Ясауитану пәнінің міндеттері мен мақсаты туралы жазыңыз


Мирату-л Қулуб шығармасы туралы жазыңыз



бет30/68
Дата26.05.2022
өлшемі16,79 Mb.
#145104
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   68
Байланысты:
Ясау толықтырылған

Мирату-л Қулуб шығармасы туралы жазыңыз

Тарихи мәлiметтерге қарағанда Ясауидiң Мирату-л-Құлуб деген шығармасын жинақтаған атақты орынбасары - Сопы Мұхаммед Данышменд Зернуки ұстазынан алған бiлiмiн отырарлықтарға насихаттаған және сол қалада дүниеден өткен. Мирату-л-Құлуб (Көңілдiң айнасы) ХІ ғасырда Шағатай тілінде көшірілген Қожа Ахмет Ясауидің тағы бір рисалесі Мирату-л-Құлуб Швецияның Упсала қаласындағы университет кітапханасының ескі жазбалар қорында сақтаулы. Көлемі 534 парақтан тұрады. Рисалені жинақтаған Қожа Ахмет шәкірттерінің бірі - Сопы Мұхаммед Данышменд Зарнуқи.Мирату-л-Құлубтың жазылу мақсаты – Қожа Ахмет Ясауидің сопылық ой-тұжырымдарын жинау болып табылады. Әйтсе де еңбекте Нежмүддин Күбра мен Сопы Мұхеммед Данышмендтің де өз ойлары мол ұшырасады. Еңбек шариғат, тариқат және хақиқат деген үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде исламдық және сопылық ахлақ, екінші бөлімде тариқат әдебі (этикасы) жайында айтылса, ал үшінші бөлімде мағрифату-л-лаћ (Аллаћты тану) турасында әңгімеленеді. Мирату-л-Құлуб еңбегінде жалпы сопылық ілімнің өзегін құрайтын «көңілдің көзін ашу», «рухани жетілу» басты мәселе ретінде қаралады. Ондағы мол ұшырасатын сопылық дүниетанымдық категориялар Ясауидің ой-пікірін тұжырымдаудың кілті ретінде қызмет еткен. Еңбекте сопылық әдебиетте жиі кездесетін «Нұр-ы Мұхаммедия», «үммү-л-әруах» категориялары, сондай-ақ адам рухының жоғарғы сапалық тазалық категориясы – «қалб-ы сәлим», дәрежелік өту сатылары – «дариялар» мәні таратыла айқындалған. Көңілдің (рухтың) тазалыққа, кемелдікке жетудегі ең негізгі шарттары мен қағидалары әдістемелік теориялық деңгейде түсіндірілген. Мирату-л-Құлуб рисалесінің Швеция Упсала нұсқасы Түркияның Стамбул қаласындағы Ислам ғылыми зерттеу орталығының «Ғылыми зерттеу журналында» жарияланған.



  1. Ясауи хикметтерінің жариялану барысы туралы өз сөзіңізбен айтыңыз

  2. Мұхаммед пайғамбар с.а.а және Ахмет Ясауи арасындағы рухани байланысты көрсетіңіз+23 ХИКМЕТ




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет