Юриспруденция кафедрасы


Мемлекеттiк билiк әлеуметтiк билiктiң ерекше түpi ре­тінде



бет12/61
Дата18.06.2022
өлшемі1,18 Mb.
#146739
түріСеминар
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   61
Байланысты:
Юриспруденция кафедрасы

2. Мемлекеттiк билiк әлеуметтiк билiктiң ерекше түpi ре­тінде. Мемлекеттiк билiкке сипаттама берместен бұрын әлеуме­ттік билiкке аныктама берiп алу кажет. Әлеуметтiк билiк- бұл адамдардың кез-келген бiрiгуiне тән устемдiк пен багынушылык қатынастары. Бұл кезде бip тұлғалардын - билiк құрушылардың еркі мен әрекеттерi баска тұлғалардын - бағынушылардың – epкі мен әрекеттерiне үстемдiк құpaды. Әлеуметтiк билiк кез-келген ұйымдacқaн, белгiлi бip дәрежеде тұрақты адамдар тобына - руға, тайпаға, отбасына, қоғамдык ұйымға, партияға, мемлекетке, қоғамғa және т.б. тән.
Мемлекеттiк билiк әлеуметтiк билiктiң ерекше бiр түpi ретiнде көрініс табады. Бұл мемлекеттiк мәжбүрлеуге сүйенген, субъек­тілер арасындағы үстемдiк және бағынушылык сипаттағы бұқаралық-саяси қатынас.
Мемлекеттiк билiктiң ерекшелiктерi:

  1. Бұқаралық билiк. Ол бүкiл қоғамның, халықтың атынан қызмет етедi және өз қызметiнде бұқаралық, негiзге – казына мүлкіне, өз кipicтеріне, салықтарға ие.

  2. Аппараттық билік. Ол аппаратка. мемлекетгiк органдар жүйесіне сүйенедi және олара арқылы жузеге асырылады.

  3. Заң қолдайтын билік. Сол себептi. ол аппарат пен заң нормаларының көмегімен елдегi барлык халық үшiн мiндеттi сипатты иеленеді.

  4. Егемендi билiк- ол кез-келген билiктен дербес және тәуелсiз.

  5. Заңдастырылған билiк. Яғни, ал заңды негiздi және қоғамдык тануды иеленген.

Мемлекетте енбек бөлiнiсi болған жағдайда ғана, яғни, ерекше қызмет түpiнe негiзделген дербес билiк түрлерi қалыпасқан жағдайда ғана, мемлекеттiк билiктiн тиiмдiлiгi артады. Мұндай билiктiң үш тypi бар: заң шығарушы билiк, атқарушы билiк және сот билiгi.
3. Мемлекеттiң мәнi. Мемлекеттiң мәнін түсіну мемлекетжәне құқық теориясының негiзгi мiндеттерiнiң бiрi болып табылады. Мемлекеттiң мәні - бұл онын- мазмұнын, мақсаттарын, қызмет eтуін анықтайтын басты қасиетi. Мемлекеттiң мәнін бұл түсініктің кен және тар мағынасында анықтауға болады.
Кең мағынада мемлекеттiң әлеуметтiк мәнін билiктiк-саяси ұйымдасқан қоғам, құқықтық заңдарға бағынған көптеген адамдар бiрлестiгi ретiнде анықтауға болады. Мұндай бiрлестiктердiн тұтастығы сәйкес мемлекеттiк-құқықтық институттар мен қатынастарда көрінic тапқан бұқаралык-билiктiк құрылымдар негiзiнде калыптасады.
Тар мағынада мемлекеттiң әлеуметтiк табиғатын қоғамнан бөлектенген, жекелеген таптар мен әлеуметтiк топтардың да, қоғамның да мүддесiн бiлдiрушi әpi қорғаушы басқару аппараты, бұқаралык билiктiң әр түрлi мекемелерiнiң жүйесi ретiнде анықтайды.
Жоғарыда аталғандардың негiзiнде, мемлекеттiн мәнін қарастыруда екі аспектiнi ескерудiң маңызы зор:
1) формальды - кез-келген мемлекеттiң саяси билiктiң, ұйымы екендігі;
2) мазмұнды - осы ұйымның кімнің мүдделерiне кызмет ететiндiгi.
Мемлекеттiң мәнiн aнықтayдa келесi бағыттарды атап өтуге болады:

  • таптық, бұған сәйкес мемлекеттi экономикалық, үстемдiк құрушы топтың саяси билiгiнiң ұйымы ретiнде анықтауға болады;

  • жалпы әлеуметтiк, бұған сәйкес мемлекеттi әртүрлi таптар мен әлеуметтiк топтардың мүдделерiн ескеру үшiн жағдай жасайтын саяси билiктiң ұйымы ретiнде анықтауға болады.

Сонымен, мемлекеттiн мәнi саяси билiк аппаратынын көмегімен қоғамның тұтастығы және қалыпты қызмет eтуін қамтамасыз етуден көрiнедi.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет