Ятрогения, дәрігерлік қателер. Оларды азайту жолдары Орындаған: Анзир С


Р.А.Лурия ятрогендердің екі түрін ажыратады



бет2/3
Дата13.10.2023
өлшемі1,02 Mb.
#185169
1   2   3
Байланысты:
Ятрогения
Анзир Сабина чепец, Ñòàáèëüä³ ñòåíîêàðäèÿ êåç³íäå àóûðñûíóäû? ?çà?òû?û ??ðàéäû, Подагра, ГЭРА Сабина, ГЭРА Сабина, 655974.pptx, Анзир Сабина чепец, силлабус-каз2012-2013, 94329, Гидронефроз, Ìåäèöèíà ôàêóëüòåò³, TGUCYJTMGVCD28112023103127
Р.А.Лурия ятрогендердің екі түрін ажыратады:
Бірінші түрі науқастың ауруы ауыр органикалық аурумен емес, функционалдық бұзылыстармен сипатталады, алайда ол дәрігердің сөзін дұрыс түсінбей, өз ауруын жазылмайтын немесе ауыр деп қабылдайды.
Екінші түрі – науқаста дәрігердің абайсыз сөзінен кейін асқынатын ауыр сырқаттың болуы.
Ятрогенияның тағы келесі түрлері бөлінеді:
  • Болжамдық ятрогения – науқастың денсаулық жағдайына қатысты дәрігердің тым пессимистік мәлімдемелерімен байланысты.
  • Сестрогения - медбикенің абайсыз сөздерінен немесе әрекеттерінен туындайды.
  • Манипуляциялық ятрогения – медициналық манипуляциялармен байланысты.
  • Диагностикалық ятрогения – қате диагноздың нәтижесінде пайда болады.
  • Ятрофармакогения – дәрігердің дәрі-дәрмектерді дұрыс тағайындамауымен байланысты.
  • Зертханалық ятрогения - дәрігердің түсіндіруге, сұрақтарға жауап беруінен немесе зерттеулердің нәтижелерін ұқыпсыз түсіндіруінен туындаған бұзылыс.
  • Үнсіз ятрогения – медицина қызметкерлерінің әрекетсіздігінен пайда болады.
  • Эгогения - өзін-өзі теріс жолмен баптау, өзін-өзі жағымсыз гипноздау/самовнушение.
  • Эгротогения – науқастардың бір-біріне кері әсері.
  • Ақпараттық ятрогения – біліктілігі жоқ дәрігерден алынған сенімсіз ақпараттың салдарынан немесе науқастың өздігінен расталмаған дереккөздерден ақпарат алған жағдайында пайда болады.

Ятрогендік аурудың дамуы үшін дәрігер мінез – құлқымен қоса, науқастың тұлғалық ерекшеліктері де маңызды. Науқастардың көбі тек қана аурудан емес, сонымен қатар онымен қатарласа жүретін үрей, қорқыныш, емнің нәтижесіне сенбеу сияқты мәселерден де зардап шегеді.
Сондықтан науқас дәрігердің сөзіне, мінез – құлқына, интонациясына, ым – ишарасына баса зейін қояды. Сонымен қатар, науқастың тұлғалық ерекшелігіне және психикалық қалпының дәл осы сәттегі жағдайына байланысты медициналық қызметкерлердің сөзі мен әрекетіне әр пациент әртүрлі реакция береді


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет