Ясауи ілімінің намаздары және масһаб білімінің қателіктері. 5-ші кітап; 1-ші бөлім Алматы-2011


Азан хикметі- сөздің үн ғылымы туралы



бет35/46
Дата05.02.2022
өлшемі4,28 Mb.
#13776
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   46
Азан хикметі- сөздің үн ғылымы туралы.
«Азан-сөздікте «хабар беру,білдіру» мағынасын білдіреді. Терминге салсақ: парыз намаздардың уақыттарын білдіретін арнайы айтылатын сөздер...» ( Ислам Ғалымхалы 150-бет) ден түсініктермен азанның түсу тарихы қалай оқылатынан деректер келтіріп және азан туралы Жұма сүресінде ғана ескертілгенін көрсетіп: «Аллаһ (шүкір) аса ұлы, аса асқақ Аллаһтан (шүкірліктен) басқа құдай жоқ. Бамдат (таң) намазында екі рет «Хаййә-әлләл-Фәләх» деген кейін, екі рет «әс-салату хайрун миннән-нәум» (ұйқыдан намаз жақсы) сөздері қосылып айтылады.» (151-бет) Осы тәсілмен азан шақырып, намазымызды оқып, құран оқуда имам Ағзам масһабы жол көрсетеді, деген пікірге иланып жүрген, 5-6 жыл бұрынғы уақытта бір күні аян көрдім; Түсімде жұмаға баратын мешіттің имамы азан шақырып, мен оған дұрыс емес деп, өзімнің бір шәкіртіме қайта азан шақытып жатып оянып кеттім. Ал енді бұл не жағдай, азанда қандай қателік болуы мүмкін, деп басты қатырып, ұзақ уақыт шешімін таба алмай жүргенде бір күні намаз оқып тұрғанда ; «Азанды есепте»- деген уахи келді. Сонан азанның әрбір әрпіне дейін түгендеп, олай есептедім, былай есептедім, мүмкін менің арап тілін білмейтіндігімнен болар, деп ойлап, аяның шешімін таба алмай құранды оқып, түсінігін жазып, сандық мәндерін есептеп отырсам, мына аят- «азан» деген уахи келді; «Мұхаммед әлбетте саған қайталап оқылатын жеті аятты (Фатиха сүресін(?) және ұлы Құранды бердік.» (15-87) (102) Бұл аяттың, ислам ғалымдарының ортақ пәтуасы болып табылатын, жақша ішіндегі; (Фатиха сүресін(?) деген ескертпесін толық беріп және де 3-4 жыл бойы осы аяттың неге Фатиха сүресі құранның анасы болып есептеліп, және «Құранды бердік» деген ескертумен, құран ішіндегі аяттың, қалай құранға тағы қосымша және жеті аят болып берілген?,- деп түсінбей қойған едім Сонымен, аяттың сандық мәнінде; 87-саны екілік жүйеде қайта санасақ 8+7=15 санын береді. Ал аяттың үгіті бойынша Фатиха сүресін; «Әлхамдулла рабил ғаламин,» деген бір аят болып, оны неге әрбір аятын, «Әлхамдулла рабил ғаламин(1), әлхамдулла рабил ғаламин(2)..» дегендей қайта-қайта қайталап, сосын екінші аятты да осылай қайталап, оқып отыруымыз керек? Онда мағынасы сандық мәні де сәйкес келмей және бұлай оқыған ислам әлемінде де пайғамбар өсиеттерінде де кездеспейді. Ал енді азанның аяттарын осы санмен есептеп көрсеңіз; «Аллаһу әкбар» бір аят және 4-рет қайталау керек, ал «Әшһаду әллә иләһә иллә-Алла» 2-ші аят және 2-рет қайталанып айтылып, сонымен азанның барлығы негізінен 7-аяттың қайталануымен, яғни жоғардығы аяттың; «қайталап оқылатын жеті аятты..» азан тәртібімен, барлығы 15-аят болып шығады. Енді, егерде масхаб біліміндегі таң намазындағы; «әс-сәләту..» аятын «бірді» қосатын болсақ, онда сандық мәні 16-болып, сүредегі сандық мәннен тыс болып, шығып кетеді. Біріншіден, бұл ислам әлемінің құранды арапша оқып, үгітін ғана меңгеріп, ғылым- насихатынан жаңылысқандығын, сандар тағлымын мүлде тастап қойғандығын білдіреді. Екіншіден; «Сақ боларсыңдар, Алла есепшілірдің ең жүйрігі» (6-62),- деген ескертуге қарсылық білдіріп, аяттарға ортақ қосып, күдіксіз серік қосу болып шығады екен. Сондықтан мүмкін енді «ұйқыдан намаз жақсы» деп айтудың енді маңызы жойылған болар деген оймен Раббымнан сұрадым да; «Ол сөз; Әй, Жәбірейіл періште, адасқан пенделеріңді тура жолға сала көр деген жауап келді. Міне үлкен масқара! Аятта: «Шын мәнінде мешіттер Аллаға тән. Ендеше Алламен бірге ешкімді шақырмаңдар.» (72-18) деген аяттың ескертуін 4-5 жыл оқып, шешімін таба алмай қойған жаратқанның үкімі, кезінде осындай сахабалардың әрекетіне де ескертілу түсіріліп, пайғамбарымыз оған қайтадан тиым салып, онан кейінгі дін ғалымдары 14-ғасыр бойы, мешіттерде таңда, Алламен қосып, тәңірлік сипатын да шақырып, серік қосумен айналысқан болды. Сондықтан қанша «намазхан» болса да аян, уахи алу қасиеті жабылып, енді масһбшылар бұл ашық хикметерді, және Алламен тілдесуді, тіл білімінен қарсы болу да сөзсіз. Міне жаратушымыздың даналығы, хикметі! Болашақта исаламда «Фиқһ» деген білім болып; бұл білімді меңгеретіндердің; аянға, уахиға, Раббымыздан, рухани әкемізден заманына қарай түсіріп тұратын шындыққа да иман келтірмей, серік қосушыға айналып, жүректері жабылып, мешіттерде отырушыға айналатынын, 14-ғасыр бұрын ескерткен екен. Негізінен азан шақыру арқылы орындалатын сәжде амалдарымен, яғни құранның сыртында тұрған жеті үнді меңгерумен, өз үніңе 8-шіге «До»-ға қосып, мақам табу ғылымы, намаз оқу ғылымының негізгі нәтижесі болып саналады. Әйел затында «До»-сы жуан дыбысы болмай, тек «Си» (Ис-лам;2-Ман) жіңішке, ұзын үнділер болып; «Шашы ұзын сөзі қысқа», яғни үні қысқа толқынды болып шығатын болғандықтан азан айтуға және құранды дауыстап оқуға болмайды, себебі шайтан да қысқа толқынды жаратылыс періштелеріне жатады. Енді; «Жындарда құлшылық, сәжде жасайды» деген аяттың құпиясы да, осы азан ғылымын меңгеруге және сол арқылы зейнеттетін рухани кемелденудің 18-санын меңгеруде 3-рет 6-дан, яғни көркем сөздің қорын қалыптастырумен болатын, таза ақылдың тербеліс қуатын,18-мың ғаламның періштелері мен, пайғамбарлар, Алланың сүйікті құлдарының серіктер одағын, рухани әлемге толық жалғану хикметін меңгеруді көрсетіп тұр. Пайғамбарымызға миғражда намаз оқуды беріп, ал артынан 7-аятты құраннан бөлек кітаптың берілумен, оның ғылымын орындау сырларын 87, 15 (102)-ші санымен кітабын көрсеткен. Сондықтан намаз оқу дегеніміздің негізгі ғылымы; 15-санын беріп, «Хыжыр» деген сақтың бір ұрпақтарының нәсілін де және онымен туыс тибеттік нәсілдерді де ескертіп тұр. Осындай қарапайым сандық мәндерімен шешілетін, жүздеген аяттардың тәпсірлерінің қателіктерін, сол қалпында дін ісіне, шариғатқа айналдырған елдердің «Фиқһ» білімін, ғылымға тіл біліміне теңеп, қалай тура жол деп атауға болады? Сонымен, бұл аяттқа ортақ қосу арқылы, бүкіл ислам әлемі түгелдей, (қазақ аталарымыздан басқа) мешіттерде Алламен қосып тәңір шақырғасын, кімдер «жынды», адасқандар, білімсіз жалақорлар болу керек, деп ойлайсыз? Және де құраннан жан, рух құпияларынан насихат беретін, жүздеген аяттардың теріс тәпсірленегенінен, Халифа Алтай атамыздың аударма құранынан көруге болады. Негізінен құранды аударған, басқа аудармашылар, аяттың үгітін, сөзін тәпсір түсінігіне әкеліп тықпаласа, ал бұл аударма құрандағы аяттың насихаты, қосымша түсінік тәпсірінің қателігін көрсетіп тұруының өзінде, аудармашының сезімнің, ой-жорудың жетегіне түспей, құран сөздерін ерекше қадірлеп, өз орнын, мағынасын сол қалпында беруге тырысқан, ғалымның аудармашылық өнердегі үлкен жетістігі деп бағалап, ондай кісілердің артынан құраннан үгіт, насихат алған сайын, рахметіңді білдіріп, Раббыңды көркем аттарымын еске алумен бірге, ол кісінің рухына да құран бағыштап отыруды да ұмытпаңыз! Енді сезім туралы пікіріміз дәлелді болсын деп тағы бір мысалдан; «Алла жолында өлтірілгендерді (шәһидтерді) олар өлді демеңдер, олар тірі, бірақ сендер сезіп біле алмайсыңдар.» (2-154) Бұл аятағы «шәһидтер» деген түсіндірме тәпсірлерде, көптеген теріс ойлы діншілерге және шайтанның көңілге сыбырлауына жол ашады. Сондықтан осы аятты бөліп алып қарастырады да, «Өлілермен тілдесе алмайсыңдар, олардың сөзін естімейсіңдер!» деген пәтуа, ислам ғалымдарына ортақ шешім екені де хақ. Және де; «бірақ сендер сезіп біле алмайсыңдар деген ұғымның адам баласында сезімнен де жоғары тылсымен байланысатын, тілдесетін; «сана қуаты» болып, діл тазалығымен байланысты екенін жан ғылымы, «психология» білімде мүлде қарстырылмағандықтан деп біліңіз. Енді бұл аяттан кейінгі тізбектік жұбы; «Әрине сендерді қауіп-қатер, ашаршылық және малдардан, жандардан сондай-ақ өнімдерден кеміту арқылы сынаймыз. Мұхаммед сондай жағдайларда сабыр етушілерді қуандыр!» (2-155) Өмірдегі болып жатқан түрлі оқиғалар жаратқаннан берілген сынақ болып, соған дұрыс амал жасау үшін, (жаңа өзендегі жағдайлар сияқты, жастарды арандатпай) жаратқанға жалбарынып сұрап, көрсеткенін, парыз, міндетті борыш қылғандарын намаз қылып орындап, тыныштықты, бейбітшілікті қалыптастырып, сабырлықты меңгергендерді, Алла жолында рухани дәрежедегі өлушілер, нәпсін мүлде жіңіп, өлтіргендер яғни «шаһид-әулие» болады, олар мәңгі тірі, яғни сендерге көрініп, сөйлесе алады, бірақ оны сендер «сезіп біле алмайсыңдар» деген ескертуінен, «шаһидтер» тек Мұхаммед пайғамбарымызбен бірге қарумен соғысқан сахабалар деген де, жалған теріс пікір туындаған. Енді заманын қарай, осындай тәпсірдегі қателіктерді түзетуге, басты кінәлілер болып, жан сырын меңгерген ғалымдарымыз, психолог, теолог атты несібесін Аллдан көбірек берілгендер екені де даусыз. Бұл жерде жанның сезімін тазарту, тақуалық пен сопылық, дәуріштік мақамдарды меңгеру мен тарихат, мағрипат білімі туралы да ғылымның және ислам ғалымдарының жеткіліксіз сауатсыздығынан; «өліктермен сөйлесіп, тілдесе алмайсыңдар ол серік қосу» деген ұғымы пайда болады. Сондықтан жалаңбас, жалаң аяқ рухы түгіл, тәні де тазармаған, тарихатта «ақтөбе» болып, 50-ді меңгермеген, дін ғалымдарымыз халық арасына ата-анасы, әке-шешесі түгіл, Алланың кітап берілген «шәһиттері» әулие-әмилермен, пайғамбарлар аруағына табынуға болмайды деген сөзді өздерінің даналықтарына айналдырған. Ал, шындығында Аллаға қарсылық жынды сөздеріне; «жаргонға», ырымға айналдырып, шайтанға көмекшілікке тұрып алған. Раббымыз бұл аятта; «сезіп біле алмайсыңдар» деген; иіс сезу, дәм сезу, көру сезімдері мен түйсік, білім-ой қуатынан пайда болған ақылдың және қасиетті адамдардың; емші, көріпкел, құмалақшы, бақсы, аққу, сұңқарлар арасында шариғатты, рухани тазалықты сақтап, намаздарын жетілдіріп толықтырмай, кей жағдайларда жоғарыдағыдай сезімдердің біріне беріліп; «аруағым айтып тұр» деп немесе шайтанның көрсеткенін теріске жоруға арналған түсті, анық аян-аят деп түсініп және кейде салтымыздан, иманнан аяғын шалыс басып, жан кірлегенде шайтанның көңілге, көкейге салатынын айтып, өзінің адасқанымен қоймай, соңынан еріп сенім келтіргендерді де орға жығатын жағдайлардан сақтандырған. А енді аятта киелі кітаптар арқылы баяндалған рух, жан сырынан келетін хабар; «аянмен, түспен, көңілмен, жүрек көзімен, санада сөйлесіп, бір перденің артынан сөйлесіп, елшілер, періштелер арқылы көріп біле алмайсыңдар» деп ескертпеген. Аятта; «Мұхаммед сенен бұрын да өздеріне уахи етіп, ерекектерді ғана елші етіп, жібердік. Егер білмесеңдер, кітап иелерінен (шаһидтерден, пайғамбарлардан) сұраңдар.» (16-43) Бұл аятта Мұхаммед пайғамбарымыздан бұрын келген пайғамбарлар, әули-әмбилер туралы болып, олардан енді өмірде жоқ болса қалай сұрау керек? Мысалға мұндай тіл білімінің сырын, аятта; «Егер оларға періштелерді түсірсек те және оларға өліктер сөйлессе де сондай-ақ олардың алдына әр нәрсені жинасақ та олар нанушы емес. Әрине Алла қаласа басқа. Бірақ олардың көбі білмейді.» (6-111) Аруақпен тікелей сөйлесу тәсілінің хақтығын және оны исламдық көпшілік болған араптық елдегілердің білмейтінін, қарсы болатынын ашық ескертіп тұр. Ал, «..Әрине Алла қаласа басқа..» деген ескертумен, жоғардағы аяттағы; «...Мұхаммед сондай жағдайларда сабыр етушілерді қуандыр!» деген үкімен ислам діндегілер үшін Алла тағаламен арадағы шапағатшы және хабаршы Мұхаммед пайғамбарымыздың аруағы болатынын және бұл белгіні (2-155; 157; 67;13) сандық мәнімен де білдіріп тұр. Сонымен бірге; «..Әрине Алла қаласа басқа. Бірақ олардың көбі білмейді.» үкіммен ата-жолына келген, Ақ ұлымыздың көрсеткен мұғжизасының, Алланың басқалай да құранда көрсетілмеген хикметі болатынын ашық ескерткені де хақ. Бұндай тылсымен тілдесу, тарихат, мағрипат арқылы тіл білімін меңгеруді; «Алла тағала бір адам баласымен көкейіне салу түрінде немесе перде артынан ғана сөйлеседі; Не бір елші жіберіп, өз бұрығымен қалағанын уахи етеді. Күдіксіз Ол, өте жоғары, хикмет иесі.» (42-51) Бірақ өкініштісі сол, масхаб білімінде осындай ашық аяттарды және жүздеген ұғымы құпия аяттарды, сөзді зертемей, араптардың кісісіне қарап сөзін талғамай алған, Аллаға, аяттарына ашық жала қойып, ортақ қосушылар болған, теріс пиғылды «масһаб», «Фиқһ» т,б арап елдерінен келген діни топтардың көрсеткен жолын дәріптеген, және оларға құдайдай сенген ел билеушілерін, зялы, білімді қауым өкілдерін де өздеріне ұйытып, бес парыздық сәжде амалына жіпсіз байлап қоятындарды, Абай атамыз; «Имансыздық намазда, қызылбастан салған жол»деп шариғатты немесе дін білімін ескертпеген, керісінше елміздегі «Ханафилық» бағыттағы ғалымдарымыздың сауатсыздығынан, жан ғылымының білімі жоғалып, ой жорумен пайда болған тәпсірлерден, теріс түсініктен қалыптасқан, намаз орындаудан қазақ елінің болашақта адасатынын ескерткен.

Каталог: public -> upload -> orig -> user -> 225 -> blog
upload -> Қр іім тжк мөҚҚ бөлімшелері жылына сан-алуан шығулар атқарады
upload -> Дипломдық ЖҰмыс (жоба) Күндізгі оқу бөлімінің курсанты Ж. Н. Жолдасбеков
upload -> Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар камитеті «Көкшетау техникалық институты» рмм
upload -> Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің «Көкшетау техникалық институты» рмм
upload -> Іім төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық институты Жедел-тактикалық пәндер кафедрасы Бекітілді
upload -> Қазақстан Республикасы халқының Тілдері күніне арналған онкүндікті өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары
upload -> «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық институты» рмм
blog -> Ұлылардан ұлағат алайық! Көп адам дүниеге бой алдырған, Бой алдырып, аяғын көп шалдырған, Өлді деуге бола ма айтыңдаршы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет