Ахмет Ясауидің от басына нәпақасын қалай тапқаныны туралы аңызды жазып көрсетіңіз
Ясауи іліміндегі адамды азғындыққа түсіретін жол туралы өз сөзіңізбен жазыңыз
Адамдықты туралықтан айырып азғындық жолға түсіретін жаман жолдың бірі дүниеге қызығу, бірі нәпсінің жетегінде кету. Адам жүрегіне Аллаға деген махаббатты емес, дүниеге деген махаббатты орнықтырса ол адам азғын адам. Себебі дүние рахатына ұмтылған адамнан түрлі қылмыстар мен күнәларды кездестіруге болады және оның ахиреттегі өмірі жәһаннам болмақ.
Дүние үшін қам жеме, Хақтан өзгені айтпа
Кісі малын жеме қыл көпірден тұтар – деп дүние рахатына қызыққан азғындарды былай суреттейді:
Дүние менікі дегендер – малға иманын сатқандар
Құзғын құстай нәжіске белшесінен батқандар,
Молда мүфти атанып – арамнан мал тапқандар
Ақты қара қылғандар тозақта ертең жанады.
Ал нәпсіге құл болып азғын жолға түскендер залымдардың мойнына шайтан мініп азғындық үстінен азғындай беретіні анық
Ахмет Ясауи іліміндегі дертті адам, дертсіз адам туралы жазыңыз
Қожа Ахмет Яссауи кемелдікке жету үшін адамда ашқ (қуатты махаббат) пен дерт болу керек дейді. “Дертсіз адам адам емес, мұны аңла. . Дертті адамның Қожа Ахмет Яссауи іліміндегі алатын орны ерекше. Ол хикметінде “Білімің – шырақ, халің – пілте, көз жасың – жағатын май” болсын дейді. Дертті, шерлі адам пілте болып жанып, ашқ отына түсіп, қоғамның кемшілік тұстары мен ақсаған руханиятын көріп, көз жасы, қайрат-жігерімен одан шығар жол, дауа іздейді. Шынайы ашққа осы дерт арқылы ұласады. Ал ашқ кемелдікке жетелейтін күш-қуат көзі. Қожа Ахмет Яссауи ілімінде адамның жаратылыс мақсаты – Хаққа құлшылық ету (ибадат), ол “Сізді, бізді Хақ жаратты ибадат үшін” – дейді. . Қожа Ахмет Яссауи дүниетанымында “дертті адам”, “топырақ адам”, “кемел адам”, сондай-ақ, “ғарип адам” тұлғалары да дәріптеледі.Ғарип адамды кемелдік мәртебесіне жеткізіп, пайғамбардың қоғамдағы өкілі, ізбасары ретінде бағалайды.
Достарыңызбен бөлісу: |