ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра тізімінде Қазақстанның 5 нысаны бар. Үш нысан тізімге мәдени талаптар бойынша енгізілсе, екеуі табиғи талаптар бойынша іліккен. Бұдан басқа, 2017 жылы Қазақстан территориясындағы 14 нысан Әлемдік мұра тізіміне үміткер ретінде тіркелген. Қазақстан Республикасы әлемдік мәдени және табиғи мұраларды қорғау жөніндегі Конвеницияны 1994 жылдың 29 сәуірінде ратификациялаған, яғни бекіткен. Қазақстан территориясындағы орналасқан алғашқы нысан тізімге 2003 жылы ЮНЕСКОның Әлемдік мұра Комитетінің 27-ші сессиясында қабылданған.

Сонымен Қазақстанның 4 нысаны ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра тізіміне енгізілді. Оларға Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Тамғалы петроглифтер кешені, Сарыарқа – солтүстік Қазақстан көлдері мен жазықтары, сонымен қоса, Чанъань-Тянь-Шань дәлізі желісіндігі Ұлы Жібек Жолы жатады.
ЮНЕСКОдағы Әлемдік мұра нысандарындағы Қазақстан объектілері тізімі
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі (2003 ж бастап)
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі (2003 ж бастап)
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі Оңтүстік Қазақстандағы Түркістан қаласында орналасқан. Ол ХІV-ші ғасырдың аяғы мен ХV-ші ғасырдың басында Әмір Темірдің тұсында салынған. Әлі аяқтала қоймаған ғимараттың құрылысына Орта Азиялық сәулетшілер Тимурид империясының астанасы Самарқандты тұрғызғанда қолданған жаңашыл сәулет-құрылыс әдістер пайдаланады. Бүгінде, кесене сол дәуірдің ең маңызды және жақсы сақталған ғимараттарының бірі болып келеді.
Бұл орасан зор ғимарат Шығыста атағы шыққан ХІІ ғасырда өмір сүрген көне түркі ақыны және сопылық уағыздаушы Қожа Ахмет Ясауидың құрметіне тұрғызылған. «Ясауи» сөзі «Яссыдан», яғни «Яссы қаласынан» дегенді білдіреді. Яссы ертедегі Түркістан қаласының атауы. Қала - кең-байтақ Дешті Қыпшақ өңіріндегі түркі тілдес халықтарының рухани-саяси орталығы болып, екі ғасыр бойы қазақ хандығының астанасы болып келді.
Қожа Ахмет Ясауи кесенінен бөлек, ғимараттың ішіне – ортағасырлық монша, әулиелер тұрған жерасты мешіті, Әмір Темірдің немересі Рабия Сұлтан Бегімнің кесенесі және басқа да ескерткіш мұралары кіреді.