Ясауитану пәнінің міндеттері мен мақсаты туралы жазыңыз


Ясауи іліміндегі діни төзімділікке мысал келтіріңіз



бет34/68
Дата26.05.2022
өлшемі16,79 Mb.
#145104
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   68
Байланысты:
Ясау толықтырылған

Ясауи іліміндегі діни төзімділікке мысал келтіріңіз



  1. Ясауи іліміндегі «Хаққа қызмет ету» түсінігі туралы жазыңыз

Ясауи ілімінде «Халыққа қызмет ету – Хаққа қызмет ету» деген ұстаным бар. Бұл қағида қоғамға адал қызмет етуді насихаттайды, отаншылдыққа, елді сүю ге, бауырмалдық пен жанашыр лық қа, өзара құрмет пен сыйластыққа тәрбиелейді. Қожа Ахмет Яссауи ілімінде Хаққа қызмет ету халыққа қызмет етуден басталады. Ал, халыққа, ұлтына қызмет етудің шарты – топырақ сипатты болу, нәпсіні тыю. Топырақ сипатты болып, өзін халқына арнау кемелдікті білдіреді. Қожа Ахмет Яссауи кемелдікке жету үшін адамда ашқ (қуатты махаббат) пен дерт болу керек дейді. “Дертсіз адам адам емес, мұны аңла; Ашқсыз инсан хайуан жынысы, бұны тыңда”. Осы хикмет жолындағы “дертсіз адам” адамдық сезімнен жұрдай, өз ұлтының, қоғамының, Отанының алдында жауапсыз, мұңсыз, қара басының қамын күйттейтін жан. “Ашқсыз адам” – илаhи фитраттан, яғни Алла тарапынан адамға берілген құдайлық сыйдан мақрұм қалған, өзінің адамдық қадірін бағалай алмайтын, парасаттылыққа ұмтылмайтын, өзін қоршаған әлемге, адамға, табиғатқа, осының бәрін Жаратушы иеге мән бермейтін жан. Дертті адамның Қожа Ахмет Яссауи іліміндегі алатын орны ерекше. Ол хикметінде “Білімің – шырақ, халің – пілте, көз жасың – жағатын май” болсын дейді. Қожа Ахмет Яссауи ілімінде адамның жаратылыс мақсаты – Хаққа құлшылық ету (ибадат), ол “Сізді, бізді Хақ жаратты ибадат үшін” – дейді. Бұл ибадат (убудийат) – Хақты тану жолындағы ең жоғарғы мақам.

  1. Ясауидің Сүри халқымен байланысты аңызды өз сөзіңізбен жазыңыз

Садыр ата — Қожа Ахмет Ясауидың ағасы, ол әулие адам болған екен. Қожа Ахмет Ясауидің баласы жас болса да, аңға құмар болыпты. Қарасүйір тауын жайлаған бір рулы елмен Қасен шайық әулеті тау өзенінің суын үшке тең бөліп, егін егіп күн көріп жүріпті. Бірде Әзірет Сұлтанның баласы садақпен аң аулап жүргенде, оның садағының екі жебесі Қарасүйір руының құлақ арығына қадалып, суға бөгет болыпты. Қарасүйір руының сушысы неге су болмай қалды деп келсе, сағадан екі садақ оғын көреді. Төменгі жағында садақпен аң аулап жүрген Әзірет Сұлтанның баласына келіп:
— Мынау не? — депті. Бала:
— Мен білмеймін, — дегенде, әлгі сушы қолындағы кетпенмен баланың басын шауып, денесін сонда тастайды. Басын легенге салып, бетіне ақ шүберек жауып, Әзірет Сұлтанға:
— Мынау біздің Қарасүйір адамдарынан сауға, — деп алдына қояды.
— Ей, бейәдеп, піспей үзіпсіндер, — дейді Әзірет Сұлтан.
Сонда Садыр шайық қылышын суырып, тұра ұмтылғанда, Әзірет Сұлтан оны тоқтатып.

— Мен дуа етемін, барсаң риза емеспін, қылыш жұмсама! — дейді. Бұған Садыр шайық өкпелеп, Қойлақы ата жаққа кетеді.


— Егінің жұлма болсын, қауының алма болсын, көтеніңе құйрық шықсын, тұқымың сөйтіп құрысын! — деп Әзірет Сұлтан Қарасүйір әулетіне қарғыс айтқан екен. Содан олар азып-тозып кеткен.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет