Әкімшілік құқық- билік пен бағыну негізінде құрылған және ұйымдастыру жұмысын қамтамасыз ететін мемлекеттік басқару органдарының атқару-өкімдік қызметі аясындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Мемлекеттік қызмет-азаматтардың мелкеттік органдар мен олардың аппарттарында конституциялық негізде жүзеге асырылатын және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыруға, мемлекеттің өзге де міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған кәсіби қызметі;
Мемлекеттік лауазым-мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілермен белгіленген лауазымдық өкілеттік пен лауазымдық міндеттердің ауқымы жүктлген құрылымдық бірлігі;
Лауазымды адам- ұдайы, уақытша немесе арнайы өкілеттік бойынша өкімет өкілінің міндеттерін жүйеге асыратын не мемлекеттік органдарда ұйымдастырушылық-өкім берушілік немесе әкімшілік-шаруашылық қызметтерді орындайтын адам;
Лауазымдық өкілеттілік- заңдарда белгіленген құқықтары мен негізгі міндеттері бар мемлекеттік қызметшілер өз қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың алдында тұрған мақсаттар мен міндеттерге жауап беретінін, нақты мемлекеттік лауазыммен көзделген өкілеттік.
Мемлекеттік әкімшілік қызметші- мемлекеттік саяси қызметшілердің құрамына кірмейтін, мемлекеттік органда тұрақты кәсіби негізде лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратын мемлекеттік қызметші;
Мемлекеттік әкімшілік қызмет санаты- мемлекеттік әкімшілік қызметшілер атқаратын, лауазымдық өкілеттіктің көлемі мен сипатын көрсететін әкімшілік лауазымдар жиынтығының саралаушылық сипаттамасы;
Мемлекеттік саяси қызметші- тағайындалуы, босатылуы және қызметі саяси-айқындаушы сипатта болатын және саяси мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін жауап беретін мемлекеттік қызметші.
Біліктілік талаптары- мемлекеттік әкімшілік қызметті атқаруға үміткер азаматтарға оның кәсіби даярлығының деңгейі, құзіреттілігін және нақты әкімшілік қызметке сәйкес келуін анықтау мақсатында қойылатын талаптар;
мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді аттестациялау, жұмыс уақыты, мемлекеттік қызмет өткеру.