Жоғары мектеппедагогиканы оқыту әдістемесінің сапасы мен тиімділігін жетілдіру міндеттерін шешудің көзі студенттердің оқу белсенділіктерін арттыру болып отыр. Оның мәні тек студенттердің оқу материалын меңгеріп қоюында ғана емес, студенттердің танымдық іс-әрекетке деген қатынасын қалыптастыруда болып табылады. Сол үшін практикада оқытудың белсенді әдістері кеңінен қолданылады.
Оқытудың белсенді әдістері – оқу материалын меңгеру үдерісіндегі студенттердің танымдық іс-әрекетін арттыруға негіз болатын оқыту тәсілдері.