлерін, әдістерін оқытудың мақсаты мен заңдылықтарына сай анықтайтын қағидалар жүйесі. Оқыту принциптері дидактиканың  категорияларына жатады. Олар оқыту заңдарын және заңдылықтарын пайдалану әдістерін сипаттайды. Дидактикалық принциптердің қызметі: олардың негізінде оқушыларда оқытудың мақсатына сәйкес берілетін білім мазмұнын жүйелі, саналылықпен белсенді түрде меңгеруге деген  қызығушылықтар пайда болады. Дидактика принциптері оқыту процесінің негізгі буыны ретінде  ірімен-бірі логикалық өзара байланыста болады. Сонымен, ең негізгі, ғасырлар  бойы педагогтар қауымы мойындаған дидактикалық принциптер жүйесі: ғылымилық, саналылық пен белсенділік, көрнекілік, жүйелілік пен бірізділік, беріктілік, тиімділік, теория мен тәжірибенің байланыстылығы.

Осы принциптерді талдаудан алдын принциптер мен ережелер байланысына тоқталайық. Педагогикалық ереже - жалпы принциптерге негізделген белгілі жағдайдағы белгілі мақсаттағы педагогтық қызметтің бейнеленуі. Ережелер оқыту принциптерін қолданудың тәжірибелік жақтарын көрсетеді, теориядан тәжірибеге көшу жолдарын айқындайды. Заңдылықтармен, принциптермен салыс-тырғанда ережелер мұғалімге нақты педагогтық жағдайда қандай нақты шараларды пайдалану қажеттілігін ұсынады. Осы жерде айта кететін жайт: ережелерді қатаң, мүлтіксіз орындау ұстаздың қолын байлап қояды; ереже-лерге немқұрайлы қарау оқыту сапасын төмендетеді. Сондықтан, әрбір мұғалім дидактикалық ережелерді типтік, стандарттық жағдайларда тиімді пайдаланса, күрделі педагогтық жағдайларда дидактикалық принцип-терге сүйеніп шығармашылық танытса қойылған мақсатына жетері сөзсіз.

Ережелер принциптерге сүйенеді, принциптер ережелер арқылы жүзеге асады. Ережелер педагогтық тәжірибенің қорытындысы ретінде дидактика принциптерін қолдану құралы болады. Сонымен, педагогтар оқытудың принциптеріне сай қалыптасқан белгілі ережелерге сүйеніп мақсат-міндеттерін іске асырады. Біздің оқулықта арнайы қарастырылмаған принцип-тер көп, мысалы, мұғалімнің басшылық ролі; ынталан-дыру; проблемалық оқыту; дамыту, оқыту және тәрбиелеу бірлігі; ізгілендіру; жас және дара ерекшеліктерін назарға алу; кіріктіру принциптері.

Енді принциптер мен ережелердің мәнін ашу жолдарын қарастырайық. Ғылымилық принципі Оқытудың ғылымилық принципіне орай оқушыларға ғылыми білімдер мен ғылыми әдістерді меңгерту керек. Бұл принциптің астарында жатқан заңдылықтар: дүниені танып білуге болады, адам өмірінде ғылымның рөлі күннен күнге өсуде, оқытудың ғылымилығы оқытудың мазмұны және мұғалімнің іс-әрекеті арқылы жүзеге асады. Мысалы, педагог ғылым жаңалықтарын адам үшін қызмет ететінін түсіндіре отырып, оқушыларда дүниеге диалек-тикалық, ғылыми-материалистік көзқарас қалыптастырады. Аталмыш принципті іске асыру үшін педагог орындайтын негізгі талаптар:

- Білім мазмұнын педагогика, психология ғылым-дарының қазіргі даму дәрежесіне сәйкестендіру, жаңа әдістемелер мен жаңашыл ұстаздардың тәжірибесін қолдану.

- Оқушылардың ғылыми диалектикалық ойлау қабілетін дамыту, бастауыш мектептің өзінде тек индук-циялық ғана емес, дедукциялық оқытуды енгізу.

-Шәкірттерге жаңа ғылыми ұғымдарды түсіндіру, жүйелі түрде қайталау, пайдалану, қолдану, іске асыру.

- Оқыту әдістері арқылы оқушыларды ғылыми әдістермен таныстыру, оларды ізденушілікке, шығармашы-лыққа баулу, зерттеу тәсілдерін пайдалану үшін кітаппен, анықтамалармен жұмыс істеуге ынталандыру.

Әрбір ғылымның ашқан жаңалықтарын оқушылар санасына жүйелі түрде қарапайым ұғымдармен берік түрде жеткізу мұғалімнің негізгі міндеті.

Ғылымдағы жаңалықтардың жан-жақты байланыс-тарын көрсетіп оқушылардың білім деңгейімен ұштастыру, жаңа пән сөздерді қолдану.

- Белгілі ғалымдардың өмірбаянымен, олардың қосқан үлесімен оқушыларды таныстыру.

Жүйелілік пен бірізділік принципі. Бұл принциптің өзекті негіздері: адам миында сыртқы дүниені бейнелейтін өзара байланысты түсініктер жүйесі қалыптасқанда ғана, оның білімі толық және шынайы болады; оқылатын оқу материалын белгілі реттілікпен оқушыларға жеткізгенде, олардың санасында ғылыми білімдер жүйесі қамтамасыз етіледі; ғылыми білімдер жүйесі оқу материалының ішкі логикасына және әрбір оқушының таным мүмкіндіктеріне бағынышты; оқушыларды логикалық ойлауға үйрету, дағдыларын жүйелі түрде шынықтыру, олардың тұлғасын үзіліссіз, кедергісіз дамыту. Бұл принцип оқытудың ғылымилығы принципімен тығыз байланыста болғандықтан, ғылыми білімдер негізін оқушылардың жүйелі түрде және реттілікпен ұғынуы сабақтардың мазмұнының негізгі өзегі болуы тиіс.

Әрбір мұғалім сабаққа әзірлену барысында не сабақ барысында жүйелілік пен бірізділік принципін жүзеге асыру үшін келесі ережелерді назарға алады. Оқу міндеттерін оқушылар түсініп, оқу материалын логикалық тұрғыда жүйелі қабылдауы мақсатында кесте, сызба, жоспарларды қолдану. Оқу мазмұны мен әдістерінің жүйелілігін сақтау, бастауыш пен орта, орта мен жоғары сыныптардағы оқу мазмұны мен әдістерінің бірізділігін қамтамасыз ету. Оқу пәні - ғылымның көшірмесі болғандықтан оқушы-ларға ғылымның жүйесін көрсетіп, пәнаралық байланыс-тарды пайдалану. Бұрын ұғындырған білімді жиі қайталау және жетілдіру; қысқа қорытындылауды сабақтың басында, барысында және аяғында өткізу.

ҚОРЫТЫНДЫ


Коменскийдің айтуынша, барлық балалар жынысына және тегіне қарамастан білім алуға құқылы. Балалар өздерінің қабілеттілігіне, дарындылығына қарай әртүрлі болады. Бірақ, қабілеттілігіндегі өзгешелік Коменскийдің түсіндіруінше, балалардың біреулеріне білім беру үшін айналысуға және басқаларымен сабақтан бұлтаруға негіз бола алмайды. Бұл тек ғана тәрбиешілерді бір сарынды емес, белгілі бір үлгі бойынша емес, балалардың жас ерекшеліктеріне қарай, оқыту мен тәрбиенің нақтылы әдістерін анықтай білуге міндеттейді.

Осы қағидаларды басшылыққа ала отырып, Коменский білім алуға барлық балалардың қолы жетуі қажет деп тұжырымдады. Ол былай деп жазды: “Мектептерге тек ғана байлар мен ауқатты адамдардың балаларын беру ғана жеткіліксіз сонымен қатар барлығын беру керек: атақты және атақсыздардың, байлардың және кедейлердің, ер балаларды және қыздарды барлық қалаларда және жергілікті жерлерде селолар мен деревняларда”. Коменский осылай деп жалпыға бірдей оқыту қағидасын тұжырымдады. Ол қыздарды оқытудың қажеттігі жоқ дейтін дәстүрлі көзқарасқа қарсы шықты. Оқыту үрдісінде жалыпға бірдей демократиялық қағидаларды ұсынды. Коменскийдің негізгі дидактикалық идеялары сенсуалистік сипатта болды: дүниені қабылдау, реализм, көрнекілік қағидасы негізінде тану. Коменскийдің айтуынша, “интеллектіде ең алдымен түйсіктерден басқа ештеңе жоқ”. Бұл Беконның сенсуалистік философиясына сәйкес келеді. К.Маркстің сипаттауынша, Бекон “ағылшын материализмінің және бүкіл қазіргі экспериментальді ғылымдардың негізін салушы болды”. Коменскийдің айтуынша, дұрыс тәрбие табиғатқа сәйкес болу керек. Сол кездегі кең тараған оқытудың схоластикалық әдістеріне қарсы күресе отырып, ұлы педагог-гуманист өнерде “бәрін барлық ғылымдарға үйрету” табиғаттың нұсқауларынан, заңдылықтарын басшылыққа алу, баланың дара ерекшеліктерін ескеріп отыру керектігіне ерекше мән берді.

Біртұтас педагогикалық процесті құраушы екі басты бірліктің біреуі – оқу процесі. Бұл процесс өте күрделі, сипаты жағынан ол тек тəрбие жəне даму процестерінен кейін тұруы мүмкін. Сондықтан оған толық та жан-жақты анықтама беру қиынға соғады. Оқу процесі əр текті жəне табиғаты жағынан əртүрлі көптеген жағдаяттардың мың санды байланыстары мен қатынастарын қамтиды. Процесс анықтамаларының көптігі де осыдан болар.

Дидактиканың негізгі міндеттері В.Ратке заманынан бермен қарай бірде өзгерместен келе жатыр. Олар: нені үйрету жəне қалай үйрету проблемасын шешу; қазіргі заман педагогикасы бұларға қоса –қашан, қай жерде, кімді жəне не үшін оқыту қажет деген мəселелерді қарқынды зерттеуде.



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Педагогика. Дәріс курсы. А., 2003ж.

  2. Сарбасова К.А., Шаушекова Б.К. Педагогика негіздері. Қ., 2004ж.

  3. Сластенин Б.А. Педагогика. М., 2002ж.

  4. Лихачев Б.Т. Педагогика. М., 1996ж.

  5. Хмель Н.Д. Жалпы білім беретін мектептегі педагогикалық процесс.

  6. А., 2002ж.

  7. Журавлев Я.И. Взаимосвязь педагогической науки и практики. М., 1988

  8. Журавлев Я.И. Педагогика в системе наук о человеке. М., 1990

  9. Қоянбаев Ж. Б., Қоянбаев Р. М. “Педагогика”, А., 2004ж.

  10. Подласый И. П. “Педагогика”, М., 2000ж.

  11. Харламов И. Ф. “Педагогика”, М., 1996ж.

  12. Педагогика тарихы. Педагогикалық Университетке арналған оқулық қосымшалары. (2 томдық), (РАО академигі А.Н. Пискунова редакциясынан.-М: ТЦ "Сфера",1998ж.

  13. Әбдіғалиев Қ. Осы заманғы педагогикалық технлогия // Қазақстан мектебі. – 2001. - №2. – б.8-13.

  14. Беспалько В.П. Педагогика и прогрессивные технологии. - М., 1995.

  15. Бітібаева Қ. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі. - Алматы, 1999.

  16. Жанпейісова М. Модульдік оқыту технологиясы. Алматы, 2002№

  17. Кларин М.В. Педагогическая технология в учебном процессе. – М.: Знание, 1989. – 80 с.

  18. Коменский Я.А. Великая дидактика. Избр. Пед. соч. в 2-х томах. -М.:Педагогика, 1982.

  19. Монахов В.М. Проектирование и внедрение новых технологий обучения // Советская педагогика. – 1990. – № 7. – С. 17-23.

  20. Оразбаева Ф.Ш. Тілдік коммуникация негіздері. - Алматы.: РБК, 1995.-252 6.

  21. Большой Энциклопедический словарь – М.: Большая Российская энциклопедия, 1998.

  22. Педагогический энциклопедический словарь /Гл. ред. Б.М. Бим-Бад. - М.: Большая Российская энциклопедия, 2003.

  23. Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңы 27.07.07ж. ЗРК 319-III № //Егемен Қазақстан (127 №). - 2007. - 15 тамыз.

  24. 2015 жылға дейінгі Қазақстан Республикасында білім беруді дамыту //Егемен Қазақстан (138 №). - 2003. - 25 желтоқсан.

  25. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру концепциясы. - Астана, 2001г.

  26. Жұмаділова Р. Оқытудың жаңа технологиялары. Биология, география, химия. – 2002, № 2.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет