Ясауи орынбасарлары мен ізбасарлары жайлы айтып беріңіз
Қожа Ахметтiң атақты орынбасарлары мыналар: Әмір Әли Хәкім, Хасан Бұлғани (Бұлғари), Имам Мерғази (Мәруази), Шейх Осман Мағриби.
Тарихи мәлiметтерге қарағанда Ясауидiң Мирату-л-Құлуб деген шығармасын жинақтаған атақты орынбасары - Сопы Мұхаммед Данышменд Зернуки ұстазынан алған бiлiмiн отырарлықтарға насихаттаған және сол қалада дүниеден өткен.
Халық аузындағы әңгiмелерге және Диуани Хикаметке қарағанда ұлы бабамыздың жоғарыдағы орынбасарларынан өзге Машын баба (Баба Мешін) атты iзбасары болған және ол - хикметтер тәрiздi “Әрбайн”, “Қылует” атты еңбектердiң авторы, тіпті Қожа Ахметпен бірге үш рет қылуетханаға түскен деген мәліметтер де бар.
Әзіреті Сұлтанның жолын басушы атақты iзбасары - әйгілі Арыстанбабтыңұлы Мансұр ата. Халық аңыздарына қарағанда Мансұр ата ұстазынан кейiн Ахметтiң қара шаңырағына иелiк еткен, одан кейін қара шаңырақ Тәж Қожаға өткен (Бұл атақты Зеңгі бабаныңәкесі).
Түркі халқына ең танымал Ахмет Ясауидіңүшінші ізбасары – Сүлеймен Хәкім ата Бақырғани екенi баршамызға аян. Әз Ахметтің жөн сілтеуімен ол Хорасан өлкесінде софрасын жайған және Хәкiм ата - «Ақырзаман кітабы», «хазіреті Мәриям кітабы» атты шығармалардың авторы.
Аңыздық мәлiметтерге қарағанда Хәкім ата аталмыш өлкеде көптеген дәруiштер жетiлдiрген. Орынбасарлары iшiндегi аты аңызға айналған атақтысы - Зеңгі баба. Зеңгі ата – Атын Орда хандарының мұсылман болуына себепкер болған ¦зын Хасан ата, Сейіт ата, Садыр ата және Бәдір атаның ұстазы.
Әулие Челебидің мәлімдеуі бойынша Аушар Баба, Пір Деде, Ақязылы, Қыдемлі Баба Сұлтан, Гейіклі (Киікті) Баба, Абдал Мұса, Хорос Деде сияқты аталған өлкеде Ясауи дәруіштерініңқабірі көптеп кездеседі.
Сонымен қатар аңыз бойынша Жин Осман, Шейх Нүсрет, Гажгаж (Гыжгыж) Деделер - Ахмет Ясауидің шәкірттері.
Әзiретi Ахмет Ясауидің Анадолыдағы мәшһүр жолын қуушысы – Қажы Бекташ Уәлi.
атақты Шейх Хаятуллаћтың шәкiртi Ыдырыс та - Ясауи жолындағы дәруiш