Мұғалім іс-әрекетін оптимизациялауға тек қана оқытуға бағыттаушылықпен жету мүмкін емес. (Ю.К.Бабанский)
Егер оқушының іс-әрекеті назардан тыс қалған болса, педагогикалық еңбегін ғылыми түрде ұйымдастыру мүмкін емес. (И.П.Радченко)
«Педагогикалық үдеріс» деген термин ғылыми айналымға ХІХ ғасырдың екінші жартысында (П.Ф.Каптерев) енгізілгенімен, ұғымның мазмұндық сипаттамасын тек қана тұлға теориясы, іс-әрекет теориясының дамуы арқылы құбылыстарды зерттеуде жүйелілік тәсілін қолдануды қалыптастыру арқасында мүмкін болды.