Ясауитану пәнінің міндеттері мен мақсаты туралы жазыңыз


Әулие Құмшық ата жер асты құрылысы, оның ерекшеліктері туралы түсіндіріңіз



бет26/68
Дата26.05.2022
өлшемі16,79 Mb.
#145104
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   68
Байланысты:
Ясау толықтырылған

Әулие Құмшық ата жер асты құрылысы, оның ерекшеліктері туралы түсіндіріңіз

Құмшық ата мешіті — 10-12 ғасырларда салынған жер асты археологиялық ескерткіш. Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен оңтүстікке қарай 1 км-ге жуық жерде, ашық далада орналасқан.
Сопылардың діни рәсімдер өткізуіне арналған. Құмшық Ата мешіті екі бөлмелі, ұзынша келген (10 м-ге жуық) ені тар дәлізді, шыға берісінде есігі бар үңгір құрылыс. Шаршы шикі кірпіштерден қаланған. Түкпірдегі мекен-жай көлемі 2х2 м-ге жуық, биіктігі 1,6 м, төбесі шатырлы күмбезбен көмкерілген. Оған іргелес диаметрі 2,5 м және биіктігі 2 м-дей дөңгелек пошымды үй күмбезделіп жабылған. Дәлізі иірлі келген, негізгі құрылыс күйдірілген кірпіштен қаланған, күмбезбен көмкерілген. Төбенің орта деңгейінен құдық тәріздес, диаметрі 1 м-дей, дәлізге жарық түсетін ойық жасалған. Жер асты мешітке кіретін есік қирап қалғандықтан, баспалдақтың сатылары анықталмаған. Мешіт пен дәліздің қабырғасы шаршы пішінді күйдірілген кірпіштен өрілген. Бөлме қабырғаларында шырағдан қоюға арналған шағын қуыстар бар. Құрылыстың ішкі құрылымы сыланбаған. Жер асты мешіті 10 - 12 ғасырларда өмір сүрген әулие Құмшық Ата атымен байланысты айтылады. Зерттеулер Құмшык Ата мешіті 12 ғасырдан бастап халық жиналып, діни уағыздар рәсімі өтетін орын болғанын растайды.
Құмшық Ата мешітін 1973-1974 ж. Қазақ КСР мәдениет министрі мен Ғылым Академиясының Тарих, археология және этнография институтының экспедициясы (жетек. Т.Н. Сенигова) зерттеді.
1985 ж. жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2003 ж. Құмшық Ата мешіті қалпына келтіріліп, мемлекет қарауына алынған

  1. Қожа Ахмет Ясауидің ұстазы Арыстан баб кесенесі, құрылымы туралы айтып беріңіз

Аңыздар бойынша Қожа Ахмет Иасауиге алғашқы ұстаз (пір) болған Арыстан баб кесенесі Түркістаннан 70 шақырым жерде орналасқан. Арыстан баб есімі Отырар, Сайрам, Иасы өңіріндегі сопылардың рухани ұстазы ретінде кеңінен жайылған. Оның ұрпақтары да кейін Иасауи құрған сопылық ұйымдар жетекшілері болды. Арыстан бабтың әулиелігін халық мойындаған. Сондықтан зиярат етушілер бейсенбі сайын әулие басына түнеп, ғибадат етеді. Ел арасында «Арыстан бабқа түне, Қожа Ахметтен тіле» деген ұлағатты сөз бар. Арыстан баб есімі Қожа Ахметтің «Диуани Хикметінде» жиі аталады. Даналық кітабында Арыстан бабтың ұстаздық қызметі айқын байқалады. «Диуани Хикмет» бізге Арыстан бабтың тәлім-тәрбиесінің мазмұны сопылық, ал ол адамның рухани жағынан жетілу жолы екенін уағыздайды. Арыстан бабтың қабірі көне Отырар қаласы маңында. Арыстан баб кесенесі - көне Отырар жеріндегі сәулет өнері ескерткіші. Түркістан халқының арасында мұсылман дінін таратушы Қожа Ахмет Иасауидің ұстазы болған Арыстан баб ата қабірінің басына салынған. Кесене дәліз, мешіт, құжырахана, азан шақыратын мұнара сияқты жеке бөлмелерден құралған. Кешеннің ең көне бөлігі қабірхана. Қабір үстіне алғашқы белгі 12 ғасыр шамасында салынған.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет