Жоғары оқу орындарында жиі қолданылатын әдістердің бірі – ойын әдісі.Ойынның интерактивтік және басқа да бірқатар ерекшеліктері оның адамның білім мен білікті терең меңгеруінің бір тәсілі ретіндегі орнының жоғары екенін көрсетеді, сондықтан оны өзін-өзі тану сабақтарында кеңінен қолданған тиімді саналады. Ойын әлеуметтік-мәдени феномен ретінде жеке тұлғаның құндылық бағдарын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Ойынның ең басты қызметі – жеке тұлғаны дамыту.
Ойынның тағы бір ерекше қызметі – тұлғааралық қарым-қатынасты дамытуы: шиеленістерді шешуі мен сезімдерді жеткізудің құралы болуы.