Юриспруденция кафедрасы



бет14/61
Дата18.06.2022
өлшемі1,18 Mb.
#146739
түріСеминар
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   61
Байланысты:
Юриспруденция кафедрасы
Түйіндеме, қылмыс саты, ZG2022-7, century, famous teenagers you admire, пульмо, нефро каз, геронтология ж не гериатрия кітап, Геморрагические заболевания у детей
1. Мемлекеттік биліктің ұғымы және Қазақстан Республикасында оны ұйымдастырудың қағидаттары. Мемлекеттік билік бұл мемлекеттік-құқықтық құралдар, әдістер мен тәсілдер жүйесі. Осылардың көмегімен билік етуші субьектілердің ерік-жігері іске асырылады немесе қоғам өмірінің экономикалық, әлеуметтік және рухани салаларын басқару жүзеге асырылады. Билік мемлекеттік буындар жүйесі арқылы көрінеді. Мемлекет органы дегеніміз – белгіленген тәртіппен құрылған азаматтар ұжымы, ол біріңғай мемлекеттік аппараттың бөлігі болып табылады. Оған мынадай белгілер тән: бірінішден, орган мемлекет орнатқан тәртіпте құрылады; екіншіден, органға мемлекет өз міндеттері мен қызметін жүзеге асыруы үшін уәкілеттік береді; бұл орайда ол жекелеген қызметті де, қызметтер жиынтығын да орындауы мүмкін; үшіншіден, органға мемлекеттік билік берілген. Ол басқа мемлекеттік органдар, лауазымды адамдар, азаматтар орындауға тиісті міндетті актілер шығара алады және өздері шығарған актілердің орындалуын қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мемлекеттік қызметті іске асыру нысаны бойынша - өкілді, атқарушы, сот, прокуратура және өзге де бақылаушы-қадағалаушы органдарға бөлінеді. Бұл органдар заң швғарушы, атқарушы және сот билігіне бөлу қағидатына негіздлген; дәрежесіне қарай – орталық және жергілікті болып жіктеледі, өкілеттіктің мерзімі бойынша – тұрақты және уақытша; құзыретін жүзеге асыру тәртібі бойынша – алқалы (Парламент) және дара (Президент) басшылы; қызметінің құқылық нысаны бойынша – құқық шығарушы, құқық қолданушы және құқық қорғаушы; құзіретінің сипатына қарай – жалпы (Үкімет) және арнаулы(министрліктер) органдар болып бөлінеді. Билікті бөлу қағидаты Конституцияның Президент (ІІІбөлім), Парламент(ІVбөлім), Үкімет(Vбөлім), және соттар (VІ бөлім) мәртебелерін белгілейтін нормаларда іске асырылып нақтыланған. Бұл қағидаттардың мазмұны олардың өзара іс-қимыл жасау қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылуын білдіреді.
2. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік органдарының жүйесі. Жоғары аталған өлшемдер негізінде мемлекеттік билік органдарының мынадай төрт негізгі түрі ерекшеленеді: Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қазақстан Республикасы соттарының жүйесі. Осы органдардың бәрі жинақтала келе Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік органдарының біріңғай жүйесін құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет