Өз бетінше зерттеу қызметі. Білім алушылар проблеманы өз бетінше тұжырымдап, оны ары қарай (шығармашылық міндеттерді шешу, жобаларды әзірлеу және қорғау, курстық немесе дипломдық жұмыстар) оқытушының бақылауымен шешетін, өз бетінше зерттеу қызметі, бұл төртінші деңгейдегі өнімді қызметті–шығармашылықты, сондай-ақ ең тиімді және берік "білім-трансформацияның" төртінші деңгейін қамтамасыз етеді.
Кейс-стади ӘДІСІ
Сase-study әдісі немесе нақты жағдаят әдісі (ағыл.тілінен case – оқиға,жағдаят) – оқытуға негізделген нақты жағдаятты (кейсті) шешу әдісі. Сase-study әдісінің тікелей мақсаты - жағдаятты студенттердің саралап және топпен талқылаудың нәтижесінде оның тәжірибелік шешімін табу. Кейстің шешімінің мазмұны ұсынылған алгоритмді бағалауға негізделген және ұсынылған мәселенің мән мазмұнындағы ең дұрыс шешім.
Кейс-әдісінің негізгі міндеті – жүйелі түрде талдау жүргізу, мәселелер және қабылдауларды дәлелді шешу.