Юриспруденция кафедрасы


Қоғамдық және заң ғылымдарының жүйесінде жалпы теорияның алатын орны



бет10/61
Дата18.06.2022
өлшемі1,18 Mb.
#146739
түріСеминар
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   61
Байланысты:
Юриспруденция кафедрасы

3.Қоғамдық және заң ғылымдарының жүйесінде жалпы теорияның алатын орны. Әлемнің материалдық және рухани тұтастығы мен бірлестігі дүние жүзіндегі берлық ғылымның өзара байланысын дәлелдейді. Әсіресе бұл өзара байланыс қоғамдық ғылымдар арасында жақсы қалыптасқан. Бұл ғылымдар қоғамды, адамды,олардың арақатынасын, сана – сезімін зерттейді. Зерттеудің негізгі мақсаты – адамның бостандығы, құқығы, қадір – қасиеті, ар – намысы.
Қоғамдық өмірдің ең өзекті мәселесі – мемлекет пен құқықтың маңызы – олардың алатын орны. Бұл проблемаларды жалпы теория қоғамдық ғылымдардың басқа түрлерімен (философия, экономика, социология, палетология т.б.) бірігіп зерттеп отырады.
Философия адамзаттың дүниедегі алып отырған орны анықтап, соның негізінде адамның дүниеге деген танымдық, құндылық, этикалық және эстетикалық қатынастарын зерттейді. Философия дүниеге теориялық тұрғыдан көз жіберіп, ерекше логикалық, танымдық критериилерге сүйене отырып, адамның дүниеге деген көзқарасын тұжырымдайды.
Экономикалық ғылым қоғамның экономикалық базисін, өндірістік қатынастарды, өндіруші күштерді меншіктің түрлерін зерттеп, олардың қоғам дамуындағы маңызын жан – жақты анықтап отырады.
Тарих - адамзат қоғамның өткен дәуірлерін барлық қырынан жан – жақты зерттеп, көптеген тәжірибе жинақтады, соның ішінде мелекет пен құқықтың пайда болуы, дамуы, қоғамды басқару заңдылықтары.
Социология қоғамның әлеуметтік жағдайының дамуы, оны басқару әдіс – тәсілдерін, адамдардың әлеуметтік тәртібін қатынастарын зерттейді.
Барлық қоғамдық ғылымдар өз тұрғысынан адамзаттың тарихын зерттеуге үлес қосқан. Бұл ғылымдардың жүйесінде мемлекет пен құқық теориясының алатын орны өте жоғары. Заң ғылымы мемлекет пен құқықты жете танитын ғылым болып ХІХ – ғасырдың ортасында. Ол төрт топқа бөлінеді:
1). Жалпы теория – мемлекет пен құқықтық қоғамды реттеп, басқаруын, мазмұның, қағидаларын, белгі нышандарын, функцияларын, зерттейді.
2). Мемлекет пен құқықтың, құқық пен саясаттың тарихи даму процесін зерттеу пәндері. Шет мемлекеттерінің тарихы.
3). Салалық заң ғылымдары: азаматтық, қылмыстық, әкімшілік, конститутциялық, қаржы, отбасы т.б. құқықтар.
4). Арнаулы заң ғылымдары: криминалистика, соттық медицина, психиатрия т.б.
Мемлекет және құқық теориясы заң ғылымының барлық саласының объективтілік даму заңдылықтарын, бір бірімен байланысын зерттеп, жалпыламы тұжырымдар жасап отырады. Бұл тұжырымдарды салалық ғылымдар пайдаланып отырады. Ал жалпы теория салалық ғылымдардың жетістіктерін пайдаланып, жалпы заң ғылымының негізін дамытып отырады.
Сонымен, жалпы теория барлық заң ғылымының салаларын біріктірушісі, негізін құраушы, дамытушы жетекші ғылымға айналып отыр. Адам қоғамы диалектикалық даму процесінде болғандықтан ғылымның міндеттеріде өзгеріп, толықтырылып жаңарып отырады.
Қазіргі заманда еліміз нарықты экономикаға көшіп жатқанда Қазақстан мемлекеті заң ғылымының бағыты да, функциясы да күрт өзгерді. Жаңа өмірге сай ғылым өзінің жұмысын қарқынды түрде жүргізіп, жаңа қоғамның тілектеріне, мүдделеріне сәйкес ғылыми зерттеулер, қорытындылар жасауға тиіс. Адам қоғамының тарихын, даму процесін, мазмұнын, болашағын зерттейтін пәндерді қоғамдық ғылым деп атайды. Олар қоғамды жан – жақты ғылыми зерттеу тұрғысынан зор үлес қосады. Бұлардың ішінде мемлекет және құқықтық теориясна кеңірек көңіл бөлетін философия, саяси экономия мен тарих. Қоғамдық ғылымдар кейбір күрделі мәселелерді бірлесіп зерттейді, олар қоғамның жалпы объективтік даму заңдылықтарын, бір – бірімен байланысын қоғамдағы саяси – экономикалық, мәдени - әлеуметтік, мемлекеттік – құқықтық құбылыстарды ғылыми тұрғыдан зерттеп, дамытып отырады. Бұл мәселелерді, құүбылыстарды ғылым қоғамының өткен дәуірінде, қазіргі кезеңде болашақта қалай дауға тиісті. Міне үш дәуірде қоғамның диалектикалық даму процесін, сан қырлы өзгеріс құбылыстарын зерттеп қортынды ғылыми тұжырымдар жасап отырады. Қоғамның болашағын ғылыми тұрғыдан болжап қорытынды ұсыныстар беріп отырады. Бұл процесте қоғамдық ғылымдар табиғи нақты ғылымдар бірлесіп зерттеулер жүргізеді. Өйткені әлемнің материалдық және рухани тұтастығы мен бірлестігін ескере отырып, дүниежүзіндегі барлдық ғылымдар бірлеспейінше, ғылыми – техникалық өрлеу болашақ емес.
Кооперациясыз материалдық, қаржылық, табиғи ресурстарды үнемді, тиімді пайдалануға және оның өнімді технологиялық процесін қалыптастыруға мүмкіншілік болмайды. Ғылымның бірлестігі олардың дербестігіне нұқсан келтірмейді. әр ғылым табиғаттың және қоғамның объективтік даму процесін өз тұрғысынан зерреп, ғылыми тұжырымдар жасап отырады. Мысалы, мемлекет пен құқық қоғамдағы барлық қарым – қатынастарды реттеп, басқарып, заңдылықты, тәртіпті жақсартып, демократияны дамытып, қоғамның сапалы саяси экономикалық, мәдени - әлеуметтік дамуын қамтамасыз етеді.
Қоғамдық ғылымдардың, оның ішінде заң ғылымының адамзаттың бірлестігін дағдарысқа ұшыратпай, прогресстік жолмен дамытуда үлес мол және баға жетпейтің маңызды күш деуге болады.
Жалпы теория өзінің ғылыми зерттеуінде бір өлкенің, бір мемлекеттің, бір елдің шеңберімен шектелмейді. Ол өз жұмысында көптеген елдің, көп мемлекеттердің тәжірибесін қамтып, байланыстырып зерттеу арқылы ғылыми қорытынды жасайды. Жалпы теорияның бұл қорытындалары дүниежүзілік заң ғылымының жетістіктерімен, жаңалықтарымен сәйкес, қалыптасып отыруы керек.
Сонымен, жалпы теория барлық заң ғылымдарының негізін құрайшы, дамытушы, нұсқаушы, біріктіруші жетекші ғылым. Жалпы теория заң ғылымдарының жалпы, арнаулы, көрсетіп отыратын ғылым. Осы көрсетілген бірлік болмаса, бағыттар анықталмаса, зерттеуге нышан келтіріп, ғылымның дамуына кемшіліктер пайда болады. Осы кемшіліктерді болдырмау жалпы теорияның бірден – бір міндеті.
Адам қоғамы диалектикалық даму процесінде болғандықтан қоғамдық ғылымдардың міндеттеріде өзгеріп, толықтырылап, анықталып отырады. Бұл жұмыс заң ғылымында жалпы теорияның міндеті.
Қазіргі заманда еліміз нарықты эклномикаға көшіп жатқанда, егеменді, тәуелсіз Қазақстан Республикасы өмірге келгенде жалпы теорияның ғылыми мазмұны, функциясы күрт өзгерді. Жаңа өмірге сай ғылым өзінің жұмысын қарқынды түрде жүргізіп, жаңа қоғамның тілектеріне, мүдделеріне сәйкес ғылыми зерттеулер, қортындылар жасауға тиіс.
Ғылымды бір идеологияның шеңберінде жүргізудің зияны. Қоғамның барлық саласының мазмұның тұсініп – білу үшін ғылымға бостандық керек. Оны саясатпен, идеологиямен бұғаулауға болмайды. Ғылым еркін болған жерде ғана дұрыс, қарқынды дамып, жақсы нәтиже береді. Ғылымның даму процесінде толып жатқан нышандар да кездеседі: саяси, идеологиялық, мемлекеттік, құқықтық шектеу, қаржы жетпеу, материалдық базасы нашар болу. Мамандықтардың жетіспеуі т.б.
Ғылымға зор зиян келтіретің кедергілер:

  • зерттеуді бір саясаттың, бір идеологияның шеңберінде жүргізу;

  • таптық, партиялық тұрғыдан жүргізу;

  • кеңестікке шеңбер қою (шетелмен қатынасқа, ғылыми алмасуға, зерттеуге тыйым салу).

Бұл кедергілердің себептері:

  • халықты тапқа, мемлекеттерді топқа, блокқа бөлу;

  • дүниежүзілік, жалпы халықтық проблемаларды ескермеу;

  • демократияның, бостандықтың шектелуі;

    • ғылымда екі жүйеге бөлу.

Бұл саясаттың зияны:

    • қоғамдағы толып жатқан ғылым бағыттары сапалы, нәтижелі дамымады. Қаржының басым үлесі себепсіз қорғанысқа бөлініп отырады;

    • ғылыми – техникалық прогресс біздің елде нашар дамыды;

    • ғылыми – техниканың жетістіктері көп жылдар тәжірибеде қолданылмай мемлекеттің шығының өсірді.

Осының бәрі бірігіп, елімізді саяси, экономикалық, әлеуметтік дағдарысқа ұшыратты.
Кеңестер Одағы ыдырап, тәуелсіз мемлекетттердің достастығы ( ТМД ) құрылып, Қазақстан тәуелсіз Республикаға қолы жетіп, өзінің Конституциясын қабылдады.Өткен тәуелсіздіктің сегіз жылдығы республика тарихында ерекше кезеңге айналды.
Біз мемлекеттік тәуелсіздігіміздің сегіз жылын және экономикалық дербестігіміздің бес жылын атап өттік. Дағдарыстан шығу бағытында осы уақыт ішінде экономикалық, саяси және қоғамдық өмірдің барлық салаларында белгіленген түбегейлі реформалар жолымен ұдайы ілгерілей түскеніміз байқалады.
1998 жыл біздің республика үшін соңғы жеті жыл ішінде Қазақстанда өндірістің құлдырауын тоқтатудың сәті түскен тұңғыш жыл болды. Оның үстіне өткен (1998) жылы өнеркәсіп өнімін шығару жарты процентке ұлғайды, ал ауыл өндірісі жеті процентке өсті.
Көптеген басқа елдерге қарағанда бұл жылдардың Қазақстан үшін азаматтық тыныштық, ұлтаралық тұрақтылық және рухани келісім уақыты болды
Қазақстан Республикасының қазіргі Конституциясының кіріспе бөлімі ақиқатпен толық үйлесім таба үндесіп тұр: «Біз ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік құра отырып, өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып, Қазақстан демократиялық мемлекетін құрамыз!»
Республика қызметінің түбегейлі принциптері: қоғамдық, татулық пен саяси тұрақтылық; бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен, оның ішінде републикалық референдімда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу.
«Қазақстан Республикасы өзінің егемендігін, тәуелсіздігін қалыптастырып дүниежүзілік қауымдастықты дамытуға, нығайтуға өз үлесін қосуда. Қазақстан мемлекеті халық аралық құқықтың принциптері мен нормаларын құрметтей отырып, мемлекеттер арсында ынтымақтастық пен тату көршілік қарым –қатынас жасау. Олардың теңдігі мен бір – бірінің ішкі істеріне араласпау, халық аралық дауларды бейбіт жолмен шешу саясатын жүргізеді, қарулы күшті бірінші болып қолданудан бас тартады», - деп Конституцияда көрсетілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет