Юриспруденция кафедрасы



бет48/61
Дата18.06.2022
өлшемі1,18 Mb.
#146739
түріСеминар
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   61
Байланысты:
Юриспруденция кафедрасы

1. Қажетті қорғану. Құқық бұзушылықпен күресу мемлекеттік органдардың ғана емес, сонымен қатар әрбір азаматтың моральдық борышы болып табылады. Азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын, меншік құқықтарын, мемлекеттік мүд­делерді қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылықтан қорғау, олармен күресу барысында кейбір адамдар мемлекеттік, қоғамдық және жеке адамдардың мүдделеріне зиян келтіруі әбден мүмкін. Қажетті қорғану Қазақстан Республикасының Конституциясының 13-бабында: «Әркім құқық субъектісі ретінде танылуға құқы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғануға хақылы» - деп атап көрсетілген.
Қажетті қорғану қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстерде арнайы, нормамен берілген. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 32-бабы қажетті қорғануды мына мағанада бекіткен: «Қажетті қорғану жағдайында қол сұғушы адамға зиян келтіру, яғни қорғанушының немесе өзге бір адамның жеке басын, тұрған үйін, меншігін, жер учаскесін және басқа да құқықтарын, қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қоғамдық қауіпті қол сұғушылықтан қол сұғушыға зиян келтіру жолмен шегінен асып кетушілікке жол берілмеген болса, ол қылмыс болып табылмайды».
Аса қажеттілік — жағдайында жасалған әрекеттер де қыл­мыс, немесе басқа әкімшілік құқық бұзушылығына жатпайды. «Аса қажеттілік жағдайында, яғни, осы адамның немесе өзге де адамдардың өміріне, денсаулығына, құқықтары мен заңды мүдделеріне, қоғамның немесе мемлекеттің мүдделеріне тікелей қатер төндіретін қауіпті жою үшін, осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтіру, егер бұл қауіпті өзге құралдармен жою мүмкін болмаса және бұл орайда аса қажеттілік шегінен асуға жол берілмесе, әкімшілік құқық бұзушылық болып табылмайды». (Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 40-бабы).
Мұндай норма Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 34-бабында да бекітілген. «Осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге аса қажет болған жағдайда зиян келтіру, яғни белгілі бір адамның немесе өзге де адамның өміріне, денсаулығына, құқықтары мен заңды мүдделеріне, қоғамның немесе мемлекеттің мүдделеріне тікелей қатер төндіретін қауіпті басқа амалдармен жою мүмкін болмаса және бұл орайда аса қажеттілік шегінен шығып кетушілікке жол берілмесе, қылмыс болып табылмайды». Мысалы, бағасы 400 мың доллар тұратын асыл тұқымды бұқа кенеттен сауыншы әйелді сүзуге ұмтылды. Бұл жағдайды көрген бақташы әйелдің өмірін сақтап қалу үшін бұқаның бетін қайтару мақсатында оны айырмен шаншып өлтірді. Бұл жерде бұқа қанша асыл тұқым, қымбат болғанмен адам өмірі одан да қымбат болып табылады.
Қол сұғушылық жасаған адамды ұстау кезінде зиян келтіру — қылмыс жасаған адамға оны мемлекеттік органдарға жеткізу және оның жаңа қол сұғушылық жасау мүмкіндігін тыю үшін ұстау кезінде зиян келтіру, егер мұндай адамды өзге амалдар­мен ұстау мүмкін болмаса және бұл орайда осы үшін қажетті шаралар шегінен шығуға жол берілмесе, қылмыс болып табылмайды (Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 33-бабы). Қылмыскерді ұстау кезінде тек ғана оның өзіне ғана зиян келтіріледі.
Орынды тәуекел ету Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 35-бабында жауапкершіліктен босатудың негізі деп танылған. Атап айтқанда қоғамдық пайдалы мақсатқа қол жеткізу үшін орынды тәуекел еткен ретте... Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтіру қылмыс болып табылмайды.
Егер аталған мақсатқа тәуекелмен байланыссыз іс-әрекетпен (әрекетсіздікпен) қол жеткізілмейтін болса және тәуекелге жол берген адам ..қорғалатын мүдделерге зиян келтіруін болғызбау үшін жеткілікті шаралар қолданса, тәуекел орынды деп танылады.
Егер тәуекел ету адамдардың өміріне немесе денсаулығына көрінеу қатер төндіруге, экологиялық апатқа, қоғамдық күйзеліске немесе өзге де ауыр зардаптарға ұштасатын болса, тәуекел ету орынды деп танылмайды.
Күштеу немесе психикалық мәжбүрлеу - егер күштеп мәжбүрлеудің салдарынан адам өзінің іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) ие бола алмаса, күштеп мәжбүрлеудің нәтижесінде ... Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтіру қылмыс болып табыл­майды (Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі, 36-бап).
Бұйрықты немесе өкімді орындамауда өзі үшін міндетті бұйрықты немесе өкімді орындау жөнінде іс-әрекет жасаған адамның... Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтіруі қылмыс болып табылмайды. Мұндай зиян келтірілгені үшін заңсыз бұйрық немесе өкім берген адам қылмыстық жауапқа тартылады (Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 37-бабы).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет