Әлемдік діндер туралы жазыңыз
Қазіргі кездегі дін зерттеушілері, этнолог-теологтар, социолог және дін тарихшылары әлемдегі діндерді географиялық аймағын, діндердің халықтар арасына таралу барысын және діндердің сенімі мен құрылысын негізге ала отырып көптеген сыныптарға бөлген. Мәселен, дін социологы Ж.Ваш діндерді құрушысы бар (буддизм, жайнизм, конфуцианизм т.б.) және дәстүрге негізделген (индуизм, синтоизм, тәңiршiлдiк) діндер деп бөлсе, А.Шиммель алғашқы қауымдық (тайпалық) діндер (га, маори, аину, инка), ұлттық діндер (иудаизм\яћудилік, индуизм, жайнизм, конфуцианизм т.б.) және әлемдік діндер (буддизм, христианжәне ислам) деп бөледі. Сонымен қатар діндерді сеніміне байланысты политеистік (көп тәңіршілдік: синтоизм, ежелгі грек, ежелгі римдіндері), монотеистік (бір тәңіршілдік: ислам, яћудилік (иудаизм)) деп бөлгенімізбен, бұл барлық діндерді қамти алмайды. Өйткені әлемде құдай сенімі кездеспейтін діндер (буддизм, жайнизм) де бар. а) қазіргі кезде бір аймақтан немесе құрлық аумағынан шығып, кең таралуына орай; ә) осы діндердің кез келгеніне кіруге тайпалық, рулық, этноұлттық және кастакландық шектеулердің болмауы; б) діннің негізін қалаушылардың рөлі (Будда, Иисус Христос, Мұхаммед); в) діни-наным ырымдарының салыстырмалы түрде қарапайымдылығы; г) діни уағыздарында жалпыадамзаттық құндылықтарды ұстануды наным-сенімнің аса маңызды көрінісіндей бағалау; ғ) бұл діндердің ресми құжаттарында, мойындалған дінбасыларының уағыздарында дінаралық сыйласымдылыққа, ұстамдылыққа, өркениеттің ғаламдық мәселелерін (жаппай қыру қаруына тыйым салу және жою, мемлекетаралық қайшылықтарды шешуде бейбіт жолды таңдау, экологиялық апаттардың алдын алу, ашаршылықпен және індеттермен, соның ішінде, "өркениеттік" індеттермен - СПИД-пен, наркоманиямен, алкоголизммен, токсикоманиямен және т.б. күресу) бірлесіп шешуге шақыратын үндеулердің болуы шарт және дінге сенушілердің осы діннің саясатын қолдауға шақыратын мерзімдік іс-шаралары әткізіліп отырылуы керек.
Жаңғыртылған иудаизм өкілдері иудаизмді, "Кришна санасының қоғамы" - өз жақтаушыларын, ал "Вера бахай" шіркеуінің өкілдері - өздерінің діндестерін әлемдік діндер қатарына жатқы- зады. Алайда, жоғарыда аталған үш ірі әлемдік діндердің қызметкерлері, діндарлары бүл қозғалыстардың әлемдік дін дәрежесін мойындаудан бас тартады
Достарыңызбен бөлісу: |