Ясауитану пәнінің міндеттері мен мақсаты туралы жазыңыз


Қ.А.Ясауи тұлғасын түркі халықтары тұтастығының символы ретінде көрсетіңіз



бет8/68
Дата26.05.2022
өлшемі16,79 Mb.
#145104
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   68
Байланысты:
Ясау толықтырылған

Қ.А.Ясауи тұлғасын түркі халықтары тұтастығының символы ретінде көрсетіңіз

  • Ясауи іліміндегі кемелдікке жетудің 4 шартын сипаттап жазыңыз

    Қожа Ахмет Яссауи кемелдікке жету үшін адамда ашқ (қуатты махаббат) пен дерт болу керек дейді. Тариқатқа кірген мүридтің кемелдікке жетуінің 4 шарты: макан (кеңістік),аман (уақыт),михуан (бауырмалдық — өзара ынтымақтастық),рабт-и Султан (мемлекет басшысына риясыз берілгендік).


    1. Ясауидiң ұстаздары және оларға қатысты мәлiметтерді талдаңыз

    Қожа Ахмет Ясауи ұстаздарының көшбасшысы – Арыстан баб. Кашифи “Рашахат-ул айн-ил хайат” атты еңбегінде Қожа Ахметтің Арыстан бабтың шәкірті болғандығы, одан заһир және батин ілімдерінің сыры мен мәнін үйренгендігі, оған 16 жылы қызмет еткендігі туралы мәлімет береді. Ясауидың “Диуани хикметінде” де Арыстан баб жиі ауызға алынады
    Ахмет Ясауидің үлкен ұстазы Жүсіп Хамадани (толық аты: Әбу Яқуб ибн Әййуб ибн Юсуф ибн әл-Хаман ибн Уахра Хамадани әл-Бүзенжири) Хамадан ауданындағы Бүзенжир қалашығында 1049-1050 жылы дүниеге келген. ¤скеннен кейін ол Бағдат қаласына барып, Шейх Әбу Исқақ Ширазимен кездеседі де, одан шариғат (фықһ) ілімдерін үйренеді. Сосын Бағдат, Исфахан, Самарқанд қалаларындағы ұлы мұхаддистерден (хадисші) хадис ілімін үйренеді. Одан кейін Жүсіп Хамадани сопыларға тән өмірді қалап, әйгілі Шейх Әбу Али Фармедиге қол беріп, одан сопылық ілімді үйренеді де өмірініңқалған бөлігін көңілін тәрбиелеумен өткізеді.Жүсіп Хамаданидің қартайған шағында оның өзге 3 шәкіртімен бірге Қожа Ахмет халифалық (орынбасар) дәрежеге жоғарылаған. Жүсіп Хамадани қайтыс болғаннан соң, Ахмет оның алғашқы екі халифасы - Қожа Абдуллаһ Берки мен Қожа Хасан Андакидан кейін біраз уақыт Бұхарадағы Хамадани теккесін басқарады. Бірақ біз оның қанша уақыт Хамадани теккесін басқарғанын білмесек те, ясылық ғұлама барлық шәкірттерін 4-ші халифа - Қожа Абдухалық Гыждуаниге тапсырып, өзі Ясыға оралғанын бiлемiз.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   68




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет