МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫ ПӘНІ БОЙЫНША ҚЫСҚАША ДӘРІСТЕР КУРСЫ 1-ДӘРІС МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫНЫҢ ПӘНІ ЖӘНЕ ТҮСІНІГІ Мақсаты: Мемлекет және құқық теориясы пәнінің құқықтық білімнің бастамасы екендігін студенттерге түсіндіре отырып, оның әдістері, жүйесі туралы толық мағлұмат беру.
Жоспар:
Мемлекет және құқық теориясының пәні, оның мазмұны.
Мемлекет және құқық теориясының әдісі, оның мазмұны.
Қоғамдық және заң ғылымдарының жүйесінде жалпы теорияның алатын орны.
1.Мемлекет және құқық теориясының пәні, оның мазмұны Әр ғылымының өз саласында обьективті ақиқатқа жетуге, заңдылықтарды бейнелеуге және алдын ала болжауға арналған, жүйелі түрде құрылған мәселелері болады. Сол мәселелер ғылыми тұрғыдан зерттеліп, тұжырымдалып, ғылымның пәніне – предметіне айналады. Мемлекет және құқық теориясы – қоғамдағы саяси – экономикалық, мәдени- әлеуметтік құбылыстарды зерттеп, қоғамдық өмірдегі қарым- қатынастарды реттеу, басқару әдіс – тәсілдерін, объективтік заңдылықтарын анықтап отыратын ғылым. Жалпы теория мемлекетпен құқықтың өмірге келу, даму зыңдылықтарын, мақсатын, мазмұнын, құрылысын, нысанын, қағидаларын, белгі- нышандарын, фунцияларын зерттейді.
Жалпы теорияның пәні қоғам мен мемлекеттің арсындағы сан қырлы, күрделі қарым- қатынастарды, қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің алатын орнын, маңызын, азаматтық қоғам мен мемлекеттің өзара байланысын, адамдардың сана – сезімін, оның қоғамдағы маңызын, мемлекеттің болашағын, құқықтық мемлекет қалыптастыру бағыттарын зерттеп, қорытынды тұжырымдар жасап отырады.
Мемлекет пен құқықты бір - бірінен айыруға болмайды. Олар объективтік тұрғыдан тығыз байланыста бірлесіп дамитын ғылым. Бірақ олар бір ғылымға жатқанымен, әрқайсысының нақты бағыттары болады. Мемлекет қоғамның саяси- экономикалық құрылысымен шұғылданады, құқық – нормативтік актілер жүйесін қалыптастырады.
Осы бірлестік пен дербестік олардың мазмұнын, мақсатын, қызметінің әдіс – тәсілдерін, функцияларын жан – жақты зерттеуге, жаңартуға, дамытуға мүмкіншіліктер береді. Мемлекет пен құқықты тереңірек зерттеп білуге жағдай туады.
Заң ғылымы өткен дәуірде (алғашқы қоғамда, құл иелену, феодалдық, буржуазиялық формацияларда), қазіргі кезеңде, болашақта мемлекет және құқықтың қоғамды басқарудағы объективтік және субъективтік заңдылықтарын, әдіс –тәсілдерін зерттейді. Осы үш дәуірде болған және болашақ қоғамның, мемлекет пен құқықтың өздерінің даму процессінде болған жақсы тәджірибелерді жинақтап, қорытынды тұжырымдар жасалып отырады.
Мемлекет және құқық теориясының пәні – адам қоғамының өмірдегі құбылыстардың, мемлекет пен құқықтың өмірге келу, даму объективтік заңдылықтары мен олардың мәні – маңызы, құрылымы және мақсаты. Бұл түсіндірме үш тараудан тұрады:
қоғамының қалыптасу, мемлекет және құқықтың өмірге келу заңдылықтары;
қоғамның, мемлекеттің, құқықтың даму заңдылықтары;
Мемлекет және құқық теориясы іргелі де терең ғылым ретінде бірнеше фунциялар атқарады:
Онтологиялық фунция – (грек... шын білім) адам қоғамының тұрмысын, оның қағидаларын, құрылымын, даму заңдалақтарын зерттеу. Бұл зерттеу арқылы мемлекет пен құқықытың өмірге келуін, дамуын, болашағын білуге мүмкіншілік қалыпстасады.
Гносеологиялық фунция – (грек... білім, теория) таңым теориясы арқылы мемелкет және құқықтың құрылымын, маңызын, мақсатын білуге болады.
Эвлистикалық функция – (грек... табу) заң ғылымының барлық саласында зерттеудің әдіс – тәсілдерін жетілдіріп, қоғамдағы құбылыстардың даму процессінің жаңа заңдылықтарын табу, ашу.
Әдістемелік функция – мемлекет және құқық теориясы заң ғылымы салаларының талаптарына сәйкес жалпы әдістемелік ғылыми тұжырымда жасап, ғылымының жақсы дамуына жағдай жасау.