Ясауитану пәнінің міндеттері мен мақсаты туралы жазыңыз



бет36/68
Дата26.05.2022
өлшемі16,79 Mb.
#145104
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   68
Байланысты:
Ясау толықтырылған

. Мәдениетке қызметi. Мәдениет дегенiмiз - бiр халыққа тән рухани және материалдық құндылықтары. Түркi халықтарының да өзiне тән мәдени ерекшелiктерi мен артықшылықтары баршылық. Ежелгi түркiлердiң мәдениетi көшпелi мәдениетке негiзделген немесе түркiлердiң мәдениетi – дала мәдениетi. Түркi халықтарының исламды қабылдау кезеңiнде көшпелi мәдениет пен исламдық элементтер ұштастырылды және осының негiзiнде түркi-ислам мәдениетi дүниеге келдi, яғни, исламдық және түркiлiк элементтер үйлестiрiлдi (сәулет өнерi, жазу, музыка, киiм үлгiлерi т.б.). Осы мәдениет ағымының қайнар бастауы – ясалық Ахметтiң салған ясауилiк жолы болатын. Мұсылман-түркiлiк мәдениеттiң көш басшысы атанған ясауилiк тариқатынан* түркiлiк мәдениеттi де, мұсылмандық қағидаларды да кездестiре аламыз. Сонымен ұлы бабамыздың тілімізге, дінімізге және мәдениетімізге жасаған қызметі зор.


71.Исламның пайда болуы туралы мәлімет беріңіз

72.Ахмет Ясауидің шәкірті Көк тонды ата (имам Марғузи) туралы аңызды түсіндіріп жазыңыз
Қожа Ахмет Яссауи Атаның үш шәкірті оның тапсырмасымен Үргеніш уалайатына, халқын тура жолға салуға барады. Ол жерде пәтуаларға жауап беретін екі муфти бар еді. Осы муфтилердің басшысы Имам Марғузи еді. Ол Йасыдан келген шәкірттерді шақырып алып, сұрады: - Сендер кай уалайаттан келдіңдер? Шәкірттер: - Біз Йасы уалайатынан келдік,- деп жауап берді. Имам Марғузи: - Ол жерде Ахмет Яссауи атты шайх бар ма? Ол шариғатқа қарсы жаңалықгар енгізіп жатыр деп есіттік. Шәкірттер: - Біз білмейміз. Бірақ оның 12 мың шәкірті бар, - деп жауап берді. Бұл әңгіме Яссауи құлағына жетті. Имам Маргузи болса, мен оған баруым керек деп жолға жиналды. Ол қиын деген сұрақтарды жиып, қасына қырық муфтиді ертіп, Йасы уалайатына жолға аттанды. Мұны сезген Қожа Ахмет Яссауи шәкірттеріне: - Үргеніш уалайатынан 40 муфти 3000 сұрақ дайындап әкеле жатыр,- деді. Содан кейін Сүлеймен қожаға қарап: - Сен өзің мың сұрағын алып ал! - деді Сүлеймен қожа мың сұрағын алып алды. Қожа Ахмет Яссауй Сопы Мұхаммед Данышмандқа: - Сен де мың сұрағын алып ал! - деп бұйырды. Сопы Мүхаммед Данышманд батини ілімдерден мың сұрақты алып қойды. Мұны сезген Имам Марғузи өзінің серіктеріне батини ілімдерден мың сұрақ жоғалғанын айтты. Одан кейін Қожа Ахмет Яссауи Ата Баба Машынға: - Сен мың сұрағын алып ал, - деді. Баба Машын тағы мың сұрақты алып алды. Мұны сезген Имам Марғузи: - Батини ілімдерден қалған соңғы мың сұрақ жоғалды,-деді.
Арада канша күн жүріп, олар Йасыға келеді. Олардың алдынан Қожа Ахмет Яссауи өзі шығып, олармен сәлемдесті. Имам Марғузи: - Қайсың Ахмет боласың? - деп сұрады. Қожа Ахмет Яссауи: - Біз боламыз,- деді. Имам Марғузи: - Елді бүлдіруші сенбісін? - деді. Сонда Қожа Ахмет Яссауи: - Бүгінгі күні қонақтың хақын пайдалан,- деді. Марғузиді серіктерімен үш күн қонақ қылды. Одан кейін Қожа Ахмет Яссауи Ата тұрып елді жиып, Имам Марғузиға: - Имам Марғузи орныңыздан тұрыңыз, мінберге шығыңыз. Өзіңіздің касиетті уағызыңызды айтыңыз. Халық тыңдасын,- деді. Бұл жиынға барлығы екі мың муфти, барлығы 12 мың кісі жиналып еді. Имам Марғузи мінберге шықты. Осы кезде Қожа Ахмет Яссауи Сүлеймен Бақырғаниға: - Имам сөзін бастап, "Йа, Алла, Мұхаммедті Алла жарылқасын" деп айтып болған кезде, оны тамағынан тұт. Ол сөйлей алмай қалсын,- деді. Имам Маргузи "Йа, Алла, Мұхаммедті Алла жарылқасын" деп айта бергенде, Сүлеймен қожа батини ілімнің күшімен оның тамағынан тұтты. Имам Марғузи не айтарын білмей, үні өшті. Сол кезде Қожа Ахмет Яссауи Имам Марғузиден: - Сен өзіңнің шарасыз жағдайыңды түсіндің бе, өзінді калай сезініп түрсың? - деп сұрады. Имам Марғузи мінберден түсіп Қожа Ахмет Яссауи Атаға мурид болып, мақсатына жетті /Тарих-нама/.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет